Фармакология


Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілер



бет143/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілер
(антиангинальды дәрілер)
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА, коронарлық (тәжді) жеткіліксіздік) – атеросклероз немесе коронарлы артериялар тарылуы салдарынан, жүректің оттегіне қажеттілігі мен оның оттегімен қамтамасыз етілуі сәйкес келмеуі немесе миокардқа қанмен оттегі келуінің бұзылуынан пайда болады. Қолданылатын антиангинальды дәрілер жүректі оттегімен қамтамасыз етуін күшейтеді (коронарлы (тәжді) артерияларды кеңейту арқылы) немесе оттегіге қажеттілікті (жүрек жұмысын жеңілдету арқылы) төмендетеді.
Жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілері: стенокардия (көкірек тұсы бірден қатты ауырып, сол қол мен сол жақ жауырынға берілуі) мен миокард инфаркты (миокардтың қлі еттенуі) түрінде өтеді. Стенокардия ұстамасында, миокард инфарктын алдын алу үшін, міндетті түрде әсері тез антиангинальды дәрілерді қабылдау қажет.
Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын басатын дәрілер. Бұл препараттар коронарлы қан тамырларды кеңейтеді. Nitroglycerinum – нитроглицерин (Б): 0,005 таб. және капс. Түрінде шығарылып, ұстама кезінде тіл астына немесе 1% спиртті еріт. -1-2 тамшы қантпен тіл астына белгіленеді. Әсер 1-2 минутта басталып, 20-30 минутқа созылады. Нитроглецирин шеткері қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады, NO2  NO газына айналып, қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттеріне өтіп оларды босаңсытады. Осының нәтижесінен үлкен және кіші қан айналым жүйесінде веноздық және артериялық қан тамырларды кеіейтіп, жүрекке түсетін салмақты азайтып, миокардтың энергия мен оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Нитроглицерин бітелген аймақтағы қан тамырды кеңейтіп миокардтың ишемияланған аймағын қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Сондай – ақ жүрек пен қан тамырлардың симпатикалық иннервациясына орталық тежегіш әсер көрсетеді. Нитроглицерин миотропты спазмолитикалық әсерінен бронхтың, ішектің, өттің және несеп шығару жолдарының бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады. Жанама әсері; АҚ – ң төмендеуі (мөлшерін асырғанда коллапс!), рефлекторлы тахикардия,бас ауыру және бас айналу (әсіресе бірінші қабылдаудан кейін), құлақ шуылы, ыстық сезіну, беттің қызаруы, бас сүйек ішілік және көзішілік қысымының көтерілуі, ал нитроглицеринді жүйелі қолданғанда үйренгіштік пайда болуы мүкін. Миға қан құйылғанда, айқын гипотонияда, бас сүйек ішілік қысым және көзішілік қысымы жоғарлауында қолдануға болмайды. Стенокардия ұстамасын басу үшін изосорбид динитратының нитросорбиді (Nitrosorbidum (Б): 0,005 және 0,01 таб.шығарылып тіл астына, немесе мөлшерленген аэрозоль «изомак – спрей»: 1-3 мөлшерден ауыз қуысына шашыратуға белгіленеді). Нитросорбид нитроглицеринге қарағанда әсері (3-5 мин.соң) баяу басталады. Нитраттарды қабылдай алмауда милсидомин (корватон, сиднофарм) – 0,002 және 0,004 таблеткада тіл астына немесе нонахлазин – 1,5% 5-10 мл еріт.ішке белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет