Фармакология



бет145/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Б)  жүректің  адренорецепторын тежеп, адренергиялық әсерін төмендетеді. Ол жүрек жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуіне, жүрек жұмысын жеңілдете отырып, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендеуіне алып келеді. Демек, қамтамасыз етумен қажеттіліктің сәйкессіздігін басады. ЖИА–ң біріктірілген емдеуінде тағайындалады. («эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
В) кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері): фенидигин (нифедипин, коринфар) – дигидропиридин туындылары; верапамил (изоптин) – фенилалкиламиннің туындылары; дилтиазем (дильрен) – бензотиазепин туындылары. Бұл препараттар кальций арналары (L-түтігі) арқылы миокард жасушасына Са2+ иондары енуін бұзып, жүрек жұмысын жеңілдетіп, оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Коронарлы қан тамырларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтіп, миокардқа оттегінің жеткізілуін жеңілдетеді. Бұл топ препараттарын нитрат препараттары әсер етпеген жағдайда белгілейді. Верапамил мен дилтиазем жүректің өткізгіштік жүйесіне көбірек әсер етіп, тахиаритмияда қолданылады. Фенигидин жүректің өткізгіштік жүйесіне аз әсер етіп, айқын антиангинальды белсенділік пен гипотензивті әсер көрсетеді, сондықтан стенокардия мен гипертонияны емдеу үшін қолданылады. Гипертониялық кризде сублингвальды (таблетканы шайнап тіл астында ұстау қажет) белгілейді. Жанама әсері: бас ауыру, рефлекторлы тахикардия, беттің қызаруы және ыстықты сезіну, аяқ қолдың ісінуі және кей жағдайда терінің аллергиялық реакциялары байқалуы мүмкін. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, синусты түйінінің әлсіз белгісінде ( - адреноблокаторлармен бірге қабылдауға болмайды), айқын гипотензияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.
Phenihydinum – фенигидин (Б); 0,01 таб. (драже) – 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді.
Фенигидин тобының екінші буындағы препараттары: амлодипин (нормодипин, стамло, норвакс), исрадипин (ломир), нитрендипин (байпресс), никардипин (локсен), риодипин (форидон) – әсері ұзақ және жанама әсері аз. Кальций антогинистінің жаңа топ препараты мебефрадил (позикор) қан тамырлардың Т- түтігі мен нейрогормональды жасушаларды тежеу нәтижесінде коронарлық және шеткерлік қан тамырларды кеңейтеді, сонымен қатар ренин мен альдостеронның секрециясын азайтып, адренергиялық белсендіоікті төмендетеді. Осыдан мефебрадил кардиомициттердегі L-түтігіне әсер етпейді және миокард жиырылғыштығын өзгертпейді. Жүректің ишемиялық ауруы мен гипертониялық ауруларда тәулігіне 1 рет белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет