4. Синтетикалық иммуностимуляторлар. Левамизол (декарис) және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Левамизол ревматоидты артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын жұқпалы ауруларда, ісік ауруларында қолданылады. Тимоген жіті және созылмалы жұқпалы аууларда, репаративті (қалпына келу) процестердің тежелуінде, операцияларда, ісіктердің сәулелі және химиотерапиясында қолданылады.
Метилурацил және дибазол – антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп, фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Метилурацил лейкопенияның жеңіл түрінде, баяу жазылатын жараларда, күйгенде, сынықта, сондай-ақ асқазан мен ұлтабардң ойық жараларында, панкреатитте, гепатитте ұлпалардың регенерациясын (қалпына келуін) күшейту мақсатында қолданылады. Дибазол тұмау мен басқа да ТЖВЖ (ОРВИ) алдын алуүшін қолданылады. 5. Иммуноглобулиндер. Адамның қалыпты иммунолобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады. Ағзаның қорғаныш қаиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары:
- Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутнрококк тұндырмасы, қызғылт сезімот(алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар.
- Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, а-токоферол, В және басқа тобының витаминдері – ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді. - - - Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т. б. препараттары ішектің ұалыпты микрофлорасын ұалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын микробтыұ масса.
б) Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар)
Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегіде, ООЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады. Иммунодепрессанттардың әсер ету механизмі антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т- лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т- киллерге, Т- супрессорға, Т- хелперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануынан төмендетуімен байланысты.
1. Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат -иммунодепрессивті әсерінен басқа азатиоприннің ісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатиктер ДНҚ - ң және РНҚ- ң синтезін бұзып, жасушалардың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып АІЖ -ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршуін тудырып, концерогенді және тератогенді әсер көрсетеді.
Azathioprinu - азатиоприн(А): 0,05 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.
2. Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (FK-506, програф)- мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады(ішке және күре тамырға енгізіледі).
Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро -және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады.
3. Батриден - бүйректі ауыстырып қондырымында (глукокортикойдтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1 таб.) қолданылады.
4. Глюкокортикоидтар - преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В- лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді.
Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық аурулардыа қолданылады.
5. Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин- Кr, АТГ- Фрезениус- құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағыдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.