Ең алғаш дәріхана 1422ж. Солтүстік Европада ашылған. Ал Ресейде ең алғаш дәріхана 1581ж. ашылған. Мәскеуде 1673ж. 2-ші, 1682ж. 3-ші дәріхана ашылуына жарғы шығарылған.
ХV-ХVІ ғасырда Парацельс (1493-1541ж.) бірінші болып бейорганикалық заттарды медицинаға ендірген. Олар: темір, сынап, қорғасын, мыс, мырыш, күкірт және т.б. қосылыстар.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың аяғында Ганемангомеопатияның (аз мөлшермен емдеу) негізін қалаған.
ХVІІІ ғасырда қазақ даласында өмір сүрген шипагер Құртқа Сұлтанқожаұлы өз өмірін халқын емдеуге арнаған. 56 жасында Санкт-Петербургте медициналық университетті бітіріп, қазақ дәрігерлерінің арасында жоғарғы дәрежелі дәрігерлердің бірі болған. Сол кезде Европа медицинасына бейтаныс өсімдіктер тізімін келтірген. Бұхара, Самарқанд, Тәжікстан елдерінен дәрілік өсімдіктерді алдырып, өзі дәрі-дәрмек дайындаған. Жылан ұстап, оның уын дәрі құрамына аздап қосқан. Ең қауіпті рак, оба ауруларын емдеген көрінеді. Керуен арқылы Европа дәрігерлерінің кітаптарын алдырған. Үнді талибтерінің 800-гу жуық дәрілік препараттарын, Ибн Синаның 2600 рецептерін пайдаланған. Пышақсыз операциялар жүргізіп, дүниеден озғанша адам түгілі құстарды да емдеген көрінеді. Бүкіл өмірін халқын емдеуге арнаған ұлы бабамыз 136 жасында өмірден озыпты.
Қазақ шипагерлері іш айдағыш дәрі ретінде рауғаш, асқазанның секрециясын күшейту үшін үшжапырақты сүбеде, созылмалы диареяны айыр тамырсабағымен, жүйке ауруларын таушымылдық (пиона) препараттарымен, бүйрек ауруларын аршамен, туберкулезді қымызбен, итжидек, балмен және т.б. емдеген. Ол кездері: цинорий, құстаран шөбі, аңдыз, көкнәр, салаубас, бақбақ сынды өсімдіктер белгілі болған. Қазақ халық медицинасына 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер белгілі болып құрамында йоды мен бромы бар (теңіз балдырлары шарюм-дорю) өсімдіктерді Үндістаннан, Египеттен, Қытайдан 100-ге жуығын алдырған. Кейіннен препараттар шығарылып, ХІХғ. 50-жылдары дәріханалар ашылып, онда сатыла бастаған.
Қазақстан аймағында ең алғаш дәріхана 1842ж. Орал қаласындаЖәңгір ханның тұсында ашылған. Дәріханада дәрі-дәрмектер дайындалып, халыққа қызмет ете бастаған.
1880-1889ж. сібір күйдіргісін жараға ине шаншып, одан оны мүсәтір спиртімен өңдеп, темекі жапырағын қойып емдеген.
ХІХ ғ. 80 жылдары қазақ дәрігері Әмре Дурмухамбетұлы Айтбакинөзі дәріхана ашып, дәрі-дәрмек дайындаған. Ол жылдары Қазақстан бойынша 3 фармацевт ғана болған. Оның саны 1890ж. 8-ге; 1910ж. 44-ке жетіп, 1915 ж. 64-ке өскен. Осы дәріханаларды басқарудың бір орталығы қажет болған соң, 1925ж. Каз.Госмедторг ашылып, 1928ж. Қызылорда қаласында (республика астанасы болатын) Қазақстан дәріханаларын басқару ұйымыболып өзгертілген. Оны ең алғаш басқарған М.М.Чумбалов болатын. Ең алғаш арнайы фармацевтикалық білімі бар республикаға еңбегі сіңген фармацевт Қуанышбай Махмұдұлы Ұмекеновболатын. 1928 ж. 65 дәріхана, 10 дәріханалық дүкендер болған. Сол жылдардағы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ат салысқандар: Б.А.Абдрахманов, М.М.Чумбалов, И.Р.Сафран, И.А.Пивень, В.Р.Циринский, Қ.М.Ұмекенов, Г.Н.Кустанович, Н.Д.Давиенов сынды ұйымдастырушылар.
1940 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары Қазақстанда дәріхана саны 313-ке жетті. Ұлы Отан Соғысынан кейін фармацевтикалық мамандардың жетіспеушілігіне байланысты, 1951ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (АГМИ) фармацевтикалық факультет, ал Алматы, Қостанай, Орал, Шымкент медицина училищелерінде фармацевтикалық бөлімдер ашыла бастады. 1964 ж. республикада дәріханалар саны 838-ге, дәріханалық бекет 4789-ге, дәріханалық қойма 18-ге және т.с.с. көбейді. Сол жылдары әлем бойынша дәрі-дәрмек ең төмен баға СССР-де болған, сондықтан дәрі-дәрмектің бағасы халыққа тиімді болды.
Дәрі-дәрмектерді дайындау әдісі мен сапасын бір жүйеге келтіру үшін 1778 ж. бірінші Мемлекеттік фармакопеялатын тілінде, ал 1866 ж. (ІІ-1871 ж., ІІІ-1880 ж., ІV-1891 ж.) орыс тілінде жарық көрді. ХVІІІ ғасырда медицина мен фармацияның дамуына үлес қосқан орыс ғалымдары: М.В.Ломоносов, С.М.Крашенинников, М.В.Севергин, Т.Е.Ловиц, Н.М.Максимович-Амбодик, К.И.Щепинболатын. ХІХ ғасырда фармакологияның эмпирикалық жолмен дамуы басталады. Жаңа препараттар жануарларда зерттеліп, одан соң клиникалық қолданылуына рұқсат етілген. ХХ ғ. V фармакопея, ал 1910 ж. VІ, VІІ-1925 ж., VІІІ-1946ж, ІХ-1961 ж., Х-1968 ж., ХІ-1987 ж., фармакопея жарыққа шықты. Ғылыми фармакологияға үлес қосқан ғалымдар: А.П.Нелюбин,_О.В.Забелин,_неміс_ғалымы_Шмидеберг,_француз_ғалымы_Мажанди_және_Клон_Бернар.'>А.П.Нелюбин, О.В.Забелин, неміс ғалымы Шмидеберг, француз ғалымы Мажанди және Клон Бернар. Отандық фармацияның дамуына Петербургтағы медико-хирургиялық академияның фармация кафедрасының профессоры А.П.Нелюбин (1785-1858 ж.), Мәскеу университетінің фармация кафедрасының профессоры А.А.Иовский (1796-1857 ж.) фармацевтикалық пән бірлестігіне оқу-әдістемелік кешендер мен оқулықтар құрастырған.
ХІХ ғасырдан бастап өсімдіктерден әсер етуші заттар таза күйінде бөлініп (алкалоидтар, морфин, кофеин, атропин, папаверин, кокаин және т.б.), химиялық қосылыстар синтезделіп және фармакологиялық зертханалар ашылып, зерттеулердің экспериментальды әдістері дами бастады.
Ресейде зерттеулер хирург Н.И.Пирогов,физиолог А.М.Филомафитский, И.П.Павлов басқаруымен жүзеге асып отырды. 1890 ж. И.П.Павлов әскери медициналық академияның фармацевтикалық кафедрасын басқарып, фармакология оқулықтарының авторы атанған. Фармакологияның негізін қалаушы педагог Н.П.Кравковтыңеңбегі зор. Академик Д.А.Харкевич – «Фармакология» атты медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтың авторы.