Фармакология



бет9/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200
Байланысты:
Фармакология

(«Б» тізімі) әсер ететін дәрілік заттардың жоғары реттік және тәуліктік мөлшері көрсетілген кестесі берілген. Сонымен қатар дәрілік заттарды сандық анықтау әдістері, алкоголеметриялық кестелер, тамшылардың және т.б. кестелері, сондай-ақ дәрілік заттардың сақталу мерзімі мен босатылуы, дәрілік түрлердің дайындау әдістері, биологиялық стандарттар көрсетілген. Дәрілік заттардың номенклатурасы өзгеруіне байланысты, фармакопея басылымдары жаңарып отырады. Дәрілік заттың сапасына қойылатын талап артып, препараттың белсенділігіне химиялық және биологиялық бақылау әдістері көбеюде. Дәрі тану мен медицинаның қарқындап даму нәтижесінде фармакопеяның мазмұны өзгереді. Егер бұрын фармакопеяда өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік заттардың тізімі келтірілсе, ал қазіргі таңда синтетикалық жолмен алынған дәрілік заттардың тізімі келтірілген. Фармакопеяның мазмұнының өзгеруі фармакология, химия, фармация, химико-фармацевтикалық өндірістер мен медицинаның қарқындап дамуымен байланысты. «А»-тізімге уыттылығы жоғары, белгіленуі, қолдану тәсілі, дозалануы, сақталуы ерекше сақтықпен қадағаланатын дәрілер кіреді. Сонымен қатар бұл тізімге нашақорлық тудыратын дәрілер жатады. «Б»-тізімге жататын дәрілерді қолдану, белгілеу, дозалау тәсілі сақтықпен қадағаланады, өйткені дәрігердің бақылауынсыз қолданған жағдайда, әртүрлі жағымсыз әсерлер туғызып, дертті асқындыруы мүмкін. Дәріханалар мен ауруханаларда «А» және «Б» тізіміндегі дәрілердің сақталуы мен босатылуы ДСМ бекіткен арнайы нұсқауы бойынша жүргізіледі. Бұл дәрілер басқа дәрілерден айырмашылығы бөлек сейфте немесе арнайы шкафта сақталып, есігінің ішкі бетіне «А» (улар-Venena), «Б» (күшті әсер ететін- Heroica) деп көрсетіледі.


3. Рецепт. Рецептің жазылу және босатылу ережелері
Рецепт – дәрігердің, фельдшердің немесе акушердің дәрінің бір реттік мөлшері мен саны, оны қолдану тәсілі көрсетілген, арнайы дәрілік қалыпта дәрі-дәрмекті босату туралы дәріханаға (провизорға, фармацевтке) жазған жазбаша сұранысы. Рецептің медициналық, заңды және қаржылық (тегін немесе жеңілдікпен босату үшін) мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет