Фармакология



бет10/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Рецепт жазу және босату ҚР ДСМ бекіткен 03.02.2005 ж. шыққан №38 бұйрық «Құрамында наркотикалық, психотропты және оның прекурсорлары жоқ дәрілерге рецепт жазу және оларды дәріханадан босату ережесі туралы» ережесі бойынша жазылады.
1.Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер рецепті осы Ереженің 1-ші қосымшасындағы үлгі бойынша бланкта көрсетілген медициналық көрсеткіштеріне сәйкес жазады.
Рецепті рецепт жазған медициналық қызметкердің қолы және жеке мөрімен куәландырады.
2. Кейбір категориядағы науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін немесе жеңілдікпен босату үшін рецепт бланкте Ереженің 2-ші қосымшадағы үлгісіне сәйкес жазылады. Дәрі-дәрмектерді тегін немесе жеңілдікпен босату үшін қосымша сол емдеу мекемесінің бас дәрігерінің қолы мен жеке мөрімен куәландырылады. Фельдшер-акушерлік бекет (ФАБ) дәрі-дәрмектерді тегін немесе жеңілдікпен босату үшін сол фельдшер – акушерлік бекет меңгерушісінің қолы мен мөрі қойылады.
3. ҚР рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмектерге рецепт жазылмайды.
4. Рецепте науқастың жасы мен дәрілік заттың құрамына кіретін ингридиенттердің әсер ету сипаты ескеріледі.
5. Тегін және жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектерге жазылатын рецептің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасына жазылады. Ереженің 3-ші қосымшасына сәйкес рецепт бланкілерін арнайы есепке алу кітабына тіркейді.
6. Рецепт түсінікті, анық, барлық бағандары міндетті түрде толық толтырылып, латын тілінде жазылады. Рецепті түзетуге рұқсат етілмейді.
7. Ереженің 4-ші қосымшасына сәйкес рецепте негізгі қысқартуларды қолданып жазуға рұқсат етіледі.
8. Дәрілік заттың қолдану тәсілі, оны қабылдау жиілігі, мөлшері мен ұзақтығы мемлекеттік немесе ұлтаралық қатынас тілінде жазылады. Жалпы көрсеткішпен («Белгіле», «ішке», «Сыртқа») жазуға болмайды.
9. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады.
10. Денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмек (ингаляциялық наркозға арналған дәрілерге, миорелаксанттарға және т.б.) беруде қолданылатын дәрі-дәрмекке рецепт жазуға рұқсат етілмейді.
12. Рецептің жарамды мерзімі жеті күнге дейін.
13. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін науқастарға тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға рецептің жарамды мерзімі 1 айға дейін. Рецепт бланкасында «Арнайы тағайындалуы үшін» деген штамп қойылады.
14. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда немесе құрамында сиымсыз компоненттері бар дәрілерге жазылған рецепт жарамсыз деп есептелінеді.
15. Жарамсыз рецептерге «Рецепт жарамсыз» деген штамп басылып, ереженің 5-ші қосымшасына сәйкес дұрыс жазылмаған рецептерді тіркейтін арнайы журналға тіркеледі.
16. Жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасымен келісім-шарты бар дәріханалық ұйымдар дәрілерді рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікпен босатуға құқылы.
17. Дәрі-дәрмектерді рецепте көрсетілген мөлшерде босату үшін, дәріханада дәрі-дәрмек қорапшаларының бірігейлігін бұзуға рұқсат етіледі. Дәріханалық қорапшада босатып, онда дәріхана ұйымының атауы, дәрінің саны, мөлшері, сериясы мен жарамды мерзімі көрсетіледі.
18. ҚР Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрі-дәрмектерге жазылған рецепт республиканың аумағында ғана жарамды, ал тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектерге жазылған рецепт республиканың әкімшілік-аймақтық бірлігі шегінде ғана жарамды.
19. Дәрілік затқа жазылған рецептің жарамды мерзімдері:
1) тегін немесе жеңілдікпен босатылатын – 3 жыл
2) қалғандары – 3 ай
20. Рецептің жарамды мерзімі өткеннен соң, жарамсыз деп саналады.
21. Рецептерді жою үшін құрамына ұйым жетекшісі мен дәріхананың материалдық жауапты қызметкерінен тұратын арнайы комиссия құрылады. Комиссия рецептерді жою туралы акт жазылып, онда жойылған рецептердің саны сөзбен көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет