Фармакология



бет65/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Streptocidum-стрептоцид (Б): 0,5 таб.; 5% линимент; 10% жағылма.
Sulfacilum-natrium-сульфацил-натрий (Б): 30% - 5 мл ерітінді ампулада шығарылып, қ/т енгізіледі; 20% және 30% - көз тамшысы, 30% көз жағылмасы (жаңа туған балалар мен ересектердің бленнореясын алдын алу және емдеу үшін, конъюнктивитте, қасаң қабақ жарасында) бар.
Sulfadimezinum-сульфадимезин (Б): 0,5 таб. түрінде шығарылады.
Urosulfanum-уросульфан (Б): 0,5 таб. түрінде шығарылады.
Уросульфан мен этазол несеп жолдарында кристалданбайды, сондықтан несеп шығару жолдарының инфекциясында қолданылып, бүйректен өзгеріссіз шығарылады.
Стрептоцид пен норсульфазол тонзилитте, фарингитте, ларингитте, стоматитте қолданылып, «Ингалипт» аэрозолінің құрамына кіреді.
Сульфазилиннің күмісті тұзы іріңді жара, күйгенде, ойық жараларда, ойықтарда қолданылатын 1% «Сульфаргин» («Дермазин») жағылмасы бар.
б) әсері ұзақ препараттары: сульфапиридазин (сульфаметок-сипиридазин), сульфамонометоксин, сульфадиметоксин (мадрибон). Әсері 24-48 сағат. Бірінші күні 1-2 г, кейін 0,5-1 г тәулігіне 1 рет тағайындалады.
Sulfadimethoxinum-сульфадиметоксин (Б): 0,5 таб.
Сульфапиридазин таблеткадан басқа, көз тамшысы және көз пленкасы түрінде шығарылады.
в) әсері өте ұзақ препараттары: сульфален (сульфаметосипиразин, келфизин). Орташа әсері 65 сағат, терапевтикалық концентрациясы ағзада 1 аптаға дейін сақталады, сондықтан аптасына 1 рет белгіленеді.
Sulfalen – сульфален (Б): 0,2 таб.; бірінші күні 5 таб., кейін 1 таб. тәулігіне 1 рет тамақтан 30 минут бұрын (созылмалы инфекцияларда – 1 таб. аптасына 1 рет) белгіленеді.
ІІ. АІЖ-да нашар сіңірілетін сульфаниламидтер. Сульгин (сульфагуанидин), фталазол (фталил сульфатиазол), фтазин (фталилсульфапиридазин).
Бұл препараттардың ішекте жоғары концентрациясы түзіледі, ішке қабылдайды. Қолданылуы: ішек инфекцияларында – колит, энтероколит, бацилді дизентерияда.
Phthalasolum – фталазол (Б): 0,5 таб. шығарылып, әсері қысқа препараттардың кестесі бойынша тағайындалады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.
Салазолсульфаниламидтер: салазопиридазин (салазодин), салазосульфапиридин (салазопирин, сульфасалазин), салазодиметоксин. Бұлар 5-аминосалицил қышқылымен қиыстырылған препараттар таблетка, суппозиторий, суспензия түрінде шығарылады. Тоқ ішекте бос сульфаниламид пен аминосалицил қышқылына ыдырап, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.
ІІІ. Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидті препараттары. Ко-тримоксазол (бактрим, бисептол, септрин, кандибене, ориприм, берлоцид). Құрамында сульфаметоксазол мен триметоприм бар. Әсер ету механизмі: Сульфаниламидтер ПАБҚ-ң дегидрофолий қышқылына өтуін, ал триметоприм дегидрофолий қышқылының тетрагидрофолий қышқылына өтуін бөгеп, пуриндер синтезін, одан ДНҚ және РНҚ синтезін бұзады. Потесептил (потесетта) – құрамы: сульфадимезин + триметоприм. Лидаприм – құрамы: сульфаметрол + триметоприм. Сульфатон – құрамы: сульфамонометоксин + триметоприм. Гросептол - құрамы: сульфамеразин + триметоприм.
Жоғарыда айтылғандай бактерицидті әсер ететін, микробқа қарсы спектрі кең препараттар. Тыныс жолдарының инфекцияларында, несеп шығару жолдарының инфекцияда, урологияда, ішек инфекциясында, отитте, менингитте, сепсисте, паразитарлы инфекцияларда (лейшманиоз, токсоплазмоз, малярия) қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, қан жасалуының тежелуі, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, суперинфекция (кандидамикоз), тератогенді әсер көрсетуі мүмкін. Бауыр, бүйрек қызметі бұзылуының ауыр түрінде, қан жасалуы бұзылуларында, аллергияда және жүктілікте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет