Фармакология


Rifampicinum – рифампицин



бет64/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Rifampicinum – рифампицин (Б): 0,15 және 0,3 капс. шығарылып, 1-2 капс. 2-3 рет тәулігіне 30 минут – 1 сағат тамақтан бұрын; 0,15 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2-5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 125 мл 5% глюкоза еріт. тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізіледі.
Рифампицин туындылары: рифабутин (микобутин) – туберкулез микобактериясына әсері жағынан рифампициннен 2-20 есе жоғары; рифампетен - әсері ұзартылған препарат, аптасына 1 рет белгіленеді.
4. Фузидин-натрий – ақуыз синтезін тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Фузидин стафилококктарға, сонымен қатар стрептококктарға, менингококктарға, гонококктарға белсенділік көрсетеді. Стафилококкты остеомиелитте және басқа да стафилококкты инфекцияларда: пневмония, бауыр мен өт жолдарының ауруларында, септицемия, тері мен жұмсақ ұлпа инфекцияларында қолданылады. Жанама әсері: ішке қабылдағанда диспепсия, күре тамырға енгізгенде флебит байқалуы мүмкін.
5. Фузафунжин (биопарокс) – микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсері бар. Әсер ету спектрі: стрептококктар, пневмококктар, кейбір анаэробтар, микоплазма, кандида тобындағы саңырауқұлақтар. Мұрын, жұтқыншақ, тыныс жолдарының (синусит, ринит, фарингит, тонзилит, ларингит, трахеит, бронхит) қабыну және жұқпалы ауруларын жергілікті емдеу үшін тек ингаляция түрінде белгіленеді. Емдеу курсы 10 күн, өйткені дисбактериоз пайда болуы мүмкін. Жанама әсері: тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін.
2. Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
а) Сульфаниламидті препараттар. Әсер ету механизмі: сульфаниламидті препараттар сульфанил қышқылы амидінің туындысы болып табылады және химиялық құрылысы жағынан пара-аминобензой қышқылына (ПАБҚ) ұқсас, ПАБҚ микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне өте қажет. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне қажетті пуриннің, пиримидин негіздерінің, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың синтезіне қатысатын флотий қышқылынан (витамин Вс) фолиенді қышқыл түзілуіне жағдай жасайды. Сульфаниламидті препараттар ағзада – фолий қышқылын дегидрофолий қышқылына айналдыратын ферменттерді тежейді. Ол микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Сондықтан сульфаниламидті препараттарды ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі деп атайды. Сульфаниламидтердің триметоприммен қиыстырылған препараттары (бисептол, лидаприм, сульфатон және т.б.) бактерицидті әсер етеді, себебі триметоприм фолий қышқылының синтезін тежейді, яғни қиыстырылған препараттар екі бағытта әсер етеді, фармакологиялық әсерін күшейтеді және микробқа қарсы әсерінің спектрін кеңейтеді. Сульфаниламидтердің бәсекелестік механизмінің әсеріне байланысты, қабылдау келесі кесте бойынша жүргізіледі: бірінші күні ең жоғарғы мөлшер, ал екінші күні орташа мөлшерде қабылдау қажет. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға (энтерококкқа, стрептококктарға, стафилококктарға әсер етпей), бактерияларға (ішек таяқшалары, шигелла, дизентерия, кейбір сальмонеллалар, холера виброны, клиебсиеллалар, сібір жарасының қоздырғышы, дифтерия, оба, бруцеллез, туляремия, клостридиялар), хламидияларға, қарапайымдыларға (безгек плазмодий, токсоплазмоз), саңырауқұлақтарға (актиномицеттер, нокардий) қарсы әсер етеді. Триметоприммен қиыстырылған препараттары, сондай-ақ пневмоцистерге, гемофильді таяқшаларға, легионеллаға, аэромонадаларға әсер етеді. Сульфаниламидті препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдер оларға тұрақты болып қалады, сондықтан сульфаниламидтердің әсер ету спектрі азайып, тиімділігі төмендеп кетті. Оларды көбінесе қоздырғыштардың тұрақтылығында, немесе антибиотиктермен бірге қиыстырып белгілейді. Сульфаниламидтерге екіншілік резистенттік тез пайда болады.
І. АІЖ-да жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер. Ағза сұйықтықтары мен ұлпаларына жақсы сіңіріледі, резорбтивті әсер етіп, жүйелі инфекцияларда қолданылады. Қолданылуы: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, өт пен несеп шығару жолдарының инфекциялары, хламидиялы инфекциялар, жұмсақ ұлпалар мен іріңді инфекциялар, отит, синусит, жара инфекциялары, токсоплазмоз, безгек (малярия). Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, кристаллургия (сусындарды көп қабылдау қажет), бас айналу, бас ауыру, жағдайдың нашарлауы, анемия, лейкопения, невриттер байқалуы мүмкін. Аллергиялық реакцияларда, бауыр, бүйрек және қан жүйесі қызметі бұзылуларында қолдануға болмайды.
а) әсері қысқа препараттары: стрептоцид (сульфаниламид), сульфацил-натрий (сульфацетамид, альбуцид), норсульфазол (сульфатиазол), этазол (сульфаэтидол), уросульфан (сульфакарбамид), сульфадимезин, сульфазин (сульфадиазан). Әсері 8-10 сағат. Бірінші күні ең жоғарғы мөлшерін – 2 г, содан соң 1 г-нан тәулігіне 4-6 рет тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет