Фармакология


Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, атионамид, протионамид



бет70/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, атионамид, протионамид – белсенділігі мен улылығы төмен.
Рифампицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) – белсенділігі жағынан изониазидке ұқсас, қандағы терапевті концентрациясы 8-12 сағат, жасуша жанындағы, жасуша ішіндегі жасушадағы және казеозды ошақтағы (каверн ішіндегі) орналасқан микобактерияларға басқа препараттар әсері болмағанда тиімді. Стрептомицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) – тек жасуша жанындағы микобактерияларға әсер етеді. Стрептомицин аналогтары (канамицин, амикацин, флоримицин, капреомицин) – кейде стрептомицинге тұрақтылық жағдайында тиімді. Этамбутол – жасушадан тыс және жасуша ішінде орналасқан микобактериялардың өсуін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсететін синтетикалық препарат. Этамбутол АІЖ-да жақсы сіңіріліп, басқа туберкулезға қарсы дәрілермен (микобактериялардың тұрақтылығын алдын алу үшін) қиыстырып қолданылады. Жанама әсері: аз байқалады, көз көруінің нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы (жасыл және қызыл түстің), жүрек айну, анорексия, бас айналу, тері бөртпелері. Қолдануға қарсы көрсеткіштер: көз көруінің бұзылулары, жүктілік.
Ethambutolum-этамбутол (Б): 0,1; 0,2 және 0,4 таб. шығарылып, бір рет таңертеңгі тамақтан соң белгіленеді. Пиразинамид – жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактерицидті әсер етіп, жұлын ми сұйықтығы мен туберкулезбен зақымдалған ошаққа жеңіл өтетін синтетикалық препарат. Казеозды лимфаденитте, туберкуломада, казеозды пневмониялық процеске әсер етеді. Жанама әсерлері: диспепсия, анорексия, аллергиялық реакциялар, буын ауруы, подагра, бауыр қызметінің бұзылуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр қызметінің бұзылуы мен подагра.


4. Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
Мерезді емдеудің негізгі препараттары қысқа және ұзақ әсерлі пенициллиндер, мерездің барлық кезеңдеріне әсер етіп, спирохеттерге тұрақтылық пайда болмайды. Цефалоспориндердің І және ІІІ буыны, макролидтер, тетрациклиндер мерезді емдеуде қосымша антибиотиктер болып табылады, бірақ олардың тиімділігі төмен.
Висмут препараттары: бийохинол, бисмоверол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет