Әсер ету механизмі: микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді тобын тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі: тек мерез (сұр трепонема) қоздырғышына. Қолданылуы: мерездің барлық түріне, белсенділігі жағынан бензилпенициллиндерге орын береді. Жанама әсері: гингивит, стоматит, қызыл иек жанында сұр висмуттық жиек түзілуі, дерматит, колит, бауыр және бүйрек зақымдалуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының зақымдалуы, бауыр және бүйрек аурулары.
Biiochinolum – бийохинол (Б): 100 мл флаконда (кірпіш қызыл түсті висмут тұзының қоспасы) – 3 мл-ден 3 күнде 1 рет жылы күйінде б/е енгізіледі.
Мерезді емдеу арнайы кестемен стационар жағдайында жүргізіледі.
5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
Қазіргі кезде кең таралған ауруларды (микоздар) көптеген патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырады. Қоздырғышына байланысты өздеріне сай саңырауқұлаққа қарсы әсері бар препараттарды белгілейді. Онымен бірге препараттардың фармакокинетикасы мен улылық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі.
Паразитті саңырауқұлақтармен шақырылған микозды емдеу үшін саңырауқұлаққа қарсы дәрілер тағайындалады.
1. Беттік микоздар: а) дерматомикоздар (эпидермофития, трихофития, микроспория, онихомикоздар және т.б.) – тері, шаш, тырнақты зақымдайды.
б) кандидамикоздар (қоздырғышы – ашытқы тәрізді саңырауқұлақ түрі Candida) – шырышты қабықша мен теріні зақымдайды.
2. Жүйелі микоздар (бластомикоз, кокцидиоидоз, криптококкоз, гистоплазмоз, актиномикоз, нокардиоз, кандидоз, аспергиллез) – ішкі ағзаларды: өкпе, бауыр, АІЖ-н, ми мен ми қабықшаларын, сүйек, буын, лимфа түйіндерін зақымдайды.
Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің жіктелуі:
1. Полиенді антибиотиктер: нистатин, леворин, натамицин (пимафуцин), амфотерицин В (фунгизон), микогептин. Әсер ету механизмі: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, мөлшеріне байланысты фунгистатикалық және фунгицидті әсер көрсетеді. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу пайда болады. Нистатин, леворин және натамицин АІЖ-ң, тыныс алу жолдарының, қынаптың шырышты қабығы мен терінің кандидамикозын емдеу және оның алдын алу үшін қолданылады. Барлық препараттар ішке таблетка түрінде, жергілікті жағылма, вагинальді супп. (нистатин) немесе таб. (натамицин), еріт. ингаляциялау үшін, шаю, бүрку үшін (леворин) ерітінді түрінде қолданылады. Леворин кейде нистатиннің әсері болмаған жағдайда қолданылады. Жанама әсері: диарея, дене қызуының көтерілуі (нистатин), терінің қышуы (леворин) байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: леворин – бауыр, АІЖ-ң ауруларында, жүктілікте; натамицин – тері туберкулезінде.
Достарыңызбен бөлісу: |