е) Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер. Қоздырғышы – Ваlantidum соli тоқ ішекті зақымдайды. Тасымалдаушысы жануарлар, әсіресе шошқалар. Емдеу – мономицин, тетрациклиндер, метранидазол, тинидазол.
ж) Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер. Тері лейшманиозында дененің ашық жерлерінде некроз тәрізді жара түзіледі. Висцеральды лейшманиозда бауыр, көк бауыр, сүйек миын зақымдайды. Науқас адамдар, ит, кеміргіштер зақымдау көзі болып табылады. Тері лейшманиозын емдеу үшін: мономицин, сурьма препараттары (солюсурьмин, глюкантим), пентамидин, метранидазол, акрихин (жергілікті) қолданылады. Висцеральды лейшманиозда сурьма препараттары мен пентамидин қолданылады.
8.Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
Гельминтоз – құрттардың ағзаға еніп зақымдауы, көбінесе балалар арасында кең тараған.
Құрттар балалар ағзасында токсиндер бөледі.Гельминттердің 3 түрі бар: нематодтар (жұмыр құрттар), цестодтар (таспа құрттар), трематодтар (жалпақ құрттар).Гельминттер ішекті зақымдап, ішек гельминтозын шақырады және ішектен тыс (бауыр, өт,өкпе,бас миын, тері, қан және лимфатикалық тамырлар) зақымдап,ішектен тыс гельминтоз шақыруы мүмкін.Ішек гельмитозының клиникалық белгілері біріңғай:АІЖ қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар, анемия.Препаратты таңдау копроовоскопиялық зерттеу нәтижесіне қарай белгіленеді.Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде көптеген дәрілер енгізілген, олардың спектрі кең және тиімді болып келеді.
1.Нематодоздарда қолданылатын дәрілер.Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида(жылан құрт)), энтеробиоз (қоздырғышы бәсір), трихоцефалез (қоздырғышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздырғышы), стронгилоидоз (қоздырғышы ішек кенелер).Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис) мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантирин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезил қолданылады.Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың әш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады.Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |