Phenasalum-фенасал (Б) 0,25 таб.- таңертең аш қарынға бірден 8-12 таб. қабылдайды. Науқасқа көмірсу диетасын белгілеп, кешке тек шай мен жеміс шырындарын қабылдап, ал түнде клизма қойылады. Жүрек айну, аллергиялық реакциялар, нейродерматиттің асқынуы байқалуы мүмкін.Фенасал тениаринхозда, дифиллобтриозда, гименолепидозда қолданылады.Тениозда аз қолданылады, себебі цистицеркоз пайда болу қауіпі бар (фенасал шошқа таспа құртының жұмыртқасына әсер етпейді,мүшесінің бұзылуынан ішекте жұмыртқасы жарылып, одан шыққан ұрық аш ішектің қабырғасы арқылы күре тамырда қан ағысымен миға, көзге, жүрекке, көлденең жолақ бұлшық еттеріне, тері асты клетчаткасына түсіп, цистицеркоз дамиды.)Тениозды фенасал препаратымен емдеуде міндетті түрде қоса іш жүргізетін дәрілер белгіленеді.Аминоакрихин- улы гименолепидозда қолданылады.Цестодоздарға қарсы дәрілермен емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.
Praziquantel-празиквантель (Б) 0,6 таб.-2 таб. (1 күн) тәулігіне 3 рет. Са2+ иондары үшін гельминттердің жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, құрттардың бұлшық ет жүйесінің спастикалық салдануына алып келеді.Цестодозда, трематодозда және аралас инвазияда қолданылады. Жүрек айну, іш тұсының ауруы, бас ауруы мүмкін.Цестодозды емдеу үшін мебендазол мен асқабақ дәндері қолданылады.
3.Ішектен тыс гельминтоздарда қолданылатын дәрілер. Ішектен тыс гельминтоздарға трематодтар жатады: фасциолез (қоздырғышы бауыр двуусткасы, бауыр өтті зақымдайды), описторхоз (қоздырғышы мысық немесе сібір двуусткасы , бауыр ұйқы безін зақымдайды), клонорхоз (қоздырғышы қытай двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), шистосомоз ( қоздырғышы шистосомдар, қан тамыр, қуық, ішекті зақымдайды.)Филярий нематодтары филяриатоз тудырып, қан және лимфатикалық жүйені тері асты клетчаткасын, көз ұлпаларын зақымдайды, бұл ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралған. Цестодоз таралуы:цистицеркоз (қоздырғышы цистицерк, бұлшық ет, ми, көзді зақымдайды.) және эхинококкоз (қоздырғышы эхинококк, бауыр, өкпе, миді зақымдайды), Трематодоздарды емдеу үшін хлоксил және празиквантель қолданылады.Әсер ету механизмі:гельминттердің энергетикалық процестеріне әсер етіп шистосоматозда (празиквантель), филяриатодозда (дитразин) тениоз, трематодозда (празикванталь)
Достарыңызбен бөлісу: |