Фармакология



бет85/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   200
Байланысты:
Фармакология

1.Жергілікті анестетиктер афферентті жүйке ұштарының қозғыштығы мен жүйке талшықтарына импульстардың өтуін таңдамалы және қайтымды түрде тежеп, сезімталдықтың барлық түрінің жойылуына (ауырсыну сезімінің) байланысты жергілікті жансыздандырады.Анестезияның әсер ету механизмі жасуша мембраналарының ішкі жағынан натрий өзекшелерінің тежелуімен байланысты.Ол әсер потенциалының пайда болуын азайтып, импульстың өтуін нашарлатады.Барлық жергілікті анестетиктер (суда ерімейтін анестезиннен басқа) өндірістер тұз қыщқылының судағы ерітіндісі түрінде шығарылады.Жергілікті анестиктерді анестезиялардың барлық түрінде шығарылады.Жергілікті анестетиктерді анестезиялардың барлық түрінде қолданады.
Анестезия түрлері: беткейлі, өткізгіштік, жұлын, инфильтрациялық (егу) анестезиялары.
А)беткейлі (терминальды) анестезияда кокаин (Оңтүстік Америка өсімдігі Erithroxylon coca алкалоидының ең алғашқы анестетигі, улылығы мен дәріге тәуелділік – кокаинизм тудыруына байланысты қолданылуы шектеулі.), дикаин (тетракин), анестезин (бензокаин), пиромекаин (бумекаин) қолданылады. Беткейлі анестезия оториноларингологияда, офтальмологияда, урологияда, стоматологияда, қышыма, жара, күйік және т.б тері қабатының анестезиясы үшін кеңінен қолданылады.Анестетиктерде беткейлі қабатқа ерітінді және жағылма түрінде тағайындайды.Ішек түйілуінде және тік ішектің ауруларында (жарылуда, қышыну, геморрой) суппозиторий түрінде (анестезин, новокаин) белгіленеді. Асқазан ауруларында (құсу және жүрек айнуымен жүретін гастритте, жара ауруларында) ішке (анестезин) белгіленеді. Осы препараттардың ішінде анестезин суда ерімейді тек майда, спиртте, ериді, сондықтан ұнтақ, жағылма таблетка түрінде ғана шығарылады.
Б) өткізгіштік, жұлынды және инфильтрациялық анестезияларда: новокаин (прокаин), лидокаин (ксикаин, ксилокаин), тримекаин, бупивкаин (маркаин, карбостезин,) артикаин (ультракаин,) прилокаин (цитанест), бензофурокаин қолданылады. Бұл анестезия үшін ертінділер міндетті түрде залалсыдандырылған (стерильденген) болуы тиіс.Бұл препараттар улы және әсері өте қысқа болып келеді.Сондықтан улылығы төмендетіп, әсерін ұзарту үшін – 5-10 мл препарат ерітіндісіне 1-2 тамшы 0,1 % адреналин гидрохлоридін (қан тамырлады тарылтатын қасиеті бар) қосуы қажет.Өткізгіштік анестезия стомотологияда, хирургияда, терапевтикалық тәжірибедегі невралгияларда қолданылады.Анестетиктерді жүйке жолына (жүйке талшықтарының барлық сезімталдықтары жойылады) енгізеді. Көбінесе 1-2% ерітінділері қолданылады.Жұлынды нестезяда анестетикті жұлынның бел аймағына субарахнодальды жолмен енгізеді. Ол кезде жұлынның бел-сегізкөз аймағының барлық сезімталдықтарын жоятындықтан, аяқ-қол, кіші жамбас, мүшелеріне операция жасау үшін қолданылады.Инфильтрациялық анестезияда анестетиктер терң қабаттарының терең ұлпаларына енгізіледі.Әртүрлі хирургиялық операцияларда анестетиктің 0,25-0,5 % ерітінділері (200-500 мл) қолданылады.Синтетикалық анестетиктердің кокаинге қарағанда улылығы төмен.Нашақорлық тудырмайды, бірақ кейбір жанама әсерлері: бас айналу, жалпы әлсіздік, артериялық қан қысымының төмендеуі, коллапс және жүрек қызметінің тежелуі (жүрек қызметінің тоқтауы) байқалады.Жергілікті анестетиктер әртүрлі анестезия түрлерінен басқа микроцируляцияны жақсарту мақсатында тамырлардың түйілуінде қарынша экстрасистологясында, қарынша жыпылықтауын алдын алу үшін жіті иокард инфарктында (2-10%)лидокаин ерітіндісін күре тамырға ) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет