Добутамин (добутрекс, инотрекс) - 6,-адренорецепторларды таңдамалы тежеп, миокардтың жиырылуы мен жүректің қан айдауын күшейтеді, сондықтан жүрек жеткіліксіздігінде кардиотоникалық дәрілік зат ретінде, хирургиялық операцияларда к/т тамшылатып енгізіледі.
β - адреномиметиктерді стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуында және жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды. 3. а -және 6 - адреномиметиктер: адреналин (эпинефрин) гидрохлориді (гидротартраты) - фенилалкиламиндер тобына жатады, Адреналин синтетикалық жолмен немесе жануарлардың бүйрек үсті безінен алынады. Тікелей а- және β-адренорецепторларды қуаттандырады. Адреналин β2-адренорецепторларын қоздыруымен байланысты қан тамырларды кеңейтіп (а-адренорецепторларды қоздыруымен байланысты) АҚ-ң жоғарылауынан кейін оның төмендеуі байқалады, сондыктан шокта, коллапста, АҚ көтеру үшін а-адренорецепторлардың таңдамалы қоздырғышы болып табылатын мезатон мен норадреналинді бірге қолданған дұрыс. Жарақат алғанда, операцияларда, қан кетуде, интоксикацияда, уланғанда - АҚ-ң бірден төмендеуінде адреномиметиктерді қолданбас бұрын, қан айналым жүйесіндегі қан көлемін толтыруды міндетті түрде ескерген жөн. Адреналин аллергиялық реакцияларда (анафилактикалық шокта, көмейдің аллөргиялық ісігінде және т.б.); жүрек тоқтағанда - сол жақ жүрек қарыншасының қуысьіна енгізіледі; басқа да β-адреномиметиктер әсер етпей жатқанда, бронх демікпесі ұстамасын басуда; инсулинннің мөлшерін асырғанда туатын гипогликемиялық комада қолданылып, сонымен қатар адреналин ерітіндісін жергілікті анестетиктердің улылығын төмендету және әсерін ұзарту үшін қолданылады. Адреналин жүрек бұлшық ет жиырылу күші мен жиілігін жоғарылатады, ал атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылуында β-адреномиметиктерді (изадрин, орципреналин) қолданған дұрыс. Адреналинді б/е, т/а, шырышты қабатқа жергілікті енгізіледі, ал к/т тамшылатып сирек қолданылады. АІЖ-да бұзылуы себебінен ішке қолданбайды. Адреналиннің әсері қысқа: к/т енгізгенде - 5 мин., т/а енгізгенде - 30 мин. Жанама әсері:тахикардия, жүрек аритмиясы, жүрек түсының ауырсынуы, АҚ көтерілуі, гипергликемия, тынышсыздық, діріл, бас ауыру және миға қан қүйылуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, атересклерозда, тиреотоксикозда, қант диабеті мен жүктілікте қолдануға болмайды.