Рһеntolamini hydrochloridum - фентоламин гидрохлориді (Б): 0,025 таб. шығарылып, 2-4 таб. тәулігіне 3-5 рет қабылдау қажет.
Тгораphenum - тропафен (Б): 0,02 қүрғақ зат амп. 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп т/а, б/е тәулігіне 1-3 рет.
б) Таңдамалы а-адреноблокаторлар: празозин (адверзутен, минипресс) – а1 - адренорецепторларды таңдамалы тежейді. Артерия мен венаны кеңейтіп, жүрекке венозды қан ағысын төмендетеді, жүрекке алдын және кейінгі түсетін күшті төмендетіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді. Негізгі әсері - АҚ төмендету. Тахикардия тудырмайды. Қандағы холестериннің мөлшерін темендетіп, бүйрек пен ми қан айналымын қалыпты жағдайға келтіреді. Әртүрлі артериялық гипертензияда қолданылады. Әсері 6-8 сағатқа созылып, бірінші рет ұйықтар алдында тағайындайды, себебі науқас 6-8 сағат тееекте дем алуы (ортостатикалық коллапс қаупін алдын алу үшін) тиіс.
Рrazosini hydrochoridum - празозин гидрохлориді (Б): 0,001; 0,002; 0,005 таб., 1/2-5 таб. тәулігіне 2-3 рет қабылдайды.
Доксазозин (кардура) және теразозин (гитрекс) празозиннен айырмашылығы әсері ұзақ, сондықтан тәулігіне 1 рет қабылдайды және «алғашқы мелшердің еренін (феноменін)» туғызбайды, Таңдамалы а- адреноблокаторлар қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында қолданылады, өйткені қуықтың бірыңғай салалы булшық еттері мен несеп шығару жолдарының сфинктерін босаңсытып, несептің айдалуын жақсартады, антидизуриялық әсер тамсулозинде (омник) байқалады.
а-адреноблокаторларды жүрек пен қан тамырлардың органикалық зақымдалуы мен жүктілікте қолдануға болмайды.
6. β-адреноблокаторлар (В - адренорецепторларды тежейді).
а) Таңдамалы емес β - адреноблокаторлар β1 - және β2- адренорецепторларды тежейді. Әсері орташа (6-8 сағ.): анаприлин (пропранолол, обзидан, индерал), окспренолол (тразикор), альпренолол, пиндолол (вискен); әсері ұзақ (24 сағ. дейін.): надолол (коргард), бопиндолол (сандонорм).
Достарыңызбен бөлісу: |