Пән Қазақ әдебиеті Мұғалім



Дата02.07.2018
өлшемі56,17 Kb.
#45929

Пән

Қазақ әдебиеті



Мұғалім

Амирханова Сара

Мектеп, сынып

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылы, Еңбекші жалпы орта мектебі



1. Менің атым Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ

Орынсыз күлер күлкім жоқ,

Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ-деген өлең жолдары кімнің шығармасы, қалай аталатынын көрсет.

А) Д.Бабатайұлы «Қайғылыны уаттым»

В) Махамбет «Тарланым»

С) Д.Бабатайұлы «Айтқызбасымды айтқыздың»

D) Шортанбай «Бар заман»

Е) Жамбыл «Мөңке туралы»



2. Ақмырза, Кәрібоз, қария Қараүлек қай шығарманың кейіпкерлері?

А) М.Мөңкеұлы «Қарасай-Қази» дастаны

В) Ж. Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

С) Қ. Күржіманұлы «Атамекен» дастаны

D) Ш.Бөкеев «Ұршық» өлеңі

Е) Шортанбай «Зар заман»



3. Өзі мекен еткен Нарын мен Көлборсынның табиғатын, сол жердегі саятшылық серуенді жырға қосқан ақын:

А) Жамбыл

В) Мұрат

С) Шәңгерей

D) Нарманбет

Е) Шортанбай



4. «1916 жыл» атты дастанның авторы:

А) Күдері Жолдыбайұлы

В) Біржан Берденов

C) Омар Шипин

D) Сәт Есенбаев

E) Шортанбай Қанайұлы



5. Көркем әдебиеттің үш тегі (эпос, лирика, драма) тоғысында жазылған шығарма:

А) Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы

В) З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы

С) Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы

D) З.Қабдолов «Менің Әуезовім» роман-эссесі

Е) Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» роман-дилогиясы



6. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат жырлары», «Қаламгер және оның достары» шығармалары қай жанр түрінде жазылған?

А) роман-эссесі

В) роман-дилогия

С) эпистолярлық роман

D) өмірбаяндық роман

Е) тарихи роман



7. «Дала сыры» атымен шыққан Т.Ахтановтың шығармасы:

А) «Боран» романы

В) «Сәуле» пьесасы

С) «Махаббат мұңы» повесі

D) «Шырағың сөнбесін» романы

Е) «Қаһарлы күндер» романы



8. «Ай туып келеді», «Қырандар төбеге қонбайды» жыр жинақтарының авторы:

А) М.Мақатаев

В) М.Шаханов

С) Ә.Тәжібаев

D) Т.Молдағалиев

Е) Ж.Молдағалиев



9. О.Гончарьдың «Перекоп», «Көк адыр» романдарын аударып, тәржіма саласына үлесін қосқан қаламгер:

А) З.Шашкин

В) Қ.Мырзалиев

С) М.Шаханов

D) С.Жүнісов

Е) Қ.Жұмаділов



10. С.Жүнісовтің «Бір шофёрдың әңгімесі» атты балаларға арналған тұңғыш туындысы «Қазақ пионері» газетінде қай жылы жарияланды?

А) 1958


В) 1941

С) 1956


D) 1953

Е) 1955


11. С.Жүнісовтің1930-1980 жылдар аралығында жазған шығармасы?

А) «Заманай мен Аманай»

В) «Ақан сері»

С) «Ажар мен ажал»

D) «Өліара»

Е) «Әр үйдің еркесі»



12. Қадыр Мырза Әлінің тұңғыш өлеңі жарияланған жыл:

А) 1958


В) 1954

С) 1963


D) 1964

Е) 1935


13. «Өмір, қымбаттым менің» жыры кімнің шығармасы:

А) Ә.Кекілбаев

В) Қ.Жұмаділов

С) Қ.Мұхамеджанов

D) Т.Молдағалиев

Е) С.Асылбекұлы



14. Қ.Жұмаділовтің «Жас дәурен» атты кітабы қай жылы жарыққа шықты?

А) 1958


В) 1962

С) 1967


D) 1968

Е) 1936


15. Демежан, Ысқақ қай шығарманың кейіпкерлері:

А) Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

В) Ә.Кекілбаев «Үркер» романы

С) М.Мағауин «Аласапыран» романы

D) О.Бөкей «Қар қызы» повесі

Е) Т.Ахтанов «Қаһарлы күндер» романы



16. «Достық ұғым, достық– мәселе, достық – қажеттілік, достық – өмірлік принцип ... » идеясы қай шығармаға тән:

А) М.Шаханов «Танакөз»

В) М.Мақатаев «Райымбек»

С) Т.Молдағалиев «Студент дәптері»

D) Қ.Мырза Әли «Сабақ»

Е) О.Бөкей «Мұзтау»



17. 1986 жылы О.Бөкей ҚР мемлекеттік сыйлығымен қай шығармасы үшін марапатталды?

А) «Құлыным менің»

В) «Ұйқым келмейді»

С) «Біздің жақта қыс ұзақ»

D) «Мұзтау»

Е) «Қамшыгер»



18. Нұржан, Аманжан, Бауыржан, Қоңқай шал қай шығарманың кейіпкерлері?

А) М.Мағауин «Аласапыран»

В) Ш.Мұртаза «Қызыл жебе»

С) О.Бөкей «Қар қызы»

D) Қ.Мұхамеджанов «Жат елде»

Е) Ә.Кекілбаев «Үркер»



19. «Өмірзая» романының авторы:

А) О.Бөкей

В) Т.Әбдіков

С) С.Елубаев

D) Б.Мұқай

Е) Ә.Тарази



20. Қайсысы мемуарлық роман?

А) Ш.Мұртаза «Ай мен Айша»

В) Б.Нұржекеев «Жау жағадан алғанда»

С) С.Елубай «Ақ боз үй»

D) М.Мағауин «Жармақ»

Е) Қ.Жұмаділов «Дарабоз»



21. «Айқап» журналына қай ақын жазушылардың шығармалары орыс жəне дүниежүзі əдебиетінің озық үлгілері аударылып басылды?

А) С.Торайғыров

В) С.Көбеев

С) Б.Майлин

D) М.Дулатов

E) С.Дөнентаев

F) А.Құнанбаев

G) Н.Наушабаев

H) М.Жұмабаев

22. Ғұмар Қарашұлының жарық көрген кітаптары белгілеңіз.

A) Кедей


B) Адасқан өмір

С) Гүлхашимада

D) Аға тұлпар

E) Құлагер

F) Қарлығаш

G) Інжу-Мағжан

H) Өрнек

23. Міржақып Дулатовтың жинақтары:

A) Шəкірт

В) Азамат

С) Шағым


D) Терме

E) Сағындым

F) Таза бұлақ

G) Оян, қазақ

Н) Мен қазақпын

24. «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлерін белгілеңіз.

А) Сəрсенбай

В) Əйгерім

С) Абай


D) Ғали

E) Еңлік


F) Жұман

G) Назар


Н) Алғадай

25. Жүсіпбек Аймауытов пьесаларын белгілеңіз.

А) Рабиға

В) Қыз Жібек

С) Жебір болыс

D) Айман-Шолпан

Е) Қанапия-Шəрбану

F) Қалқаман-Мамыр

G) Жан азасы

Н) Моцарт

26. Қазақ ақын-жазушылар арасынан лирик ақындарды белгілеңіз.

А) Сəкен Сейфуллин

В) Шəкəрім Құдайбердіұлы

С) Жамбыл Жабаев

D) Ғабит Мүсірепов

Е) Ыбырай Алтынсарин

F) Мұқағали Мақатаев

G) Фариза Оңғарсынова

Н) Міржақып Дулатов

27. Ұйқас түрлерін табыңыз.

А) Ерікті ұйқас

В) Эпопея

С) Эпизод

D) Теңеу

Е) Шалыс

F) Шумақ

G) Шендестіру

Н) Егіз

28. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романының кейіпкерлерін табыңыз:

А) Мырзаш

В) Шеген

С) Торсан

D) Бораш

Е) Шоқан


F) Ақбота

G) Зағипа

Н) Дина

29. «Қыз Жібек» жырындағы кейіпкерді табыңыз:

А) Сарыбай

В) Төлеген

С) Назым


D) Қобыланды батыр

Е) Сырлыбай

F) Баян

G) Қараман



H) Шеге

30. Т.Молдағалиевтің өлең жинақтарын табыңыз:

А) Студент дəптері

В) Дала дидары

С) Ой орманы

D) Жаңа дəптер

Е) Домбыра

F) Дариға жүрек

G) Зулайды күндер

H) Өмір дастан

Дұрыс жауаптар кілттері:

1) D


2) A

3) C


4) B

5) D


6) C

7) A


8) B

9) D


10) D

11) A


12) B

13) D


14) B

15) A


16) A

17) C


18) C

19) D


20) A

  1. A, C, E

22) B, D, H

23) B, D, G



24) A, D, F

  1. A, C, E

  2. A, D, H

  3. A, E, H

  4. A, C, E

  5. B, E, H

  6. A, D, G



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет