Скрининг тұжырымдамасы 20 ғасырдан бастап кеңінен қолданылып келеді. Оның қажеттілігі қазіргі таңда да өзекті болып қалуда. Скринингтік бағдарламалар халық денсаулығын жақсартуда және денсаулық сақтау қызметтерімен барлығын қамтамасыз етуде жоғары потенциалға ие. Тиімді ұйымдастырылған скринингтер өлім мен мүгедектіктің деңгейін төмендетіп, аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Скрининг деген не?
Скрининг- ориентацияланған сұрыптау процесі. Бұл халықтың, сау адамдардың ішінен ауруды алдын-ала анықтау. Көрнекі түрде, скринингтік процесті ауруға күдікті адамдарды ауру емес адамдардан бөлуге арналған елек түрінде көрсетуге болады: