Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингі психофизикалық дамуының бұзылуын ерте анықтауға, ерте жастағы балаларды скринингтік аттестаттауға, балалардың көру және есту функцияларыны балғалауға бағытталған.
Пренаталдық скрининг ауыр өлімге әкелетін, генетикалық бұзылуларымен емдеуге және түзетуге келмейтін балалардың тууының алдын алу үшін жатырішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы мен ТДК ерте анықтау мен диагностикалауға бағытталған.
Скрининг бағдарламалары тиімді ұйымдастырыла отырып, халық арасында аурулардың ерте анықтап, ерте медициналық араласу арқылы халық денсаулығын нығайта алмыз. Әр мақсатты аурудың, мақсатты топтыңжеке бағдарламасы және оның маршруты болады. Маршруттың толықтығы скринингтің тиімді орындалуына мүмкіндік береді. Қазақстанда скринингтік бағдарламалар әр тұрғынның тіркелген медициналық ұйымдарында іске асырылады.