Фашизмнің сипатты белгілері. «Фашизм» сөзі итальянның «фашио» сөзінен шығып, «шогыр» мағынасын, сонымен бірге «одақ, бірлестік» түсініктерін білдіреді.
Фашизмнің саяси ұраны нәсілшілдік және ұлтшылдык еді. Олардың нәсілшілдік теориясы бойынша немістер «жоғары нәсілге», ал калған ұлттар «төменгі нәсілге» жатты. «Жоғары нәсіл» бүкіл адамзат баласын билеп-төстеуге және дүние жүзінде жаңа төртіп орнатуға жаратылған. Жаңа тәртіп орнатудың негізгі жолы — баска елдер мен халықтарды басып алу. Осылайша Германия фашизмі өзінің алда жүзеге асырмақшы болған басқыншылық саясатын дәлелдеді.
20-жылдардағы фашизм. 1920—1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала өрістеген фашистік қозғалыс кең көлемде лаңкестік әрекетке ұласып, тез арада күшейіп алды. 1919 жылы наурызда Миланда өткен жалпы ұлттың жиналыста фашистік әскери қосындардың одағы құрылды. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны ұйымдастырушы Бенито Муссолини болды.
Жұмысшы отбасынан шыққан Муссолини мектеп мұғалімі болатын. Социалистік партияға мүшелікке өтіп, оның алдыңғы қатарында болды. Сол қанаттың өкілі ретінде ол соғысқұмарлық пен соғыс атаулыға қарсы шықты, Италия социалистік партиясының (ИСП) басшы органдарына сайланды және партиянын, орталық органы саналатын «Аванти» газетінің редакторы болды. Алайда 1914 жылы ол партия қатарынан қуылып, «Пополо д' Италия» газетін шығарды және соғыстан кейін фашистік топтарды құруға ат салысты.
Фашистердің екпінді күші болып, таптық белгілерінен айырылған элементтерден, кез келген қылмысты жасауға дайын қылмыскерлерден құралған жауынгер топ құрылды. Бұл топтарды ағайынды Перроне, Пирелли, Палоно, Оливетти және т.б. монополистер, ірі латифундия өкілдері, генералдар қаржыландырып отырды. Фашистік қозғалыстар қатары кедейленген ұсақ және орта буржуазия есебінен бірте-бірте кеңейе түсті. Ал 1921 жылдан бастап, бұлар лаңкестік жолға көшті. 1921 жылы қарашада фашистер, Ұлттық фашистік партия құрды, оның басында Муссолини тұрды, оны «Дуче» («көсем») деп атайтын.
Ресейде тоталитарлык жүйе бірден қалыптасқан жоқ. Оның пайда болуы мен калыгггасуы
баскарушы партияның даму тарихымен тығыз байланысты, Ресей
коммунистік партиясының мемлекетгік партияға айналуы азамат
соғысы жылдарында басталды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен бастап
халықтың тұтастыгын білдіретін Кеңес үкіметі органдарымен катар
әрбір уездерде, болыстарды, губернияларда, партиялық ұйымдар
кұрылды. Сотые жағдайында құрылған партиялық үйымдяр Кеңестік
аткару органдарынан басым болып, әкімшілдік істерге тікелей
араласты. Большевиктер партиясының экімшілік атқару органдарының
жұмысына араласу себептері, партия мүшелерінің түпкілікті жаңа-
руына байланысты болды. 1920 жылдардың соңында большевиктер
партиясының қатары өсіп, 1 млн 200 мыңга жуық адамға жетті.
Большевиктік партияның мемлекетгік кұрылымының экімшіл-
әміршілдік басқару жүйесіне айналуы БК(б)П-ның XVII съезінің
шешімдерінен кейін жүзеге асты. Съездің хатгамасы бойынша партия
тікелей мемлекеттік және шаруашылык мэселелерді баскаруга кұкык
алды. Мұның аркасында жоғары партия басшылары шексіз билікке ие
болды. Қатардағы коммун истер жоғарыдағы партиялык органдардың
шешімдерін мүлтіксіз орындауға тиісті еді. Кеңестік органдардың
бөлімшелерімен катар, дэл сондай партия бөлімшелері құрылды.
Сөйтіп, партия комитеттері Кеңестік органдардың жұмысына арала-
сып, әкімшіл-эміршіл баскару билігін колдады. Кеңес органдарының
жүмысы көпшілік жағдайда қағаз жүзінде жүргізілді.
Партиялық-мемлекеттік басқарудың ең басында партияның бас
хатшысы Сталин тұрды. Жеке адамға табынуды барынша арттыру
үшін XVII съезде демократиялық орталықтандыру мәселесі карасты-
рылды. Бұған сәйкес шешім қабылдау кезінде азшылық көпшілікке
сөзсіз бағынып, жоғары партиялық баскару органдары кабылдаған
қаулыларды барлык партия мүшелелері ешбір өзгеріссіз орындауға
міндетті болды.
Әкімшіл-әміршіл баскару жүйесінің күшеюі, жазалау органдары
кұқыктарының барынша кеңеюімен калыптасты.
Жазалау Сталиннің әрекеттеріне сын көзбен карағандарға
колданылды. Қазан төңкерісінен бастап партия берік топтаскан, қатаң
тәртіпке негізделген әскери ұжым ретінде калыптасты.
Кеңестер партияның көмекшісіне айналды. Кеңестік демократия
бірте-бірте ішкі мазмұнын өзгертті, Жаңа билік —
пролетариат
диктатурасы емес, партияның диктатурасы, көсемдердің үстемдігі
болды.
Сталиндік зобалаң.
Әкімшіл-әміршіл баскару жүйесінің тұрақтануы жеке адамға табынуға, оның шсксіз билігіне
бас ұрға алыпкелді.
1932 жылдан бастап барлык ауыл тұрғындары төлқұжатсыз, тек
ауылдық кеңестегі тізімдер арқылы өмір сүрді. Сөйтіп, ауыл
тұрғындары қалаган аймактарға көшіп бару құкығынан айырылды.
Сталиндік зобалаң, кінәлі деп табу, сыртынан жала жабу,
жазыксыз азаматтарды түтқындау, жер аудару, абақтыга камау -
күнделікті іске айналды. КСРО-да 1930-1959 жылдар аралығында
3 788234 адам сотталған. Соныц ішінде атылгандардыц саны -
786 698-ге жеткен. Сол кезде Украинада, Қазақстанда, Еділ бойында
тарихта кездеспеген ашаршылық жайлап, миллиондаған халық
кырылып қалды. Қазақ халқының саны 2 миллионға қыскарды.
Қазақстан жері «қылмыстарды» қамайтын лагерыіер орталыгына
айналды. Орталық Қазақстан аймактарында - Карлаг, Жезказған,
Степлаг, Озерлаг деген КСРО-ның Ішкі істер мнннстрлігіне бағынатын
лагерьлермен катар, Қазақстан Ішкі істер миннстрлігіне багынатын 70-
тен астам лагерьлер мен колониялар кұрылды
Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті” басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады.
Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр.
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік әдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылғансоциализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысыаяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемшілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |