1 Менеджмент туралы түсінік
1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің Манус сөзінен шығып қол, күш деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ағылшын тілінде Oхsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент мағынасы – материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.
Менеджемент тәуелсіз ғылым ретінде тек XIX ғасырдың аяғы- XX ғасырдың басында ғана шыға бастады.Сол кезден бастап алғашқы ғалым-практиктер өз еңбектерін жарыққа шығара бастады.
Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Тэйлор есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады.
Ағылшынның «менеджмент» сөзі осы елдің көп халқы шұғылданаған үй шаруашылығын дұрыс басқарып,ресурстарды ысырап қылмай қолдана алу шеберлігін білдірген.
Қазіргі кезде «менеджмент» сөзі көптеген істердегі дұрыс басқарушы адамды елестетеді.
XVIII ғасырда Батыс Еуропалық интеллектуалдар Қытайға қызғанышпен қарайтын, себебі: ол жерде 20 мыңдай интеллектуал жыл сайын мемлекеттік басқару жұмыс орындарына кіретін.Қазіргі кезде АҚШ-та жыл сайын ЖОО миллионға жуық басқару ісінің мамандарын шығарады және сол мамандар жоғарғы ақылы жұмыс орындарына көп қиналмай кіреді.
Алдыңғы қатарлы технологияларды білу-маманданған білім болып табылады,бірақ олар өз бетімен ешетеңені де бермейді.Бірақ,оған қарамастан, қазіргі компанияларда жоғарғы білімді 10 мың маман жұмыс істеуі мүмкін,олардың әрбіреуі өз саласының маманы болып табылады.Мысалы:инженерлер,психологтар,маркетологтар,статстика жүргізушілер,экономистер және т.б. Бірақ та олардың жұмысы дұрыс басқарылмаса ,жемістілігі төмен болады.
1920-30 жж американдық ғалымдар Д.Э. Мейо,Т.Уотсон, Р.Е.Вуд сол кездегі менеджмент негіздеріне күмән келтірді.Олар адамдардың көптігінен өндіріс қарқындауы өндірістің автоматтануынан баяу жүреді деген шешімге келді.Содан олар сан мен емес сапамен алу керек деп қорытынды айтты.
АҚШ осы шешімнің жемісін Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде көрді.Олар сол соғыс арқасында дүние жүзіндегі ең бай,жоғары дамыған, ең аз зардап шеккен жеңімпаз ел ретінде шықты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін менеджмент жетістіктері тек қана экономикада ғана емес, басқа салаларда да кең қолданысқа енді.
3 Менеджменттің даму кезеңдері
Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды.
Менеджмент даму кезеңдерін теория және практикаға қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.
1. Ежелгі кезең б.з.д. 9 – 7 ғ. бастап бұл ең ұзақ дамыған кезең. Қазіргі 18 ғасырға дейін қамтыды. Кезең бастапқыда басқару тәжірибесі өте баяу жиналды. Менеджменттің дамуынан осы өндірістік экономикаға көшу көп әсерін тигізді. Ежелгі Египет мемлекеттік шаруашылықты басқарудың үлкен тәжірибесі болды. Бұл уақытта дамыған мемлекеттік басқару аппараты және оларға қызмет ететін топ қалыптасты.
2. Индустриялық кезең (1776-1890ж.ж.) Қазіргі заманға ғылыми бағыттармен менеджмент мектептері қалыптасты. Р. Оуэннің еңбектері көп әсер етеді.
3. Жүйелеу кезеңі 1856 – 1960 ж. ж. Басқару туралы ғылым үнемі қозғалыста болды. Жаңа бағытта мектептер қалыптасты. Ғылыми аппараттар өзгерді. Уақыт ағымына байланысты менеджменттің басқару тәсілдерінің зерттеуінің бағыттары өзгереді.
4.Ақпараттық кезең 1960 – 2000. Осы кезден сандық ықпал пайда болды.
Негізгі басқарушылық мектептер
Достарыңызбен бөлісу: |