Ғылымибасқару мектебі Ең алғаш менеджерлер өндіріс тиімділігін арттыру туралы ойлайтын. Өз қызметін олар жұмысшылардың адаптациясына жұмсайтын. Осы мақсатта жұмыс орындарының дизайны жасақталып, әр түрлі операцияларға уақыт шығындары және т.б. зерттелетін.
Сол заманның көптеген зерттеушілері менеджментті үлкен өнер деп білді. Менеджментті мұндай түсіну барлық қызметкерлердің басшылық орынға сай емес екендігімен байланысты. Сәтті, өз ісіне білікті менежерлерге тән мінез құлық пен бейімдер бар. Егер, менеджерге тән қасиеттерді анықтаса, осы қасиетке ие адамдарды табуға болады деген тұжырым жасалынды.
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, менеджменттің параметрлерін осылайша анықтау мүмкін емес, себебі тіпті ақыл сияқты категория да бұл мәселеде басты ролді ойнамауы мүмкін. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындады: менеджмент дегеніміз не?
Менеджментті ғылым ретінде қарастыруда алғаш ірі қадам жасаған Ф.Тейлор (1856-1915жж.) болды, кейіннен ол ғылыми басқару қозғалысын басқарды. Ол тек адам тиімділігімен ғана емес, сонымен қатар ұйым қызметінің тиімділігіне қызықты, бұл ғылыми басқару мектебінің құрылуына негіз болған еді. Ғылыми басқару концепциясының жасақтауына байланысты, менеджмент ғылыми зерттеулердің дербес аймағы болып танылды. Өз “Циклді басқару”(1903), “Ғылыми менеджмент қағидалары” (1911) атты еңбектерінде ФТейлор еңбекті ғылыми ұйымдастырудың хронометраж көмегімен жұмысшы әрекеттерін зерттеу, еңбек құралдары мен тәсілдерін стандарттауға негізделген бірнеше әдістерін жасақтады.
.
Менеджменттің әкімшілік классикалық мектебі Басқарудың класcикалық мектебінің бір түрі болып әкімшілік мектеп табылады. Ол менеджер функциялары мен ролін зерттеумен айналысты. Басқарушы жұмысының мәнісі анықталғаннан соң, басқарудың тиімді әдістерін табуға болады деп есептелді. Бұл идеяны ең алғаш білдірушілердің бірі Анри Файоль болды. Ол басқару процесін негізгі бес функцияға бөлді:
жоспарлау,
ұйымастыру,
кадрларды таңдау және жіктеу,
ынталандыру,
бақылау.