МӨЖ
Басқарудың классикалық немесе
әкімшілік мектебі(1920-1950ж)
Дайындаған: Әлімжан А.Т
Білім берудегі менеджмент 1-курс
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Басқару мектептері
Ғылыми басқару
мектебі (1885-1920ж)
Басқарудың классикалық немесе
әкімшілік мектебі (1920-1950ж)
Адамгершілік қатынас мектебі
Мінез-құлық ғылымдары мектебі
Ситуациялық
әдістер
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі(1920-1950ж)
Басқарудың әкімшілік
мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар.
Анри Файоль – осы мектептің негізің қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған. Ол кезінде Франциядағы көмір өндіретің ірі бірлестікті басқарған. Линдалл Урвик Англияда басқару мәселесі жөніңдегі консультант болса, Джеймс Д “Дженерал Моторс” бірлестігі жұмыс істеген. Олар ұйымды жетілдіруге аса көп көңіл бөліп, тиімділікті арттырудың жолдарын табуға ұмтылып, ұйымның жалпы сипатын, оның зандылықтарын анықтады. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың универсальді принциптерін жасау болды. Өйткені, олар ұйымды нәтижеліжұмыс істеуге жеткізетініне сенімді болған еді.
А.Файольдың басқару теориясына қосқан үлесі
Ол басқаруды өзара тығыз байлыныста болатын бірнеше элементтерден тұратын универсальды процесс деп түсінді. Ол элементтер: жоспарлау ұйымдастыру, басқару, координациялау және басқару жүргізу.
Анри Файоль 1916 жылғы “жалпы және өнеркәсіпті басқару” атты өз еңбегінде басқарудың 14 принципін жан- жақты дәлелдеп берді. Бізге берілген 12 басқару принциптерін жеке- жеке қарастырамыз
Еңбек бөлінісі -еңбектің бір іске мамандандырылуы нәтижеге жету үшін қажет. Еңбек бөлінісінің мақсаты - сол бұрынғы жұмсалған шығынмен өнім өндіруді арттыру және өнім сапасын жақсарту.
Билік жүргізу – өз қол астындағы адамдарға жарлық беру құқы. Билік жүргізу сөзсіз жауапкершілікті туғызады. Жауапкершілікті сезіну әсіресе бастықтар үшін аса қажетті принцип.
Тәртіп – кез –келген ұжымды ұстай білу, кәсіпорын мен оның қызметкерлерігің арасында арқашанда келісім жасаушылықта еңбек нәтижесіне елеулі әсер етеді. Тәртіп тыңдауды, жасалған келісімді сыйлау білуді талап етеді.
Дара басшылық принципі – жұмысқа өзінің тікелей бастығынан ғана жарлық алып, соны орындауға тиіс. Іс бірлігі – Әр адамның ісі белгілі бір бағытқа жұмылдырылуы
қажет. Әр топ, ұйым бір мақсатты орындау жолында бірігіп, бір жоспармен жұмыс атқаруы керек.
Қызметшілерге ақы төлеу – Атқарылған жұмысқа ақы төлеу әділетті болуға тиіс және бар мүмкіндігінше ол қызметкерді кәсіпорынды, жалдап алушыны және жалданушыны да қанағаттандыруға тиіс. Қызметкерлерге ақы төлеу олардың әрқайсысының қосқан
еңбек үлесіне сәйкес келуі шарт.
Бір орталыққа бағындыру – Бұл жалпы табиғи қажеттілік. Әрбір элементтік ұйым бір орталыққа бағынып жарлықпен кәсіпорынның әр құрылымы жұмыс істеуге тиісті. Бір орталыққа бағыну принципі жалпы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Қызмет иерархиясы – Бұл ең төменгі деңгейден бастап, ең жоғарғы деңгейге дейін басқару қызметінің орны. Мұның негізгі принципі төменгі қызметтегі бастықтар өзінен жоғарғы бастықтарға бағынуы керек. Оның жарлығымен жұмыс істейді.
Ретке келтіру (реттеп ұстау) – Әр адам өз орнында болуы керек.Белгілі бір орың әрадамға белгіленеді. Әр адамды реттеп ұстау, бәрінің де өз орнында ретте болуы деген сөз.
Әділеттік – Шынындығын айту, әділетті болуы, зандылыққа сүйену басшыларға тән принциптердің бірі. Бұл рақымшылықтың және адамгершіліктің жиынтығы деп деп айтуға да болады.
Қызметшілердің тұрақты жұмыс істеуі – Бұл ұйым жұмысының тиімділігіне әсер ететін фактор. Сондықтан да бастықтар жұмыс күшінің тұрақсыздығымен күресе білуі керек. Ол үшін әр адамның жұмыс орнына, еңбек етуіне, өмір сүруіне мүмкіндігінше жағдай жасап, оның қажетін қанағаттандыру басты міндет болып табылады.
Инициативалық - әдетте бұл ұғымды жоспар жасап, оны жүзеге асыра білуді айтамыз.
Бірлесу – қызметкерлердің бірлесіп атқарған ісі әрқашанда жемісті болады. Бір одаққа бірігу – бұл үлкен күш. Сондықтан да бірлесу принципінің маңызы аса зор.
Пайдаланылған әдебиеттер - Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І., Бекбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы-Алматы: Бастау баспасы, 2009.-250б. («Жетекшілік және көшбасшылық» - 146 бет)
Достарыңызбен бөлісу: |