ІІ . «Сандар сыр шертеді» / Әр топқа сандармен бірге оқиғалар беріледі. Болған оқиғаларды жылымен бірге орналастыру.Қай топ бірінші болса, сол топ жеңеді/
1991 жыл Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады
16 желтоқсан
|
1993 жылы Төл теңгеміз дүниеге келді
15 қараша
|
1991 жылы 29 тамыз Семей полигоны жабылды
|
1995 жыл жаңа Ата Заңымыз қабылданды
30 тамыз
|
1991 жыл қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты
2 қазан
|
|
1992 жыл Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді
4 маусым
|
1991 жыл тұңғыш Президентіміз сайланды
1 желтоқсан
|
1997 жыл Ақмола қаласы Астана болып жарияланды
10 қазан
|
2016 жыл 16 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы тойланады
|
ІІІ. Үй тапсырмасы
Әр топқа тақырыпқа байланысты әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тақырыптарды оқушылар ашып айтады,слайд арқылы көрсетеді.
1 топ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың лауазымдық мәртебесі, президенттік биліктің рәміздері мен белгілері, ғылыми дәрежесі:
Лауазымдық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
Президенттік биліктің рәміздері мен белгілері
Қ. Р. Президенті мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленді. 1995 жылғы «Қ.Р-ның мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Қ.Р. Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады.
Ғылыми дәрежесі: Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры, Халықаралық инженерлік академиясының академигі
Н.Ә.Назарбаев – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы. Біз талай заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды атамекенге жинаған үш елдің біріміз Тәуелсіздік жылдары шетелдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп халық саны бір жарым миллиондарға артты. 1992 жылы Алматыда қазақтардың І дүниежүзілік құрылтайы өтті. Құрылтайда дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2топ.
Н.Ә.Назарбаев бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық –саяси еңбектерінің авторы. Ал енді Президентіміздің еңбектерімен таныс болыңыздар:
1.Ғасырлар тоғысында
2. Бейбітшілік кіндігі
3. Қазақстан жолы
4. Тәуелсіздік белестері
5. Ой бөлістім халқыммен
6.Сындарлы он жыл.
7. Жүз жылға татитын он жыл
8. Тарих тағлымдары және қазіргі заман
9. Қазақстан-2030
10. Еуразия жүрегінде
11.Ұлы Дала ұлағаттары(2016 ж)
3 топ.
Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әні таныс болыңыздар:
1. «Үшқоңыр» әні: (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Алтынбек Қоразбаев)
2. Сарыарқа әні: (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Алтынбек Қоразбаев)
3. «Елім менің» (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Бекболат Тілеуханов)
4. «Менің Қазақстаным» (сөзі: Жұмакен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назабаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)
4 топ.
Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильмдермен таныс болыңыздар.Олар:
1. «Президенттің уақыт және өзі жайындағы толғаныстары»
2. «Назарбаев. Бүкпесіз әңгіме»
3.«Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: Өркендеудің жаңа серпіні»
4. «Әлем менің жанарымда. Бітімгершілік миссиясы
Құрметті оқушылар бүгін «1 желтоқсан – Тұңғыш Президентімізді сайлау» күніне орай өткізілген ашық сынып сағатында елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен жері,оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат алдық. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып сіздер Отанымызды ,халқымызды сүюге , құрметтеуге үйреніп, еліміздің патриоты болады деген сенімдемін. Бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
«Біз – Ұлы Дала елінің ұрпағымыз. Осы жердің заңды да тарихи мұрагеріміз. Әрбір қазақстандық осы атауды жүрегіне жазып, оны мақтан еткен жағдайда ұлы бабаларымыздың мәңгілік арманын орындап, тәуелсіздіктің туын берік қолда ұстай аламыз.
Мен де, сіз де – осы жұрттың ұланымыз. Дала – біздің анамыз. Дала – біздің панамыз. Ендеше, оның бүгінгі келбеті мен ертеңгі болашағына бәріміз қарыздармыз әрі жауаптымыз. Қазақтың алып даласы, ұлан-ғайыр ұлы жері – біздің Атамекеніміз, тәуелсіз мемлекетіміздің ту тіккен атажұрты. Ол, сондай-ақ, егемен еліміздің еңселі өрісі.
Мұратымыз – Мәңгілік Ел! Тәуелсіз мемлекетіміз Еуразияның осынау алып кеңістігінде мәңгілік өмір сүретін болады.
Мәртебесі биіктеп, өсе берсін, өркендей берсін Ұлы Дала елі – Мәңгілік Ел – Тәуелсіз Қазақстан!»
Н.Ә.Назарбаев
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Достарыңызбен бөлісу: |