«Ғасырдың ғажап адамы» ашық сынып сағаты Өткізген : Шаймерденова Тазагүл Нуроллиновна математика пәнінің мұғалімі



бет1/4
Дата02.07.2018
өлшемі2,62 Mb.
#45750
  1   2   3   4
Қызылсая орта мектебі


« Ғасырдың ғажап адамы»

ашық сынып сағаты

Өткізген : Шаймерденова Тазагүл Нуроллиновна

математика пәнінің мұғалімі

8 сынып жетекшісі

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Ғасырдың ғажап адамы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен жері,оқып  білім  алған ,қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

оқушыларды Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын  сүюге, құрметтеуге, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент», қанатты сөздер

Ұйымдастыру барысы: 8 сынып оқушыларымен сәлемдесу және топқа бөліп отырғызу.

Мұғалім сөзі:  

Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу. Тектілердің тұяғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. Күндеріміз нұрлы. 
Менің елім, менің жерім, жыр етемін тамсанам,


Елміз біз де ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған.

Көк байрақтың астындағы шуақтанған арайлы,

Қуанышын мол бақытын сыйлайтындай таң саған.дегендей
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. / картадан көрсету/1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

Ендеше, оқушылар Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «..Өсер жасқа – өріс кең, өнеге мол. Өскелең ұрпақ өзіне керекті өрісті білім мен ғылымнан табады. Ендеше, жақсыға, жаңаға ұмтылу керек. Туған тіліңді, халқыңның тарихын, салт-дәстүрін біл, зерделе, өміріңде үлгі тұт.



Жас кезінде адам еліктегіш болады. Өнердің өнегелісін, ғылымның жаңашылын, дәстүрдің озығын таңда. Талғамың таза болсын, талабың оң болсын, сонда қажеттіні тауып, керектіні аласың» немесе «Ел мен ердің арасын сенім жақындастырады. Сол сенімді ұзақ жылдар бойы абыроймен арқалап келеміз. Ақтық демім қалғанша, әл-дәрменім талғанша, халық жүгін көтеруден қашпаймын. Бұл – менің президенттік те, перзенттік те парызым. Елдің жүгін ер көтерер, ердің құнын ел көтерер. Қадірін білер халқы болса, ер жігітке одан асқан бақыт жоқ.

Қысқасы, бұл ғасыр – біздің ғасырымыз. Демек: «Бұл ғасыр қазақ үшін алтын дер ем, даңқымды әлем білді, салтымменен. Кеудемде жаным барда көтеремін, аянбан, не күтсе де халқым менен!» –дегеніміз жөн болар!

Әрбір жас өрен осындай мақсатты мұрат тұтса, ел ертеңі нұрлы болмақ!» - деген сияқты сертпен тең тегеурінді,ұлағатты ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.

Осыған орай    «Ғасырдың ғажап адамы»  атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек жолына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

 Әнұран:  «Менің Қазақстаным»    / Оқушылар топ болып орындайды/

Біз қазір сіздермен сабақ барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен жері,оқып  білім  алған ,қызмет  еткен жерлері,жазған еңбектеріне тоқталып өтетін боламыз.



І. Тақырып бойынша мәтін құрастыру. Ол үшін әрбір топ слайдтан бір санды таңдайды. Санға сәйкес тақырып таңдалады.

 1. Н.Назарбаевтың отбасы және балалық шағы.

2. Н.Назарбаевтың оқушы кезі.
3. Н.Назарбаевтың жастық шағы.

4. Н.Ә.Назарбаев – Елбасы.


(Өз столдарында 4 түрлі конверт болады. Соның суретке байланыстысын тауып мәтінді құрастыру керек. Мәтінде тақырып болады. )

1 - мәтін. Н.Назарбаевтың отбасы және балалық шағы

САПАКБАЙҰЛЫ Назарбай,

1830-1906 жылдар аралығында Алатаудың биік шатқалдарын жайлаған, сөзден түйін түйген, байламды сөзбен Ел ұстаған Қазақтың дана билерінің соңғыларының бірі. Тарихта өшпес аты қалған Алтынай Абыздың, оның батыр ұлы Шапырашты Қарасай батыр Әулетінің киелі жалғасы. Немересі Нұрсұлтан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып, оның атын Әлемге жайды.



САПАҚБАЙКЕЛІНІ  Мырзабала /Тетебала/,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр, Шамалған ауылдарында жасаған. Намазын қаза етпеген, имандылықты берік ұстаған. Ер адамдай сұсты, бір ауыз сөзбен Елді тоқтата білген. 


Қазақтың тұңғыш Елбасын тумысынан кім боларын білген, жан баласына көрсетпей тілден, көзден бес жасқа дейін сақтаған. Немересін сүннетке отырғызып, есімін үлкен ұлы Үмбетке азан айтқызып қойғызған. Ата тегін таратып, жеті атасын, тарихын, тектілігін үйреткен асыл әже екен. Тазалықты, әдепті, яғни иман ұрығын Елбасы бойына тұңғыш еккен жан. 
НАЗАРБАЙҰЛЫ Әбіш, 1903 жылы Алматы облысы, Алатау баурайында Қарасай ауданының Қаскелең тауының баурайында дүниеге келді. 
Әкесінен үш жасында айрылып, анасы Мырзабала  әже амалсыз таудан түсіп, отырықшылық өмірді бастауға көндігіпті. Ұлы Әбіш жан жақтан көшіп келген түрлі ұлт өкілдерімен араласып, Қаскелең өзенінің жағасын қоныстаныпты. 11 жасынан орыстардан кәсіп үйреніп, етік тігіп, жер өңдеп, диірмен жүргізіп, жәрмеңкеде ұтымды сауда саттық та жүргізе білген. Әр тілде сөйлей білген, ақындықтан да хабары болыпты. Шаруашылықтарда басшылық жұмыстарын атқарды. 
37 жасында перзент сүйе алмай зарығып, Әулиелер басын зиарат етіп, зарықтырған ұл перзенті, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы НұрСұлтан дүниеге келді. Сол 1940 жылы Үшқоңырда өрт шығып, бір қолы күйген екен. Осы себепті Ұлы Отан Соғысына алынбапты. Ауылда қоймен ірі қара мал бағыпты, жылқы өсіріпті. 
Үш ұл, бір қыз өсіріп, тәрбиелеп, білімдерін қадағалап отырған. 

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.



Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Жарқын жүзді Әлжан да ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.



Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері, кіндік қаны тамған кіші Отаны – Алматы іргесіндегі Қаскелең, соған жалғас Шамалған ауылы, оның аржағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауы. Қазақстанның болашақ Президентінің балалық шағы осы жерлерде өткен. Сол балалық шағында-ақ бойындағы асыл қасиеттердің алғашқы белгілері бой көрсетіп, бүр жарған.

Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді

Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. . Нұрсұлтан әжесінің бауырында тәрбиеленеді. Сол себепті әкесін «аға», анасын «жеңеше» деп  атап кетеді. Нұрсұлтаннан кейін де отбасы есігін оның інісі Сатыбалды, қарындасы Әнипа, інісі Болат ашады.  Ол 5 жасқа дейін ешқайда шықпай, мал шаруашылығы бригадасын басқаратын әкесіне  көмектеседі.  1941-1945 жылғы сұрапыл соғысқа барлық ел азаматтар аттанған кезде оның әкесі мүгедектігіне байланысты соғысқа алынбайды, алайда елде қалып, ауылдағы асыраушылары соғысқа аттанған азаматтардың үйлеріне қарайласады. Қазіргі кезде Елбасы сол кездерді «балалық шақтың қара наны» ретінде еске алады.

Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.

Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.

Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындары ешкімді ұлтқа бөлінген жоқ. ...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді.



.

Каталог: 786A2AD6B999ECC7
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақ жоспары: Сөз тапқанға Ойлан тап Сен білесің бе? Білімділер
786A2AD6B999ECC7 -> “Жас қалам” мектеп газетінің презентациясы Жалпы мәліметтер
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақтың тақырыбы: "Қозы Көрпеш Баян сұлу" Сабақтың мақсаты: "Қозы Көрпеш Баян сұлу"
786A2AD6B999ECC7 -> Диплом бойынша: тарих және құқық Бітірген оқу орны: Алматы қыздар педагогикалық институты Бітірген жылы: 1987 жыл
786A2AD6B999ECC7 -> Диплом бойынша: тарих және құқық Бітірген оқу орны: Алматы қыздар педагогикалық институты Бітірген жылы: 1987 жыл
786A2AD6B999ECC7 -> Қызылсая орта мектебінің 2015-2016 оку жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы
786A2AD6B999ECC7 -> Шегиров Аюбай Шегірұлы
786A2AD6B999ECC7 -> Наурыз мейрамы- Қызылсая ауылында
786A2AD6B999ECC7 -> Білімі: Жоғары. Бітірген оқу орындары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет