«Ғасырдың ғажап адамы» ашық сынып сағаты Өткізген : Шаймерденова Тазагүл Нуроллиновна математика пәнінің мұғалімі


- мәтін Н.Назарбаевтың оқушы кезі



бет2/4
Дата02.07.2018
өлшемі2,62 Mb.
#45750
1   2   3   4

2- мәтін Н.Назарбаевтың оқушы кезі

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Фурманов атындағы қазақ- орыс орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. Оны 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін Исмаилова деген мұғалима оқытады. Ол кезде Нұрсұлтанның отбасы Шамалғанға көшіп келмеген болатын. Сол себепті ол немере ағасы Үмбеттің үйінде жатып оқиды. Кейіннен әкесі сол жерден үй алғанда орыстар көбірек қоныстанған жерден үй алады. Өйткені ол ұлының орысша сөйлеуге үйренгенің қалайды. Ол кішкентайынан сабаққа зерек болады. Тіпті кеште керосин жарығының шамымен де сабақ оқып отыратын.  Ұстаздарының айтуы бойынша ол үздіктер қатарынан көрінген.  Ауылдағы кітапханалағы кітаптардың да көбін талғамай оқи берген.  12 жасында домбыра, сырнай тартып айналасындағыларды таңқалдырған. Дене тәрбиесі сабағын жақсы көрген. Мектептегі  күрес үйірмесіне қатысқан.  Достарының ортасында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болған.

 Белсенді оқушыны бәрі жақсы көрді. Мектептегі жиналыстарда Назарбаевтың ерекше қабілеттіліг туралы сөз болатын.  Мерекелік шерулер кезінде ол мектептің туын ұстап, колоннаның басында жүретін.

Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды.

Оқушы Нұрсұлтан туралы оның ұстазы мен сыныптастары төмендегідей сыр шертеді:



Сейітхан Исаев, Н.Ә.Назарбаевтың ұстазы:

«Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын»

- Ол кезде бүкіл оқу процесі, сыныптан тыс жұмыстардың бәрі оқу ісінің меңгерушісіне жүктелетін. Өзіме қиын болғандықтан, маған пионер ұйымы мен комсомол ұйымының мүшелері көмектесетін. Ал ол ұйымдарды өзін тыңдата алатын, айтқанын орындата алатын шәкірт басқаратын. Сондай шәкірт Нұрсұлтан Әбішұлы болды.



Кеңес Байбосынов, Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы:

- Емтихан кезінде Нұрсұлтаннан көшірдік. Жасыратын несі бар? Бізде ол кезде барлық сабақтардан емтихан болатын. Сол кезде көмектесетін. Өзім шығара алмаған есепті, Нұрекең шығарса, неге көшірмеймін? Көшіремін!



Сайлаубек Қыдырәлиев, сыныптасы:

- Демалыс күндері би кештерінен қалмайтынбыз. Нұрсұлтан тамаша билейтін. Ол кезде кім жақсы оқиды, қыздар соған қарай жүгіретін еді ғой. Ал Нұрекең мектепті «алтын медальмен» бітіремін деп, сабақтан бас алмай отыратын. Оқуға зерек, баян, домбыра тартатын Нұрсұлтан Назарбаевқа қыздардың көбі ғашық болды.



Рая Ғарифқызы, сыныптасы:

- Сол мектепте оқып жүрген кездерде-ақ Нұрсұлтанның көшбасшылық қасиеттері ерекшеленіп тұратын.



Елбасының мектеп бітіргеніне биыл 58 жыл болды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы кезінен естелік - 1958 жылғы фотосурет. . Бұл - Абай атындағы мектеп-интернаттың 21-ші түлектерінің суреті. Оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаевтың оң жағындағы бозбала - Нұрсұлтан Әбішұлы.



3- мәтін  Н.Назарбаевтың жастық шағы

Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Жас Назарбаев бұлшық еті мен мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей білді. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды.  Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді. 
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.   Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды. Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп берді». Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді. Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті. Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты. Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы «Қармет» жанындағы зауыт-втузды бітіріп, экономист дипломын алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет