Сураган Айша Сураганқызы,
Қарағанды қаласы,
Әлихан Бөкейхан атындағы
№76 «ЖББОМ» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Ғасырдың ғажап азаматы
Тәрбие сағатымыздың мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, шарлар, Н.Ә.Назарбаев портреті, Астана, рәміздер, гүлдер, т.б.
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі «Ғасырдың ғажап азаматы» атты танымдық-ақпараттық тәрбие сағатымызды (дөңгелек стөл) ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: -Тұманбай Молдағалиевтың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаған «Есіл ер» өлеңі оқылады.
Есіл ер
Мақсат: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтының да,халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегінде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
Елнур: Нұрсұлтан бар деп нұрына сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз.
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілсін сен жіберген.
Жесірге пана,қашаңда қашан қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Ән: «Үш қоңыр»
Мұғалім: Түрлі елдердің танымал саясаттанушылары мен сарапшылары
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрыңғы кеңестіктің саяси өмірінде ғана емес, сонымен қатар қазіргі бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа да бірегей құбылыс болып табылатындығын айтады. Нұрсұлтан Назарбаев –бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін,үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлылықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді:ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Мұғалім:-Қазір 4 сынып оқушылары қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы өз ізденістерімен дайындаған ақпараттар бойынша мағлұмат береді;
Алдияр: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалақ шағы «таршылық жағдайда» өтті: үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналатын.Мектепте өте ыждағаттылықпен оқып, көп қиналмай жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты, олар да таусылмайтын ақыл-кеңестерімен өмір жолын дұрыс көрсете білді.
Нұрзат: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен сол жылдары Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз уақыт еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандақтармен Украйнаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл уақытта өнім бере бастаған комбинатқа қайтып келген соң шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Аңсар: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері барынша жарқырап көрінді, іс жүзінде алдымен жастардың, содан соң партияның ұйтқысына айналған ол қызмет сатысында тез жоғарылап, қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметкер атқарды. Өзінің туған металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Мақсат: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Өндірістік,экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі,жұртшылықпен жақсы тіл табыса алуы,олардың қажеттіліктерін терең түсінуі, өз көзқарасы мен сенімін табандылықпен қорғай білуі,принципшілдігі мен биік беделі Нұрсұлтан Назарбаевты қоғамдық жұмысқа болуына ықпал етіп, осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
Елнур: 1-ші желтоқсан 1991 жылы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Н.Назарбаевтың есімі мен халықтың ғасырлар аңсаған арманының орындалуы 1991 жылғы 16 желтоқсанда жарияланған жаңа Тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттігінің жаңғыруы тығыз байланысты. Тәуелсіздік туы көтерілгеніне биыл 21 жыл толып отыр.
Сабит: Бақаға жалтақтайтын күннен кеттік,
Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік.
Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік,
Қысқасы тәуелсіз ел болудың ең қиын белесінен өттік.
Ермахан: Ең бірінші бақытым –халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын,қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің
Нұркелді: Ал екінші бақытым-тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім,
Кей- кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Аңсар: Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Құдай деген кім десе,Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
Ән: Қазағым осы.
Мұғалім: ХХІ ғасыр - білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз-өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 21 жылдық шежіресіне ой жіберейік.
Елнур: 1991 жыл10-қазан.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
Мақсат: 1992жылы наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.
Дарын: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Ермахан: Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,
Ту төрінен елге нұрын төкті күн.
Ту төбемде қанат қақты қырандай,
Қуанбаған ешбір қазақ жоқ бүгін.
Тоздырмаймыз сені ешқашан көнертіп,
Ием бар де жауға бермей өлер тік.
Жаса мәңгі өз көгімде,өз туым,
Желбірей бер көсегімді көгертіп
Нұртас: 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-«Теңге» айналымға енді.
Елнур: Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын,ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраным бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
Аңсар: 1994жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
Нұртас: 1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.
Алдияр: А та Заң. Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз.
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
«Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!»
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30-тамыз - Ата Заңы күні бұл.
Дарын: 1996 жылы 30-қаңтарда Қазақстан Парламентінің І –сессиясы өтті.
Мақсат: 1997 жылы «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.
Әлішер: 1998 жылы10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
Алдияр: Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек,айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: Астана
Жантас: 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. «Қазақстан -2030» даму стратегиясы жарияланды.
Дарын: 2030 барыс жылға тапсырма-
Болашақтың бүгінге беретұғын бағасы.
Егеменді елімнің көк байрағы тігілді,
Ораза ұстап, құрбан шалып жатырмыз,
Қайта тауып жоғалтқан дінімді.
Егеменді елімнің Президенті бастаған
Отанымда барлық ел-жұрт татулықты қостаған.
Жадымызда жатталсын барыс жылы деп,
Әйгіленіп әлемге, заң шщығарып тастаған.
Мақсат: 1999жылы 10-қаңтар Президент сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге Президент болып қайта сайланды.
Сабит: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы»деп жарияланды.
2002 жылы 23-қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.
Ермахан: 2005жылы 4-желтоқсанда бүкілхалақтық Президент сайлауы болды.
2006жылы 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды,
«Менің Қазақстаным» жер жүзіне тарады.
Елнур: Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ.Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірде- бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды.Біздің болағағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер арқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз.
Мақсат: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім»деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік.!
Дарын: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші,ағайындар-бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жжан,
Әрдайым елімменен кеңескен,
Шығара да алмас мәңгі ел естен.
Жас Отаным біраз жылдың ішінде
Басқа елмен терезесі теңескен.
Елбасымыз,біргеміз біз өзіңмен,
Жаралғанбыз қайсар қайтпас төзімнен.
Өзіңізбен болсақ егер мәңгілік,
Әділеттің атар таңы сезілген.
Мұғалім: Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті
Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.
Аңсар: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын
Президентім,елбасы,аман болғай,
Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!
Мұғалім: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Елнур: Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Барлығы:
Біз ант береміз. «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».
Мұғалім: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» деген Абай өсиетін естеріңе мықтап ұстаңдар!
Ән: Елім менің (сөзі:Н.Назарбаев, әні: Бекболат Тілеуханов).
Достарыңызбен бөлісу: |