Объект: Адамның жеке бас бостандығы
Объективті жағы: Адамды ұрлау әрекеті
Субъективті жағы: Тікелей қасақаналық
Субъект: 14 жасқа толған есі дұрыс адам
Есеп № 59
Мамандандырылған мектеп-интернат тәрбиешісі Алдабергенова тәрбиеленуші Төлегеновты ән сабағына қатыспағаны үшін түзеу шарасы ретінде Төлегеновті орындыққа байлап, құлағына стереоқұлаққаптарды таққызып, оны адам шыдай алмайтын қатты дыбысты әнді ұзақ уақыт бойы тыңдауға мәжбүрледі.
Алдабергенованың әрекеттерін саралаңыз.
Жауабы:
Қылмыс құрамы: формальді
ҚР Қылмыстық Кодексi
110-бап. Қинау
1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса, –
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты;
төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Объект: Басқа бір адамның денсаулығы
Объективті жағы: Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату әрекеті
Субъективті жағы: Тікелей қасақанылық
Субъект: 16 жасқа толған есі дұрыс адам
Достарыңызбен бөлісу: |