Глутатион - глиоксилаза, фосфоглицерин қышқылының дегидрогеназасы және т.б. оксидазалардың коферменті. Химиялық табиғаты бойынша ол трипептид: гамма-глютаминил-цистеинил- глицин.
Липой қышқылы - альфа-кетоқышқылдардың тотығушы декарбоксилазалары (пируват және альфа-кетоглутарат) полиферментті комплексінің коферменті.
Липой қышқылын N дәрумені ретінде белгілейді :
CН2--СН2--CН--(--СН2)4--СООН
| |
S --------------- S
Коэнзим Q10 (убихинон) құрылысы және тотығу-тотықсыздану қасиеттері жағынан нафтохинондарға (К витамині) және токоферолдарға (Е витамині) ұқсас болады.
Бұл бензохинондар класының майда еритін қосылысы, клеткалардың энергетикалық алмасуына қатысады.