Ғғ. қазақ мәдениеті Кенесова Нуршат хіт 21-03



бет8/8
Дата08.02.2022
өлшемі96,5 Kb.
#124152
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
18- 19 ҒҒ ҚМ Кенесова Нуршат

  • Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш.Уәлиханов, — ол әрі жарылқады , әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”. Қазақтардың түсінігі бойынша,көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының “құтын” алып кететін ерекше күші болған. Сондықтан ат сатқанда – жүгенін, түйе сатқанда – мұрындығын, сиыр сатқанда бас жібін бермеген. Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған.Оларда ертедегі дәстүрлердің – топтық некенің, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық отбасының қалыңмал және енші берудің және т.б. ғұрыптардың белгілері жақсы көрініс тапқан. Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді. Оны бұзушыларға айып салынды. Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді. Келін атасының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады, оларды өз атымен атамады.
  • Қазақтар 22 наурыздағы көктемнің күн мен түн теңесетін күніне тұстас келетін Жаңа жылдың келуін жыл сайын ежелден көңілді мейрам ретінде атап өткен. Әйелдер дәстүрлі рәсімдік тағам – “наурыз көже” дайындап, оны келген қонаққа берген. Қазақтар арасында діни сипаттағы “құрбандық шалу” рәсімі кең қолданылды. Құрбандық шалу соғыстың аяқталуы, ұлының шайқастан аман оралуы, шаңыраққа ұл перзенттің келуі, өлімнен аман қалу, тасаттық беру, т.б. салт-жоралғыларға байланысты жүзеге асырылды.


  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет