1-анықтама. Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай бір жақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.
ЕГЕР ДӨҢЕС КӨПЖАҚТЫҢ ЖАҚТАРЫ ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ БІРДЕЙ ДҰРЫС КӨПЖАҚТАР БОЛСА ЖӘНЕ КӨПЖАҚТЫҢ ӘРБІР ТӨБЕСІНЕН ШЫҒАТЫН ҚЫРЛАР САНЫ БІРДЕЙ БОЛСА, ОНДА ОНЫ ДҰРЫС КӨПЖАҚ ДЕП АТАЙДЫ
Дұрыс көпжақтың бес түрі бар:
Дұрыс тетраэдр;
Куб (Гексаэдр);
Октаэдр;
Додекаэдр;
Икосаэдр.
Дұрыс тетраэдрдың жақтары – дұрыс үшбұрыштар, оның төбесінде үш қыры тоғысады. Дұрыс тэтраэдр барлық қырлары тең болатын үшбұрышты пирамида.
Кубтың жақтары – квадраттар, оның әрбір төбесінде үш қыры тоғысады. Куб - барлық қырлары өзара тең тікбұрышты параллелепипед.
Октаэдрдың жақтары – дұрыс үшбұрыштар, оның әрбір төбесінде олар төртеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, “октаэдр” – “сегіз жақты” деген мағына береді.
Додекаэдрдың жақтары – дұрыс бесбұрыштар, оның әрбір төбесінде үшеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, “додекааэдр” – “он екі жақты” деген мағына береді.
Икосаэдрдың жақтары – дұрыс үшбұрыштар, оның әрбір төбесінде бесеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, “икосаэдр” – “жиырма жақты” деген мағына береді.
Достарыңызбен бөлісу: |