«Ғылым қоры» АҚ Президентінің 2016 жылғы № бұйрығымен бекітілген


 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі142,73 Kb.
#36969
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары



  1. Конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет аккредитациясы бар субъектілер, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары қатысуға құқығы бар.

  2. Жоба жетекшісі Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек, сондай-ақ екіден артық жобаға қатыса алмайды.

  3. Қаржыландыруға мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуы керек. Грант шеңберінде берілген қаражат өтінімде көрсетілген мақсаттарға бағытталуы керек.

  4. Командада коммерциаландыру бойынша маманның немесе бизнесті дамытуда тәжірибесі бар кәсіпкердің болуы міндетті.

  5. Жоба командасы 7 адамнан аспауы керек.

  6. Жаңадан құрылған зияткерлік меншік объектілері Жобаны іске асыратын заңды тұлғаның атына тіркелуі керек.

  7. Жобаға қатысты қолданыстағы зияткерлік меншік объектілері Жобаны іске асыратын заңды тұлғаға лицензиялық келісім-шарт немесе айырықша құқығын өзгеге беру келісім-шарты бойынша берілуі керек.

  8. Берілген Жоба бойынша қаржыландыруға ұсынылған іс-шаралар мен шығындар бұрын мемлекеттік бюджет немесе басқа да қаражат көздері есебінен қаржыландырылған болса немесе қаржыландыру үстінде болса, ондай тұлғалар грант алу үшін өтінім беруші бола алмайды.

  9. Жобаға өзінің немес бизнес-серіктес тарапынан қосымша қаржыландыру болған жағдайда, өтінім берілгенге дейін ақша түрінде салым сомасы анықталуы керек.

  10. Өтінім материалдарында шығармашылық ұрлық, бұрмаланған, жалған ақпарат табылса, Оператор өтінімді ағымдағы жылда грант беру рәсімдерінің кез келген кезеңінде өтінімді одан әрі қарамай, кері қайтаруға құқылы.

  11. Бизнес-серіктестің бар болуы гранттық қаржыландыруды алатын жеңімпазды анықтағанда және өтінімді қарастырғанда басымдылық жағдай болып табылады.

  12. Конкурсқа қатысудан кері қайтарылатындар:

  1. мазмұны мен рәсімдеуі осы Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

  2. материалдарында шығармашылық ұрлық, бұрмаланған, жалған деректер, жалған бірлескен авторлық, материалдық-техникалық базасы туралы жалған деректер табылған өтінімдер;

  3. қаржыландыруға ұсынылған іс-шаралар мен шығындар бұрын мемлекеттік бюджет немесе басқа да қаражат көздері есебінен қаржыландырылған немесе қаржыландыру үстіндегі өтінімдер;

  4. өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет