Конкурстық өтінімдерді қарастыру және жеңімпазды айқындау тәртібі
Грант ұсыну бойынша өтінімдерді қарастыру тәртібі Конкурс Операторы жүргізетін келесі кезеңдерді қамтиды: тіркеу журналында өтінімдерді қабылдау және тіркеу;
өтінімдерді Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуын тексеру;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізу;
өтінімдерді мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (ары қарай – МҒТС) және мемлекеттік экономикалық (маркетингтік) сараптама (ары қарай – МЭМС) нәтижелерімен тиісті Ұлттық ғылыми кеңестерімен (ары қарай - ҰҒК) қарастыру;
ҰҒК алдында жобаларды өтінім берушілермен қорғау;
ҰҒК Конкурс жеңімпаздары және Жобаларды қаржыландыру көлемдері туралы шешім қабылдау;
қабылданған шешім туралы Конкурсқа қатысушыларға хабарлама беру;
Конкурс жеңімпаздары мен гранталушылармен Шартқа қол қою. Өтінімдерді қарастыру мерзімі – Конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 95 (тоқсан бес) күннен аспауы керек.
Өтінім беруші Конкурсқа қатысу үшін берген өзінің өтінімін Конкурс өту туралы хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін кез келген уақытта қайта кері қайтарып алуға құқылы.
Өтінімді кері қайтару туралы жазбаша хабарлама өтінім берушімен Конкурс Операторының мекенжайына өтінімнің тіркеу нөмірін көрсете отырып жіберіледі. Хабарлама өтінім берушінің (заңды тұлға үшін) мөрімен басылады және оған өтінім берушінің бірінші жетекшісі қол қояды. Егер Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарлама белгіленген талаптарға сәйкес келмесе Конкурсқа қатысу үшін өтінім кері қайтарылмады деп саналады.
Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарламаны Конкурс Операторы тіркейді. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарлама ұсынған өтінім берушінің талабы бойынша Конкурс Операторы Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарламаны алғаны туралы хабарламаның тіркеу нөмірі және хабарлама алған күні мен уақыты көрсетілген қолхат береді.
Грант алушы Шарт жасасу алдында:
Қазақстан Республикасы резиденті – екінші деңгейлі банкте эскроу-шотты ашады;
бизнес-серіктестің жоғары аталған шотта ақша құралдарының орналастыруын (қосымша қаржыландыру болған жағдайда) қамтамасыз етеді және екінші деңгейлі банктің шотында қаражаттың бар болуы туралы тиісті анықтаманы ұсынады.
Шарттың міндеттерін бір жақпен орындалмауы кезінде немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, эскроу-шоттағы ақша банкпен төлеушіге қайтарылады.