«Ғылым қоры» АҚ Президентінің 2016 жылғы № бұйрығымен бекітілген


Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі (ОКЭД:28 коды)



бет4/9
Дата06.02.2022
өлшемі142,73 Kb.
#36969
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі (ОКЭД:28 коды);

  • Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі (ОКЭД:29 коды);

  • Өзге көлік құралдар өндірісі (ОКЭД:30 коды);

  • Жиһаз өндірісі (ОКЭД:31 коды);

  • Өзге дайын бұйымдар өндірісі (ОКЭД:32 коды);

  • Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату (ОКЭД:33 коды);

  • Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату (ОКЭД:38 коды);

  • Техникалық сынақтар және талдаулар (ОКЭД:71.2 коды);

  • Буып-түю (ОКЭД:82.92 коды).




    1. Жобаны іске асыру жоспары




    1. Жобаның іске асырылуы қатаң түрде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант беру шартына (ары қарай – Шарт), осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

    2. Грант шеңберінде грант алушының келесі шығындары қаржыландырылады:

    1. Жобаны іске асыруға қатысатын қызметкерлердің еңбекақыларын төлеу қоры. Бұл ретте қызметкердің айлық жалақысының көлемі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті деректеріне сәйкес, экономикалық қызметтің тиісті түрі бойынша бір қызметкердің номиналды орташа айлық жалақысынан аспауы қажет;

    2. Жобаны іске асыру үшін құрал-жабдықтарды, жиынтықтауштарды және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, жеткізу және монтаждау;

    3. Жобаны іске асыру үшін шығын материалдарын сатып алу;

    4. Жобаны іске асырумен байланысты үшінші тұлғалардың жұмысы мен қызметтерінің төлемі;

    5. Жобаны іске асыру үшін қажетті ғимаратты, құрал- жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға алу;

    6. Жобаны іске асырған кезде алынған жаңа құрылған зияткерлік меншік объектілері үшін зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалардың қызметі мен мемлекеттік және патенттік баждарды төлеу);

    7. Жобаны іске асырумен байланысты іссапар шығындары (бұл ретте іссапар шығындар нормалары «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысына, ал шетелдік іссапарлар «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы №108 Қаулысына сәйкес болуы керек);

    8. Жобаны ілгері бастыру бойынша, дистрибуция мен маркетингтік қызметтер шығындары, оның ішінде буклеттер, брошюралар, баннерлер, макеттер жасау шығындары;

    9. Жобаны іске асырған кезде пайда болатын салық міндеттемелері;

    10. Грант қаражатын аудару үшін ашылған шотты санамағанда, банктік қызметтер.

    1. Грант қаражаты есебінен қаржыландырылмайтын шығыс баптары:

    1. құмар ойындарын, алкогольдік ішімдіктерін, темекі бұйымдарын, қару-жарақты әзірлеу, өндіру және сату саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған шығындар;

    2. қандай да бір үшінші жаққа пайыздар немесе берешекті өтеу;

    3. ықтимал болашақта пайда болатын залалдар немесе борыштар шығындары мен резервтері;

    4. нәтижелері мемлекеттік бағдарламалар немесе компаниялардың/ұйымдардың есебінен қаржыландырылған жобалар;

    5. валюта айырбастау және айыппұлдар шығындары;

    6. грант алушының қызметкерлеріне материалдық көмек, өтемақылар мен сыйлықтар төлеу;

    7. өкілдік шығындар;

    8. персоналды қабылдау қызметтері мен жазылуға жұмсалатын шығындар;

    9. көлік құралдар (Конкурс Операторымен келісу бойынша арнайы мақсаттыдан бөлек), жер немесе ғимараттар сатып алу;

    10. ғимараттар мен құрылыстарды салу, көліктік инфрақұрылым, күрделі жөндеу шығындары;

    11. Жобаны іске асырумен байланысты емес басқа да шығындар.

    1. Жобаны іске асыру нәтижесі болып ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін, оның ішінде нарыққа табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, қызмет және процесстер шығару мақсатындағы зияткерлік қызмет нәтижелерін практикалық қолданумен байланысты қызмет саналады.

    2. Жобаны іске асырумен байланысты Жобаны іске асыру барысында және (немесе) аяқталғаннан кейін мақалаларды с.с. жариялаған кезде грант алушы алынған грантқа сілтеме жасап, Оператор және (немесе) уәкілетті органды көрсету керек.

    3. Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет