«Ғылым қоры» АҚ Президентінің 2016 жылғы № бұйрығымен бекітілген



бет9/9
Дата06.02.2022
өлшемі142,73 Kb.
#36969
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды ережелер

  1. Әлеуетті өтінім берушілерге кеңес беруді Конкурс Операторы: тікелей сұхбаттасу, техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (телефон, интернет), семинар-кездесулерді ұйымдастыру және өткізу және де басқа түрлері арқылы жүзеге асырады.

  2. Өтінім беруші жазба түрінде немесе электрондық құжат түрінде Конкурс Операторына Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша сұрақтарды, Конкурстық құжаттамада және Конкурсты өткізу хабарламасында көрсетілген, пошталық мекенжайға немесе электрондық поштаға жолдауға құқылы. Бұл ретте, сұрауда:

- Конкурс және Конкурс Операторы атауы;
- сұрауды жолдаған ұйымның атауы және оның мекенжайы;
- түсіндіруді қажет ететін Конкурстық құжаттаманың тармағы;
- түсіндіруді қажет ететін сұрақтар;
- жауапты қайтаратын тиісті электрондық пошта мекенжайы, факстың нөмірі, пошталық мекенжайды көрсету арқылы түсіндіруді алу тәсілі (поштамен, факсимильды байланыспен, электрондық поштамен). Сұрауға ұйымның жетекшісі немесе басқада уәкілетті тұлға қол қоюы қажет.

  1. Сұрау түскен уақыттан бастап бес жұмыс күн ішінде Конкурс Операторы жазбаша немесе электрондық құжат түрінде Конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіруге міндетті.

Конкурстық құжаттаманың ережесін өтінім берушілерге түсіндіру ғылым саласындағы уәкілетті органның және Конкурс Операторының ресми сайтында Конкурсты өткізу туралы хабарламаны орналастырылған күннен бастап жүргізіледі.
Конкурстық құжаттаманың ережесін өтінім берушілерге түсіндіру мерзімінің аяқталуы – Конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген, Конкурста қатысу үшін өтінімді ұсыну мерзімінің аяқталуына бес жұмыс күні қалғанға дейін.

  1. Өтінімді ұсыну мерзімі - 2016 жылдың «14» қыркүйегінен 2016 жылғы «27» қазанға дейін.

  2. Өтінімдерді қабылдау уақыты – жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге, 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.

2016 жылдың 27 қазанында «Ғылым қоры» АҚ өтінімдерді Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.

  1. Өтінімдерді қабылдау орны – Астана қаласы, Республика даңғылы 24, 5 қабат – «Ғылым қоры» АҚ, 501 кабинет.

  2. Байланыс тел.: +7 (7172)20-11-97, +7(7172)26-63-59; e-mail: fond_nauki@mail.ru.

  3. Конкурстық құжаттаманы түсіндіретін және конкурстық өтінімді даярлау бойынша сұрақтарға кеңес беретін, жауапты лауазымды тұлға – Жұмағалиев Бауыржан Маратұлы.

  4. Ғылым саласындағы уәкілетті органның байланысы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 11 кіреберіс, тел: +7(7172)74-24-85.

________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет