Тапсырма Топқа бөлу, сұрақтарды тарату, бір-бірін тексеру (оқушылар ноутбук бойынша интернет желісінен материалдар қарастырады) оттектің табиғатта таралуы оттекті алу жолдары оттектің физикалық қасиеттері Постер қорғау



Дата25.05.2022
өлшемі15,99 Kb.
#144946
Байланысты:
29 ДМ Н1 Химия Оттектің алынуы, қасиеттері және қолданылуы
экологияТД2-3 дәрістер — копия, База НЦНЭ 2022, Казакша.Зат алмасу

Тапсырма
Топқа бөлу, сұрақтарды тарату, бір-бірін тексеру (оқушылар ноутбук бойынша интернет желісінен материалдар қарастырады)
- оттектің табиғатта таралуы.
- оттекті алу жолдары
- оттектің физикалық қасиеттері
Постер қорғау.
Жетістік критерийлері.
1. Cұрақтарға толық ашып жауап береді
2. Топ мұшелері толық жұмыс жасайды
3. Дәлелді қорытындылайды.
Оқушылар бір-бірін тыңдайды және бағалайды.

Тапсырма



«Оттегі туралы ертегі»
(Ертегіні оқу барысында әр топтан оқушылар кезекпен шығып реакция теңдеулерін жазады)
Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2 – қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:
...........................................................................................................................................................

Тоңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:


...........................................................................................................................................................
Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:

...........................................................................................................................................................


Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады.
№ 12 пәтерге кірсе онда да бөлменің іші жарқылдап жанып, жылу бөлінеді. Ол жерден де тура қашып, жан – жағына қараса № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:

...........................................................................................................................................................


Бұдан соң оттек № 14 пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:

...........................................................................................................................................................


Оттек өзінің осындай қасиетіне маңғаздана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттар да оттекте жанады. Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдепті және түрленіп басқа да жай зат күйінде кездеседі екен.

Бағалау критерийлары:

  • Сутегімен реакция теңдеуін жаза алады

  • Көміртегімен реакция теңдеуін жаза алады

  • Азотпен реакция теңдеуін жаза алады

  • Магний және фосформен реакция теңдеуін жаза алады.

  • Күкіртпен реакция теңдеуін жаза алады.

  • №2,10,18 элементтерін анықтай алады

  • Оттек аллопропиясын біледі



Химиялық диктант
Оттек ... зат. Жай зат оттекпен әрекеттескенде ...түзіледі. Жылу мен жарық бөлетін ... реакциясы. Оттек суда ... ериді. Қарапайым жағдайларда ... газ. Күрделі заттар жанғанда ... газы және ... түзіледі. Оттек ... алу үшін қажет. Қыздырғанда оттек көптеген металдармен және бейметалдармен шабытты реакцияласып, ......... және ............ бөледі.


Бағалау критериі:
«Басбармақ» белгісі арқылы өз білімдерін жетістік критерийлері бойынша бағалау:
- Қате жіберілмесе, «Мен білемін» – басбармақ жоғары қарайды (А),
- 1-2 қате жіберілсе, «Мен жартылай білемін» – басбармақ жанына қарайды(В),
- 3тен көп қате жіберілсе, «мүлдем сенімсізбін» – басбармақ төмен қарайды( С).
Белгілерді көргеннен кейін :
(1) білмеген оқушыларға сұрақ қояды: «Нақты нені білмедіңіз?»;
(2) жауаптарының дұрыстығына сенімсіз оқушы жауап береді;


Рефлексия
1 жол – зат есім (синквейн тақырыбы)
2 жол – екі сын есім (синквейн тақырыбын ашатын)
3 жол – үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)
4 жол – сөйлем (тақырыпқа байланысты айтылған)
5 жол – синоним (сөз, сөйлем)

Айналымдарды жүзеге асырыңдар
Н2О → О2 → Fe2O3 → Fe → FeCl2

P2O5

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет