Сабақтың тақырыбы: Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы Сабақтың мақсаты



бет1/15
Дата22.03.2017
өлшемі2,05 Mb.
#12098
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
11-сынып №1сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы



Сабақтың мақсаты:
Тыңдаушылырға мамандыққа байланысты сөздерді меңгерту арқылы өз мамандығы бойынша айта білуге дағдыландыру.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

Көрнекілігі: электронды оқулықтар, слайдтар, кино үзінділері.

Әдіс-тәсіл: СТО технологияларының стратегиялары

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, туған күндері бойынша топқа бөлу,
І топқа – желтоқсан, қаңтар, ақпанда туғандар
ІІ топқа – наурыз, сәуір, мамырда туғандар
ІІІ топқа – маусым, шілде, тамызда туғандар
VІ топқа – қыркүйек, қазан, қарашада туғандар

I. Қызығушылығын ояту

«Бұл не сөз, тауып көрші» ойынын ойнату.

Ойын шарты: 1-сөйлемді оқимын. Сол сөйлемнің мағынасына байланысты тыңдаушылар сөздерді айта бастайды. Сөздерді тақтаға жазып тұрамын.
2-сөйлемді оқимын, тыңдаушылар сөйлемді тыңдай отырып, алғашында жазған сөздердің керексізін сыздыртып, жаңадан сөздер айтады.Тыңдаушылар жасырынған қандай сөз екенін тапқанда ойын аяқталады.

II. Мағынаны ажырату.

1. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.


Мақсаты: Тыңдаушылардың жан-жақты білімдерін тексеру.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.

2. Жаңа сабаққа кірісу үшін интерактивті тақтадан әр түрлі мамандық иелерінің суреттері(слайд түрінде) көрсетіледі. Тыңдаушылар мамандық иесінің атын айтып, қандай жұмыс істейтінін табуы керек.


Мысылы: дәрігердің суреті көрсетілсе, оның атын айтады және адамдарды емдейтінін айтады.

3. ЖИКСО-1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Менің мамандығым» мәтінімен жұмыс



  • электронды оқулық арқылы тыңдалым;

  • жекелей оқылым;

  • топта мәтін негізі бойынша сұрақ құрастыру;

Лексикалық минимуммен жұмыс

  • электронды оқулықтан тыңдалым;

  • жекелей және жұппен оқылым;

  • топтарға тапсырма


III. Ой толғаныс.

1. Топтастыру стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, «Мамандық» сөзіне топтастыру құрады


Мақсаты: Мамандық туралы ойларын жинақтау.

2. Әркім «Менің мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырады.


Мақсаты: Өтілген сабақтың нәтижесін анықтау.

3. «Хат жазу» стратегиясы.


Мақсаты:Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не істегенін айта білуге дағдыландыру.
«Бүгін сабақтан алған әсерім» тақырыбында бір-біріне хат жазады.

Үйге тапсырма: «Менің мамандығым» тақырыбында әңгімелеуге дайындалу.

Сабақтың тақырыбы: Менің үйім, пәтерім. 4- модуль,1- сабақ.

Сабақтың мақсаты:
Тыңдаушылырға үйге, пәтерге және тұрмыстық заттарға байланысты сөздерді меңгерту арқылы өз пәтерлері туралы айта білуге үйрету.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Мемлекеттік тілге, ұлттық дәстүрге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілігі: электронды оқулықтар, слайдтар,интерактивті тақта.

Әдіс-тәсіл: СТО технологияларының стратегиялары.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.
1.Интерактивті тақтадан қазақ халқының киіз үйі, онда қойылатын тұрмыстық заттар туралы слайд көрсету, мағлұмат беру, қошқар мүйіз оюының кесінділері бойынша топқа бөлу.

IІ. Мағыныны ажырату

1. «Үш қадамады сұхбат» стратегиясы.


Мақсаты: Тыңдаушылардың жан-жақты білімдерін тексеру.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.

2. ЖИКСО-1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Менің үйім, пәтерім» мәтінімен жұмыс.


-электронды оқулық арқылы тыңдалым;
Тыңдалымнан кейін мәтінді қалай түсіну деңгейін анықтау үшін төмендегідей тапсырмалар беруге болады.
1. мәтіндегі аудармасын білмейтін сөздерді жазу;
2. мәтіндегі тұрмыстық зат атауларын жазу;
-жекелей оқылым;
1. әр бөлме туралы сипаттама жазу;
(мысалы: ас үйде тоңазытқыш, ыдыс жиһазы бар)
-топта мәтін негізі бойынша сұрақ құрастыру;

Лексикалық минимуммен жұмыс:



  • электронды оқулықтан тыңдалым;

  • жекелей және жұппен оқылым;

Жаңа сөздерді меңгерту.
1-тапсырма.
Сөз тіркестерін құрау;
2-тапсырма.
Тыңдаушыларға сөздердің екі тілдегі баламаларын тапқызу;
(мысалы: 1-тыңдаушы қазақшасын айтса, 2-тыңдаушы орыс тіліндегі баламасын айтуы керек)
-топтарға тапсырма
1-топ. осы сөздермен сөз тіркесін құрау;
2-топ. Сөздермен сөйлем құрау:
3-топ. Осы сөздерге Қайда?Неде?Кімде?сұрақтарының жалғауын жалғау.

4. «Талдау» стратегиясы


Мақсаты: сауаттылыққа дағдыландыра отырып, өтілген тақырыпты тәжірибеде қолдана білуге үйрету
Оқулықтағы 1- тапсырма.
Сөз тіркестерін, сөйлем құраңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.


Биыл Ивановтар отбасы жаңа пәтер ал….
….Қ. Қайсенов көшесінде тұр…..
…..пәтер… кең
Терезелері…..
Пәтер……. өте жылы
3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз
Сіздің пәтеріңіз тар ма, кең бе?
Пәтеріңіз суық па, жылы ма?
Пәтеріңіз бірінші қабатта ма, екінші қабатта ма?
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
Сізде пәтер бар ма?
———————————
Ас жиһазы қайда тұр?
———————————

ІІІ. Ой толғаныс
1. «Жоба қорғау» стратегиясы
Мақсаты: Менің үйім, пәтерім туралы ойларын жинақтау.
Әр топ бірлесе отырып, «Біздің үй, пәтер»деген тақырыпта жоба
қорғайды. (ватманға үйдің суретін салып, ішіне тұрмыстық заттарды орналастырады)

Төмендегідей жетекші сұрақтар қоюға болады.



  • пәтерлеріңіз қайда орналасқан?

  • қандай үй? (жер үй, қабат үй)

  • неше шаршы метр?

  • қандай бөлмелер бар?

2. Өтілген сабақтың нәтижесін байқау мақсатында
әркім «Менің үйім, пәтерім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырады.

3. «Хат жазу» стратегиясы.


Мақсаты: Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта үйренгендерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру.
Сіздің әріптесіңіз мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алды. Әріптесіңізді жаңа қонысымен құттықтап, хат жазыңыз (оқулықтағы коммуникативтік жұмыстағы сөздерді пайдалана отырып жазу)

Үйге тапсырма: Сіз пәтеріңізді сатасыз. Жарнама жазып келу.

11-сынып №2сабақ

Сабақтың тақырыбы: Еденге паркеттің төсеу

Мақсаты: оқушыларға едендік жабындар туралы түсінік бере отырып, онымен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың едендік жабындар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу;

Түрі: жаңа білім қалыптастыру;

Көрнекілігі: Линолеум,қыш тақташалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі


    Жаңа білім қалыптастыру.
  2. Жаңа білім бекіту.


  3. Үйге тапсырма беру.


  4. Оқушыларды бағалау.


  5. Сабақты қорытындылау.



    Жаңа сабаққа кіріспе.

    Едендік жабындармен жұмыс істеудің негізгі функциялары:


  • Паркетті едендерді жөндеу;


  • Дара паркетті жөндеу;


  • Линолеумді жөндеу;


  • Қыш тақташаларды жөндеу;


  • Ламинатты төсеу;


  • Еден күтімі

    Паркетті едендерді жөндеу – жинақтық паркеттің шығып кеткен тақтайшаларын төсеу кезінде қолданатын мастикамен желімдейді. Тақтайшаларды кірінен тазалап, ескі желімді кетіреді. Тақтайша орнатылған негіздің желімін де тазартады, желімді қайта жағады, орнына қойып, ауыр затпен бір тәулік бастырып қояды.

    Дара паркетті жөндеу – дара паркет тақтайшалары өзара ойықпен және тарақ тістерімен біріктіріледі.Зақымданған тақтайшаларды көрші тақтайшалардың тарақшаларымен бірге шауып алып тастайды. Жаңа тақтайшаның тарақтарын да кесіп алып тастап, дайындалған орынға желімдейді.

    Линолеумді жөндеу – жөндеу кезінде ескі линолеумді жаңасымен алмастыруға тозған жерлерін жамауға болады. Егер линолеумді алу қиын болса, онда желім жағылған жерлерін жібітіп алады, сонда линолеум оңай алынады.

    Қыш тақташаларды жөндеу – қыш тақташалармен жабылған едендер жоғары беріктігімен ерекшеленеді, сондықтан басқа едендерге қарағанда жөндеуді сирек қажет етеді. Көбінесе мынадай зақымданулар кездеседі:


  • Сына бастайды;


  • Үнемі аяқпен басыла бергендіктен, беті сүріледі;


  • Қыш тақташалардағы жарықшақтарды цемент қоспасымен толтырады;


Ламинатты төсеу. Ламинат – қалыңдығы 6 – 11мм, ұзындығы 1,5м және ені 20см болып келетін табақ материал. Әрбір табақтың шеттерінде біріктіретін құлыптар орналасады. Табақтардың бетіндегі үлдір қабат оларды күн сәулесі мен ылғалдан қорғайды. Сурет салынып, түс берілген келесі қабаты – қағаз. Ал, үшінші негізгі қабаты жоғары тығыздықтағы ағаш талшықты тақта. Соңғы қабаты қорғаныш қызметін атқаратын әртүрлі шайырлар сіңірілген қағаз.

Төсеудің желімдік әдісінен кейін табақтарды қайта пайдалануға болмайды. Бұған қоса желімдік ламинатты жылытылатын едендерге пайдаланылмайды.



Еденді ламинат төсеуге дайындау


Ламинатты төсеу тәсілдері


Ламинатты сатып алғаннан кейін бөлме температурасында бірнеше күн ұстау керек. Төсеудің алдында бірінші кезекте еденнің тегістігін тексеру қажет. Егер тегіс еместік мөлшерден асып кетсе, онда тегіс емес жерлердің бәрін ажарлаушы машинамен теістеу керек. Ламинатты бетондық жазықтыққа төсеу кезінде де тегістікті тексеру керек.


Ламинатты төсеудің тікелей алдында бағытты таңдап алуы қажет. Егер терезелер бөлменің бір жағында орналасса, онда ламинат күн сәулелері бағытын бойлай төселеді. Ламинатты желімдік және желімсіз тәсілмен біріктіреді. Ламинатты төсеудің желімдік тәсілінің артықшылығы табақтардың қосылған жерлері ылғалға төзімді келеді.


Еден күтімі.

Еденді күтуге арналған заттар қатарына мыналар жатады:


  • Мастика


  • Жалтырағыш эмульсия


  • Еден тазартқыш


  • Жуу – жалтырату


  • Сырлау бұйымдары


Мастика – мастика жағылғаннан кейін еденді сүртіп, жылтырату керек. Мастика кепкеннен кейін 20-30 минут өткен соң еденді еденсүрткішпен немесееденді сүртіп жылтыратуға арналған қылшақпен сүрту керек. 1м2 еденге 10-15 грамм мастика қажет.

Жалтырағыш эмульсия - жалтырағыш эмульсияны еденге жаққаннан кейін оны жалтыратып сүртудің қажеті болмайды.Эмульсияны бірінші сулы шүберекпен сүртіп, еденге жағу керек. Эмульсияның жылтырауын күшейту үшін оны еденге арасына 30 минут салып, 2-3рет жағу керек.

Еден тазартқыш - арнаулы тазартқыштарды қолданбас бұрын ыдыстың ішіндегісін шайқап араластыру керек. Содан кейін оны жылы сумен сұйылтып, эмульсияға айналғанша араластырады.Дайын болған эмульсияны еденге жағып, оны 5 минут өткен соңқатты қылшақпен немесе жөкемен сүртеді.

Жуу-жалтырату – еденді кірден тазартуға, сондай – ақ еденнің жылтырауын қалпына келтіруге арналған арнаулы қоспалар бар. Бұларды мастика ретінде кез – келген еденге пайдалануға болады. Ол кепкеннен кейінеден бетінде жұқа қорғаныш қабат пайда болады.Бұл еденге жалтыраған өң береді. Еден мен іргелік бастырғыдағы саңылауларды арнайы пастамен бітеуге болады.

Сырлау бұйымдары – еденсүрткішті паркет, линолеум төселген және сырланған еденді механикалық түрде сүртуге пайдаланады. Электрлі еденсүрткіш еденді электр қозғалтқыштың әсерінен айналатын қылшақпен сүртеді. Қазіргі кездегі еденсүрткіштер құрылымында сүрткіш қылшақтан шыққан шаңды қоса, сорып алу мүмкіншілігі де қарастырылған. Яғни еденсүрткіштер шаңсорғыштың да қызметін атқарады

11-сынып №3сабақ



Сабақтың тақырыбы: Паркетті төсеуге қажет мастиктер.

Мақсаты: оқушыларға едендік жабындар туралы түсінік бере отырып, онымен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың едендік жабындар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу;

Түрі: жаңа білім қалыптастыру;

Көрнекілігі: Линолеум,қыш тақташалар.

Сабақтың барысы:


Мастика – мастика жағылғаннан кейін еденді сүртіп, жылтырату керек. Мастика кепкеннен кейін 20-30 минут өткен соң еденді еденсүрткішпен немесееденді сүртіп жылтыратуға арналған қылшақпен сүрту керек. 1м2 еденге 10-15 грамм мастика қажет.

Жалтырағыш эмульсия - жалтырағыш эмульсияны еденге жаққаннан кейін оны жалтыратып сүртудің қажеті болмайды.Эмульсияны бірінші сулы шүберекпен сүртіп, еденге жағу керек. Эмульсияның жылтырауын күшейту үшін оны еденге арасына 30 минут салып, 2-3рет жағу керек.

Еден тазартқыш - арнаулы тазартқыштарды қолданбас бұрын ыдыстың ішіндегісін шайқап араластыру керек. Содан кейін оны жылы сумен сұйылтып, эмульсияға айналғанша араластырады.Дайын болған эмульсияны еденге жағып, оны 5 минут өткен соңқатты қылшақпен немесе жөкемен сүртеді.

Жуу-жалтырату – еденді кірден тазартуға, сондай – ақ еденнің жылтырауын қалпына келтіруге арналған арнаулы қоспалар бар. Бұларды мастика ретінде кез – келген еденге пайдалануға болады. Ол кепкеннен кейінеден бетінде жұқа қорғаныш қабат пайда болады.Бұл еденге жалтыраған өң береді. Еден мен іргелік бастырғыдағы саңылауларды арнайы пастамен бітеуге болады.

Сырлау бұйымдары – еденсүрткішті паркет, линолеум төселген және сырланған еденді механикалық түрде сүртуге пайдаланады. Электрлі еденсүрткіш еденді электр қозғалтқыштың әсерінен айналатын қылшақпен сүртеді. Қазіргі кездегі еденсүрткіштер құрылымында сүрткіш қылшақтан шыққан шаңды қоса, сорып алу мүмкіншілігі де қарастырылған. Яғни еденсүрткіштер шаңсорғыштың да қызметін атқарады.

Жаңа білім бекіту сұрақтары:


  • Мастиканы қалай пайдаланады?


  • Едендік жабындардың негізгі функцияларын ата?


  • Ламинат төсеудің неше кезеңі бар?


  • Еден күтуге қандай заттар жатады?


  • Линолеумді қалай тазалауға болады?


Үйге тапсырма:

§23. Едендік жабындармен жұмыс істеу; 91 – 95 беттер



11-сынып №4сабақ

Сабақтың тақырыбы: Битум мастигін әзірлеу.

Сарамандық жұмыс:

Ай-Си-Ти компаниясы керемет қасиеті бар құралдарды (битумды мастик, бағасы қолайлы, гнрметик, топырақтау) ұсынатыны, өзінің жекеменшік өңдеу пайдалану ерекшеліктерімен, терең зерттеу арқылы әр ұсынылған кейіпке байланысты жаңа құрал жабдықтарды қолдану арқылы және сапасын қатаң қадағалау арқылы.әр түрінің – герметик, топырақтау, битумды мастик дайындағанда жетілдірілген құбылысты қолдану арқылы, өңдірілген өнімнің сапасын көтердік, үнемі өңдеу арқылы құралдарды пайдалану көрсеткіштерін едаүәр көтердік, және жаққанда үнемдеүі осыған байланысты, бұл өнім сұранысқа ілінді, құрылы мекемелерінің арасында. Сапасын зерттеу арқылы бастапқы компоненттің алынуынан бастап құралдардың қасиеттері бүгінгі күннің стандартына және техникалық шартына сай келетіне кепілдік бере алдық және өнім жоғары параметірлерін сақтап қалды.

Біздің өңдеушілер әр дайын тауар өңдеу саласында соңғы беталысты және сатып алушының тілегін ескереді, сондықтан праймер топырақтау құбырларға арналған мастиктер жабқыш жабыстырушы, су шебермегіштігі, битумды мастиктерді бізден сатып алуға мүмкіндігі бар, барынша стандартқа сай. Біз ұсынған өнімнің сапасына кепілдік береміз себебі біз делдал емеспіз, біз өндіреміз


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет