Сабақ тақырыбы Еңбек нарығы және сұраныс.Ғ. Мұстафин «Қарағанды»романы Белгілібіроқытумақсаты



Дата02.10.2019
өлшемі90,46 Kb.
түріСабақ
Тексерілді: М.Лесбекова

Мектеп


Б.Момышұлы атындағы мг

Мұғалімнің аты – жөні

Усербаева А.

Уақыты

13/09

Сынып: 10Т2

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Еңбек нарығы және сұраныс .Ғ.Мұстафин «Қарағанды»романы

Белгілібіроқытумақсаты

10.​3.​1.​1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау

10.​4.​1.​1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;



Бағалау критерийі


Оқушылардың барлығы:Берілген тірек сөздерді пайдаланып жазады;

Оқушылардың көбісі:Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп мақала жазады;

Оқушылардың кейбірі: Жазылымда көркемдік тәсілдерді орынды қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Құндылықтарды

игерту


«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет



Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық

байланыс


Тарих

АКТ –ны

қолдану


дағдылары

Таныстырылым

Тілдік

міндеттер



Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылартүсінедіжәнесипаттайды...

Диалог жәнежазылымғапайдалытіркестер:



Меніңойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,...

Алдыңғыбілім


Бейімбет Майлин «Айт күндері»

Жоспар

Сабақкезеңдері

Жоспарланғаніс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Дауыстап ойлау» әдісі

Жұптаса отырып берілген ақпаратты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.

Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының  Тельман ауданында  осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыр тау – Нұра өзенінің бойындағы Сартөбе деген жерде туған. Спасск қаласындағы орысша-қазақша мектепті 1918 жылы  аяқтайды.

Көптеген  очерк, фельетондар, әңгімелер жазады.

1927 жылы – алғашқы әңгімесі  - «Сәрсен мен Мұқаш» жарық көреді.

1929 жыл – «Ер Шойын» және басқа әңгімелер»  деген  тұңғыш әңгімелер жинағы шығады.

1930 жылы – Қарағандыға келіп, қара жұмысшы болып  жұмыс істейді.

1933 жылы- «Қарағанды пролетариаты» газетінде 1 жыл еңбек етеді.

1934-38 жылдар – Новосибирьде қазақ тілінде «Қызыл ту» газетінде  жұмыс істейді.

1938 жыл – Алматыға келеді

1940 жыл- «Өмір мен өлім» романы шығады. ( Қарағанды кеншілері өмірі туралы)

1945 жыл –«Шығанақ» (Шығанақ Берсиев туралы)  романы шығады.

1948 жыл – «Миллионер» романы жарық көреді ( колхоз құрылысындағы өзгерістер туралы).

1952 жылы - «Қарағанды» романы жеке кітап болып шығады.

1960 жылы – «Дауылдан кейін» романы дүниеге келеді.

Соңғы туындысы - өмірбаяндық  романы – «Көз көргендер».

 

Тапсырма:хрестоматия -168-172 беттерден Ғабиден Мұстафиннің  шығармаларының атауларын жазып алу.



Тапсырма: «Дауылдан кейін» романы туралы жазылған мәліметтермен танысу, басты кейіпкерлерінің аттарын жазып алу, Роман не туралы?- сұраққа жауап беру - өздік жұмыс.

 

«Қарағанды» романы – 1952 жылы  жарық көрген. Қазақстанда совет өкіметі тұсында  өркендеп дамыған өндірісті, онда жұмысшы  табының туып, қалыптасуын көрсетуге арналған. Автордың өзінің балалық , жастық шағы сол ортада, Қарағаншы жұмысшыларының ішінде өтті. Не білімі, не өндірістік мамандығы жоқ жас жұмысшы Ғабиден өз әріптестерімен бірге үлкен өмір көрді. Онда ол жер қазды, темірдің тотын қырды, токарь , машинист болып істеді. Ағылшындардан қирап, тозып қалған, жабылған Қарағандыны жақсы білді. Оның совет өкіметі тұсында қайта ашылуының куәсі болды. Ескі жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа  қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа тәрбиеленуін өз көзімен көрді. Сөйтіп оны  жазушының көзімен қайта қарап, үлкен романға арқау етті.

Қарағанды өндірісін игеру ісіне қатысқан орыс, украин жұмысшыларының достық көмегі, индустрияландыру саясатын жүзеге асырып,  республиканың жаңа бейнесін жасаудағы партияның басшылық ролі романның негізгі тақырыптарының бірі.

(Мейрам – партия басшысы,  Шербаков – шахтер, трест бастығы, Ермек, Жанәбіл, Жұманияз, Ардақ, оның әкесі -Әлібек- қазақ жұмысшылары)

Роман оқиғасы 20 –ншы жылдар ішіндегі қазақ жеріндегі таптық тартыстар негізінде өрістейді. Осы тартыс негізінде жазушы ескішіл күштердің мезгілі өтіп күйреуін, жаңа, жас  күштердің жеңісін бейнелейді.

Таныстырылым



Сабақтың ортасы

8 минут

28 минут


Жазылымалды тапсырма

Мақала жазу тәсілдерін оқып танысады, топтарда талқылау жүргізеді.



Жазылым тапсырмасы

«Қазақ кеншілерінің болашағы қандай болмақ?» тақырыбында пайымдау түріндегі зерттеу мақаласын жазыңыз. Мақалаңызда оқырманның назарын аударатын сөз орамдарын пайдаланыңыз.

Мақалада төмендегі кеңестерді басшылыққа алыңыз.


  1. Қызықты тақырып қойыңыз, бір тақырып-бір мақала, тақырыптан ауытқымаңыз;

  2. Мақаланың аудиториясын белгілеңіз(кімдерге арнап жазатыныңызды ұмытпаңыз);

  3. Мақала құрылымын сақтаңыз , кіріспе(негізгі ойға қысқаша тоқталу), негізгі бөлім , қорытынды бөлім (негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз).

  4. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен жазып жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Оқушылар бағалау дескрипторы бойынша «Екі жұлдыз,1 тілек» әдісімен бағалайды.



Бағалау критерийі

Дескрипторлар


Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу

1.Мақала қ ұрылымын сақтап жазады;

2.Берілген тірек сөздерді орынды қолданады;

3.Көркемдегіш құралдарды(1 тұрақты тіркес, 1 мақал-мәтелді) орынды қолданады.







Сабақтыңсоңы
2 минут




Керібайланыс

Мақала жазуда қандай қиындық болды? Неге?

Мақал жазуда қай бөлімі ауыр тиді?

Үй тапсырмасы:





Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.



Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау
Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаның маңызын түсінудің деңгейін бағалау



Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,



Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет