Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер Күтілетін нәтиже



бет1/2
Дата18.02.2017
өлшемі166,3 Kb.
#10204
түріСабақ
  1   2

Тақырыбы:

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер

Күтілетін нәтиже:




Білім

•Операциялық жүйе ұғымын біледі.

•Операциялық жүйенің функцияларын атап

шығады.


Түсінік

•Операциялық жүйенің төрт негізгі түрін айырып таниды.

•Операциялық жүйенің жіктелуінің мағынасын түсіндіреді.






Қолданыс

• Файл және оның типіне байланысты қажетті бағдарламаны қолданады.

Анализ

•Операциялық жүйелердің аттарын жазып, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын бейнелеп айтады.

Синтез

•Қазіргі ОЖ-ларды артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты категорияларға бөледі.




Баға

• Дербес компьютерде жұмыс істеу үшін операциялық жүйенің маңыздылығын бағалайды.

•Транслятор, компилятор, интерпретаторды бір-біріне қарсы қойып салыстырады.



Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:




• Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:




• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Жаңа терминологиямен таныстыру

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды

көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік



беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда,

нұсқаулар беру



Негізгі ұғымдар мен терминдер:




•Операциялық жүйе, драйверлер, MS DOS Операциялық Жүйесі, бағдарлама-қабықшалар, Windows, Unix, Linux, транслятор, компилятор, интерпретатор.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау


Ақпарат көздері:




1. В. Э. Фигурнов «IBMPC для пользователя» 156-160 беттер

2. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Босова Л.Л.

3. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Угринович Н.Д.

Қосымша материалдар:

1. Флэш карталар. Cілтеме: http://www.redorbit.com/

2. Файлдар. Сілтеме: http://2.bp.blogspot.com/

3. Windows. Cілтеме: http://dimadr.me/

4. Linux. Сілтеме: http://2.bp.blogspot.com/


Оқушы жетістігін бағалау:




• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:




• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды жаттау, операциялық жүйелердің функцияларын және негізгі түрлерін талдау.






• Бонус-балл тапсырмасы

Ең көп қолданылатын драйверлер туралы ақпарат табу.






САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

  1. Операциялық жүйенің анықтамасы, оған байланысты терминдер

2. Драйверлер.

3. Операциялық жүйенің файлдық жүйесі

4. Бағдарлама-қабықшалар

5. Операциялық жүйелердің түрлері



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд

Сабақтың мақсаты






3-слайд

Тақырып жоспары






4-слайд

1-тақырыпша Операциялық жүйенің анықтамасы, оған байланысты терминдер




5-слайд Операциялық жүйе

  • Операциялық жүйе - компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе.

  • Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиын компьютердің қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС-да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.




6-слайд Операциялық жүйенің функциялары (1)

  • Қолданушымен сұхбатты жүзеге асыру

  • Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету

  • Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру

7-слайд Операциялық жүйенің функциялары (2)

  • Енгізу-шығару және деректермен басқару

  • Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары

  • Ресурстарды орналастыру

  • Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру




8-слайд Операциялық жүйенің түрлері (1)

ОЖ төрт негізгі түрі бар:



  • Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;

  • Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті енгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді;




9-слайд Операциялық жүйенің түрлері (2)

  • Бір пайдаланушылық көп есептік,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өңдей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады;

  • Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер енгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.




10-слайд Дербес компьютер және ОЖ

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:



  • Енгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;

  • Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар;

  • Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған командаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.




11-слайд Пайдаланушы мүмкіндіктері

Әрбір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады



  • Сыртқы жетек таңбаларды орындау

  • Басқа әрекеттер

  • Бағдарламаларды енгізу

  • Каталогтарды қарау




12-слайд 2-тақырыпша Драйверлер




13-слайд Драйверлер

  • Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады -драйверлер.

  • Стандарттық құрылғы драйверлер енгізу-шығару базалық жүйе жиынын құрайды.







14-слайд 3-тақырыпша Операциялық жүйенің файлдық жүйесі




15-слайд Операциялық жүйенің файлдық жүйесі дегеніміз не?

  • Файл (file – бума, десте) - белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны.

  • ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады.

  • Файл бағдарламадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін.

  • Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек.




16-слайд Файлдың аты

  • Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі.

  • Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады.

  • Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін.

  • Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.




17-слайд MS DOS Операциялық Жүйелердің құрылымы

  • MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық
    жүйесі - 16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ.

  • Ол келесі негізгі модульдерден тұрады:

    • Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS);

    • Алғашқы қосылу блогі (Boot Record);

    • Енгізу/шығару базалық жүйенің кеңейту модулі (IO.SYS);

    • Өңдеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS);

    • Командалық процессор (COMMAND.COM);

    • MS DOS утилиттары.




18-слайд 4-тақырыпша Бағдарлама-қабықшалар




19-слайд Бағдарлама – қабықшалар

  • Қабықшалар/Оболочки - бұл күрделі бағдарламалау жүйелерімен мысалы DOS – пен жұмыс істеу кезінде жұмысты жеңілдету үшін құралған бағдарламалар.

  • Олар қолайсыз командалық қолданушы интерфейсін, графикалық интерфейсін немесе «мәзір» типті интерфейсін өзгертеді.

  • Қазіргі дербес компьютердің көп таралған қабықшалардың бірі - Norton Commander пакет бағдарламасы.

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет