4. Объективтеу принципі – таным процесінде субъект пен объект арасындағы қатынасты дұрыс түсінуге бейімдейді. Білім мен танылатын объекттің арасында тождество /тепе-тендік/ бар екендігін ескеру және өзіндік субъективистік пікірден алшақтауды талап етеді.
5. Жанжақты принцип – таным процесінде бүкіл байланыспен, қатынастар мен заттардын қасиеттерін ескерту қажет.
6. Тәжірибе принципі – керек, қандай болу керек деген тұрғыдан таным процесті өткізу, себебі, таным адамның өзгерту қызметімен, дүниені шығармашылық себеппен меңгеру деп түсіну. Практиканың көп түрі бар /ғылыми, музыкалық, медициналық, педагогикалық, рухани т.б./
Эпистемология (грек сөз. ауд. episteme-«білім» және logos «оқу») эмпириялық бақылау білімінің негізінде құрылады. Эпистемологияны тану проблемалары қызықтырады, гносеологияға қарағанда, эпистемология шындық пен шынайы шарттарға негізделген. Эпистемология міндеті: логикалық анализдеу арқылы ғылыми танымды ашу болып табылады. Р. Рорти эпистемологияны танудың келесі жолдарын көрсеткен: «Тану теориясы ақылды тану мүмкіндігіне сенуге итермелейді». ХІХ ғ. аяғында эпистемология онтология үстінен қарады. Эпистемология ашық түрде, Г. Башляр айтқандай, теория мен практика, математика мен дәреже арасындағы өріс болып табылады. Эпистемологияның өрісі - оның феномені бір уақытта табиғи тану заңдылықтарын меңгеру. Эпистемология осы ғылыми зерттеудің - шынайы осі. Ол проблемадан репрезентация арқылы нақтылыққа әкеледі, осы эпистемологиялық білім жүйесіндегі басты міндет. Репрезентация формальды және интуитивті болады. Формальды репрезентация нақты тура зерттеулерге, терминологиялық мағыналарға негізделеді. Осылайша, формальды және интуитивті репрезентациялар мынадай пәндер құрамына кіреді, гнесеологиялық туыстас проблемалардан ерекшеленетін шеңбер. Репрезентацияның екі түрі универсалды тарихи контексті ұсынады. Эпистемология сезімнің рационалдыға өтуіне мүмкіндік береді. Бұл жерде және сезім аса маңызды емес. Бұл жерде «аналитикалық», «синтетикалық» терминдер көп кездеседі. Р. Рорти айтады, И. Кант эпистемологияны пәннің негізін қалаушы ретінде қарастырады, оны «формальды», «құрылымды», «грамматикалық», логикалық сипаттамаларға бөлген. Эпистемологиялық жаңа зерттеулердің проблемалық шеңбері аса кең ерекшеленеді.
Ғылымдардың зерттеулеріне, эпистемологиялық проблемалардың мәні мынада:
«ойлау ұжымының» ішіндегі интелектуалды коммуникациясы;
ғылымдағы басқару проблемалары;
ойлау ұжымындағы критицизм мен суггестивтіктің құлдырауы әлде асу факторлары.
Ғылыми мектептердің конкуренциялары, эпистемология проблемасының бірі. Олар өзіне дәстүрлі эпистемологиялық қайшылықтардыда қосады: мысалы, «объектевизм» мен «релятивизм» арасындағы күрес. Жаңа эпистемология тиімді анализді тиімсізден қалай ажыратуға болады деген сұраққа жауап іздейді. Эпистемологияда концептуалды – эмпирикалық, аналитика – синтетикалық зерттеулерді айыру процесі көп көрінеді. Осындай проблемаларға бейімделу, бұрылыстарға әкеп тіреді. Бұл трансценталды бұрылыс «болуы мүмкін бұл жерде субъект үстінде тұрған» механиканың сапасында немесе «лингвистикалық бұрылыс», философияның және ғылымның демаркациясының аяқталуын қарастырған эпистемология негізі және негізгі емес тұжырымдамасының зерттеу әрекеттері эпистемологияның басты шарты «эпистемологияның статус ерекшелігін» болжау. Біріншіден, ол байланысқан, ғылыми білімнің басқа білімдерден ерекшелінуі, екіншіден, ғылыми білім әлеуметін және нейтралды құндылықтарға не, тек осыларға ғана объективті және шынайы білімді алуға мүмкіндік береді.
«Ерекше эпистемологиялық статус» шарты эпистема білімді көпке итермелейді. Бұл мәселені зерттеу амбиваленттік сипаттамада болады. Ол Р. Мертонның, Т. Куннын, П. Фейербендтың еңбектерінде көрінеді. ХХ ғ. эпистемология түрлері келесі модельдерді көрсетеді: эволюциялық, генетикалық, натуралистік, дедуктивтік, кумулятивтік, антропологиялық эволюциялық эпистемология аналогиямен тірі табиғаттың тану процесін қарастырады. «Эволюциялық эпистемология» терминін Д. Сэмпбелл зерттеген. Сонымен, бірге К. Поппер және Ст. Тулминде онымен активті зерттеу жүргізген. Генетикалық эпистемологияның басқарушысы Ж. Пиаже ол адамның дамуының төрт кезеңін көрсетті.
сенсорлы (2 жасқа дейін);
интуитивті (7 жасқа дейін);
нақты- операциялық (12 жасқа дейін);
формальды-операциялық (15 жасқа дейін).
Натуралистік эпистемология Куайнмен қарастырылған. Ол шынайы көріністерді зерттейді, адамдарды – физикалық объект ретінде қарастырады. Бұл объектілер экспериментальды бақылаудан өтіп зерттелінеді. Эпистемологиялық проблеманың орталығы, Куайнның ойына кедей кіріспен және бай шығу арасындағы әрекеті. Эпистемология моделін бейнелеуді Т. Кун тарихи эвалюциялық, М. Полани – антропологиялық тұлға бейне, Дж. Холтон тематикалық түрде қарастырған. Гносеология, эпистемология және методология қатынастары келесі түрлерге ие. Гносеология, эпистемологияға қарағанда, таным теория ретінде талқыланады, бүкіл таным процесін толығымен қамтып нәтиже шығарады. Гносеология субъект – объект әрекетінде маңызы жоқ, бір полюсте ойлау мен танымның бейнелеу объектісі болса, келесінде бейнелеу субъектісі тұрады. Тану субъектісінің астарында активті қозғалатын индивид немесе топтардың санасымен еркін қамтиды. Объект астарында шындық фрагменті, әлеуметтік тұрмыс жатады. Гносеология, адамның таным процесінің әрекетке қатынасын қарастырады. Р. Декарт «таным субъектің» тану анализі ретінде пайдаланған. И. Кант субъектінің ішкі ұйымдасуының заңдарын ашуға тырысқан. Ол априорлы және апостериорлы білімдерді тұжырымдаған. Субъект шектелген индивид түрінде болса, объект тіршілік ететін объективті әлем болады.
Методологияның мақсаты ғылыми және әлеуметтік ережелер мен нормалар, әрекет әдістерін тану болады. Бұл ойлайтын субъектке бағытталған. Методология теориялық және практикалық әрекеттердің ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерінің жүйесі сияқты методологияның екі деңгейі бар:
Біріншісі – құрал. Мұнда ойлау және практикалық операциялардың мазмұны, әрекеті қарастырылады.
Екіншісі – құраушы жаңа мазмұнға ие болған білім жүйесі. Қазіргі кезде, әдістің объективті жағын, зерттеудің нақты тәсілдерімен салыстырады. Гегель әдісті субьектінің әрекет ережесінің объективті танымы ретінде таныған. Мұндай әдістерге Аристотельдің «Органоны», Бекон мен Декарттың оқу әдістері, Гегельдің диалектика әдісін жатқызуға болады. Олардың әдістері көптеген сұрақтарға келіп тірелген «әдіс» термині қаншалықты нақты? «әдіс» неге мүмкіндік береді? т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |