Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет84/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Өзекті ұғымдар:
Ақиқат мәселесі – білімнің объективтік реалдылыққа сәйкестігі туралы мәселе /яғни, объективтілік мәселесі, білімнің нақтылығы/. Негізгі сұрақ: біз адамзаттан, әлде нақты индивидуалды адамнан тәуелсіз өз біліміміздің мазмұның шығара аламыз ба, солай болса, қалай біз оның мазмұның объективтік реалдылыққа сәйкес мөлшерін шығарамыз? Бүкіл гносеологиялық мәселелер: ақиқатқа жету жолдарын алсақ ба, әдістері ма, әлде оның болу түрлері ма, түбінде ақиқат мәселесіне жиналып келеді, сөйтіп олар осы мәселені нақтылыққа әкеліп толықтырады.
Ақиқат [грек aletheia, «жасырылмаған»] – 1) классикалық түсінігінде – өзінің пәндігіне сәйкес білім; 2) қазіргі түсінігі – мәдениеттің субъект-объектілік реттік универсалиясы, мазмұны білімнің құңдылық қасиеті болып табылады, бір жағынан, пәндік аймағымен салыстырғанда, ал, екінші жағынан, ойлаудың процессуалдық аймағымен салыстырғанда.
Ақиқат концепциясы – философия дәстүрінде «ақиқат» ұғымының, оның мүмкіндігінің, жету жолдарының, білімнің ақиқат белгілерінің альтернативалық түсініктері.
Корреспонденция концепциясы – ақиқаттың классикалық концепциясы бойынша – объект туралы білімнің мазмұны объекттің өзіне сәйкес. Корреспонденция концепциясының қолдаушылары: Аристотель, Ф. Бэкон, Спиноза, Дидро, Гельвеций, Гольбах, Фейербах, Ленин т.б. Негізгі сұрақ: біз өзіміздің білімімізден индивидуалды адамнан ба /объективті ақиқат/, әлде адамзаттан ба тәуелсіз мазмұнды шығыры аламыз ба, олай болса, қалай, яғни, сол мазмұнның реалдылыққа сәйкес мөлшерін қалай анықтауға болады/.
Объективті ақиқат – біздің білімімізбен елестеріміз: а) адамнан, адамзаттан тәуелсіз; б) объективті реалдылыққа сәйкес.
Абсолютті ақиқат – объект туралы шекті, нақты, толық, жетілген білім, «соңғы ақиқат». Корреспонденция концепцияны қолдайтын мектептердің өкілдерінің пікірінше, абсолютті ақиқатқа жету мүмкін емес, себебі, объективті өмір өзінің өзгеруіне тоқтатпайды және сарқылмас. Абсолютті ақиқат – танымның мақсаты, бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет