Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылым динамикасы, ғылымда дәстүр мен жаңашылдықтың қатынасы



бет96/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

1. Ғылым динамикасы, ғылымда дәстүр мен жаңашылдықтың қатынасы.
Ғылым феномені және де оның даму заңдылықтары осы уақытқа дейін қызықты мәселердің біріне жатады. Ғылымды теориялық және эмпириялық жақтарынан зерттеген. Әр ғылымда өзгеше ережелер мен принциптер ұсынылған мен бәріне ортақ заңдылықтар бар екндігі айқын. Тек 20 ғ. аяғында ғылымның дамуының философиялық концепциясы толық құрастырылды деп санауға болады; оған ықпал еткен Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Ст. Тулмин, П. Фейерабенд, М. Полани т.б. Актуалды болғансон ғылым философиясының сұрақтары осы уақытқа дейін әр-түрлі мамандардың назарын өзіне тартады.
Әуелі төрт ұғымға анықтама берейік.
Дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа жалғас алатын әлеуметтік пен мәдени мұраның элементтері. Ғылымда дәстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол ғалымдар арасында бір дәлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың адекваттік түрі бойнша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дәстүр ғылымда шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте дилетантизм мен компентенциясыздыққа жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым» өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун.
Бірақ, дәстүр әр-қашанда жаңалыққа да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, әдет пен икем қайта өндірілу керек.
Жаңашылдық – материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.
Жаңалықтар өздері екіге бөлінеді: 1. корреция жасайтын, ескі дәстүрдін кейбір түрлерін өзгертеді; 2. жаңа дәстүрді еңгізетін. Әр салада екіншісі қиын қабылданады. Келесіде ол өзінің қолдаушыларын тауып дамиды. Сөйтіп концептуализация арқылы /ғылыми ортада айқын жарияланғансон/ ол өзі дәстүрге айналады, білім жүйесінде өндіріледі. Жаңа идеялар дәстүрлі терминология тілінде жарияланады әлде жаңа ұғымдарды еңгізеді.
Ғылым философиясында сандық тұрғыдан жаңашылдықтыр мен дәстүршілдіктер 4 млн. ғалымдар арасында 2000 продуктивті болса, тек 45 радикалдар деп саналады.
Дәстүр мен жаңалық мәселесін «революция» мен «эволюция» / «нормалы даму»/, интенсивті /радикалдық-революциялық/ және экстенсивті /фундаменталды теориянының қолдану аймағын кеңейту/ даму түрлері арқылы қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет