Философиялық анықтама аппаратының өзгешелігі неде?
• Философия реалдылыққа саналық қатынастың реттеуін және негіздік шекті іздеуге ұмтылады. Сөйтіп, философия реттелген схема емес, ол қойылған мәселені шешуде сыншыл салыстыру, бағалау, жариялап ақылдасу, талдаудың бүкіл қиын жағын детальдік түрде көрсетуге тырысады. Бәріне мәлім сентенция - философия үшін нәтиже қажетті және қызықты емес - оған жету жолы. Ньютонның сөзі «Физика философиядан қауыпты бол!» дегені философияда бір нақтылықтың жоқтығын білдідіреді. Философия әр-қашанда бір-неше дәлел мен терістеулерді ұсынады. Оның әр ақиқаты бір ауыз қабылдалынбайды. «Бәріне күмәндән!» және догматтарға бақас – философияландырылған ақылдың кредосы.
• Ғылымда дәстүрлі түрде алға деген кумулятивтік қозғалыс қабалданылады, яғни, қалыптасқан нәтижелер арқылы алға басу. Яғни, бұл жерде жинаушының образы анық. Ғылым ақиқат білімдердің жинағы. Философияға бұл образ лайық емес, себебі, философия әр-қашанда дайын нәтижеге риза болмайды, мысалы, орта ғасырдың өмір туралы жауаппен қазіргі адам келіспейді; әр тарихи уақыттың өзгешелігі болған сон, және әр адам өзі үшін жауап іздейді, бәрәміздің бірлігімізге қарамай. Философияның өзгешелігі – оның өзгеше рефлексия әдісі мен өзіне ауыстыруда. Философия үшін адамзат тарихының бүкіл сұрақтарын қайта қою, құрастыру - мақcат. Осы қасиеттің рефлексиялық, қайтымдылық деп атауға болады.
• Ғылым фактіге, эксперименталдық тексеріске сүйенеді. Ал философия күнделіктен интеллигибелдық мән дүниесіне көтеріледі. Intelligibilis — ақыл қорытындысы, тек ақылмен, сезімге женілмейтін объектілердің бар екендігі. Мысалы, әсемділік не, ақиқат пен ігілік дегеніміз не – осы сұрақтар эмпириялық жалпылаудан тыс. Әсемділік – ол әдемі зат әлде әдемі қыз емес, философиялық тұрғыдан – соны жалпы тұрғыдан түсінуге бағытталған. Сонда эмпириялықтан тыс шығып, оны кешіп, трансwендентік мәндік анықтамасына трансценденттеу деп философиялық тұрғыдан жауап беру дегеніміз.
Бертран Рассел «философия теология мен ғылым аралығында», теология сияқты нақты білімге жетілмеітін сұрақтармен спекуляция жасайды; ғылым сияқты дәстүр мен құдай авторитетіне емес адам ақылына шақырады. Сонда философия «иесіз жер». Онымен қойылған сұрақтардың соңғы шешімі мүмкін емес, лабораторияда эксперимент арқылы шешілмейтін сұрақтар. Және дінтанушылардың жаратушыға, авторитетке сүйенетін жауаптарыда философияны қанағаттандырмайды. Ғылым мен богословиямен шешілмейтін сұрақтарды философиялық деп атауға болады.
• Ғылым мен философияның тілдік айырмашылығы бар. Ғылым тілі өте нақты, терминдермен үстемді болса, солай қарапайым тілдің қажеттілігінен поэтикалық тілдің образдылығынан айырылады. Ал философия дүниенің жалпылығын көрсету үшін шексіздік пен өлшеусіздікті білдіретін өзгеше тілмен универсалды анықтамаларды қажет етеді. Сол үшін философия өзінің шексіз анықтамалардан, жалпы статусы бар, қажетті категориалдық тілді құрастырады: себеп пен салдар, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен реалдылық т.б.
• Нақты-ғылыми пәндер басқа қоғамдық сананың нәтижелерін де білмей дамиды, ал философияда бәрі басқаша. Философияда барлық ғылымдарға, басқа рухани тәжірибеге эмпириялық негіз ретінде редукцияландырылмасада, онда адамзаттың рухани тәжірибесінің жиынтығы, қоғамдық сананың барлық түрлері қамтылады. Философия ғылым емес, бірақ, анықтамалар мен объективтілік, себептілік, жалпы заңдарды шығару оған тәрізді. Философия өнер емес, бірақ, образ оның қабылданған гносеологиялық категориясы, метафора мен интуицияны кең қолданады. Философия дін емес, бірақта, интеллигибелдық мән әлеміне асып кетіп, сезім-сезімнен тыс материалдармен жұмыс жасайды.
• Ғылымда құндылық-адамдық аспект екінші орында тұрады. Таным объективті -тұлғасыз. Ғалымның эмоциясы, сезімі, мотивациясы ғылымды қызықтырмайды. Ғалым -жаратушы ешқандай жауапкершілік пен жүктелмейді. Философия үшін теориялық-танымдық аспект пен бірге құндылық мәселелеріде қажетті. Протагордың айтуынша «Адам бүкіл заттын өлшемі», философия қазіргі жағдайда да құндылық шкаласында өзінің мөлшерін ұсынады. Ғылыми жаңалықтардың тағдырымен бірге ол оның құндылық салдарынада назар аударады; абсолюттік құндылық ретінде адам өмірін жариялайды. Жаратушы, тұлға ойшылдың кім екендігі зерттеу процессінде қажетті. Философиялық шығармашылықта адам өзіне үніледі. Ойшыл өзінің адекваттік орынын іздейді. Дүниенің жаңа қырларын іздейді. Солай, философияның әр жүйесі авторлы, бұл жерде персоналийлердің ролі үстемді. Философия – интеллектуалды қызметтің бір түрі болған сон әр-қашанда басқа әйгілі ойшылдармен сұхбатта болуды қажет етеді /Платон, Аристотель т.б./
• Философияда маңызды және анық түрде ұлттық элементті көрсетеді. Неміс, орыс, ағылшын, қазақ т.б. философиялар бар; бірақ неміс, орыс т.б. физика, химия т.б. жоқ. Н.И. Кареевтің пікірінше «әр ұлт жалпы адамзат ғылымға өзінің идеясын еңгізуге құқығы бар, бірақ ғылымды тек осы мақсатқа келтіруге қақысы жоқ».
Достарыңызбен бөлісу: |