Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Философияның ғылым деген атаумен шектеуге бола ма?



бет39/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Философияның ғылым деген атаумен шектеуге бола ма?
Философия тарихынан бізге мәлім философияны ғылым түрінде анықтаған Огюст Конт. Нақты ғылымдар /физика, химия, биология/ - нақты қоршаған ортаның позитивтік нақты суретін салса, ал бір-бірінен үзілген фрагменттерден ғылыми суретті салатын философия.
Ф. Энгельстің пікірінше «философия «ғылымның ғылымы»» деген атағынан бас тарту керек. Ғылыми көзқарас басқа, ғылымнан жоғары тұратын философияны қажет етпейді. Әр ғылымның алдына жалпы заттар мен құбылыстардың жүйесінде қандай орын аласын деген сұрақ қойылғанда, сол жалпы байланыс сонша бұзылады. Сонда, алғашқы философиядан ойлау және оның заңдары туралы ілім – формалды логика мен диалектика қалады. Бақаның бәрі табиғат пен тарих туралы жағымды ғылымға қатысты».
Ғылым мен философия арасындағы қатынасты анықтау үшін ғылымдылықтың мөлшерін анықтау қажет. Оларға қатысты: бақылауда қайталау; білімнің интерсубъективтілігі; тәжірибенің қайталануы. Осының бәрі философияға лайық емес. Ғылымда бәріне ортақ әдістермен бәріне ортақ ғылыми нәтижелер пайда болады.
Сонымен бірге, философия мен ғылымның тарихи қатарластар дамуы айқын. Философия мен ғылым натурфилософия, космология, онтология сфераларында болмыстың негізін тануға бағытталған адам интеллекті, «бір жіптің бөлігі». Филипп Франктің пікірінше, осы жіптің бір жағы – бақылау арқылы танылатын негіздер, ал келесі шеті – интеллигибелдік принциптермен қосылды. Ганс Рейхенбахтің «Ғылым философиясының пайда болуы» деген шығармасында айытқан: «ежелгі және ортағасыр философияда көзбен көру мен бірге «ақылмен көру» деген бар. Қалай біз түр мен түсті қөзбен көреміз, сонша біз ақылмен идеялар мен жалпы заңдарды көреміз. Физикалық заттар бар болғансон біз оларды көреміз; сонша оларды ақыл көзіменде көріге мүмкін. Сөйтіп, тікелей сезім таныммен интеллектуалдық интуиция аралығындағы аналогия өзінің ежелгі бастамасын Аристотельдің көзқарасында табамыз. Сезім өзінің сезімдік заттарына қатысты шындық болса, солай интеллект зат туралы елеске сәйкес». Фома Аквинскийде былай деген: «Сөйтіп, интеллект заттардың мәні бойынша өзін алдамайды, ал сезім өзінің объектісіне қатысты алданбайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет