Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылыми зерттеудің негізі ретінде протоколдық пікірлер



бет52/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Ғылыми зерттеудің негізі ретінде протоколдық пікірлер келесі форманы білдіреді: «N деген осындай жерде, осындай кезде осындай объектке бақылау жасады». Таным процесі осындай протоколдық пікірлердің тізімі, және соларды ғылымның теориялық аппараты арқылы өңдейді.
Вена ұжымының алғашқы өкілдері протоколдық пікірлер шындыққа сай, барлық ғылыми пікірлердің ақиқаттылығын негіздейді деп есептеген.
Протоколдық пікірлерге келесі қаситтер айқын:

  • олар субъектің таза сезім тәжірибесінің белгісі;

  • абсолюттік түрде шынайы;

  • басқа білімдерге нейтралды қатынасы айқын;

  • гносеологиялық тұрғыдан бірінші болады – протоколдық пікірлерді анықтағанда таным процесі басталады;

  • олардың ақиқаттылығына күмәндануға болмайды.

М. Шлик былай тұжырымдаған: «Анық және маған мәлім – ешкіммен жоққа келтірілмейді, қарапайым өмірде де, ғылымда да фактілердің констатациясынан басталады, және «протоколдық пікірлер» сол фактілердің констатациясы, сол мағынада – білімнің басында тұрады». Протоколдық пікірлердің бірінші қасиеті – жариялаған тілің сол түрде қабылдау, танымның нейтралды қаруы түрінде. Осы күмәнға келтірілсе, Вена ұжымының ұсынысының құрылысы жоққа келтіріледі. Протоколдық пікірлердің формасын әр қайсысы әр-түрлі көрген. Р. Карнап үшін олар сезімге келтірілген, О. Нейрат протокол жасайтын субъекті еңгізу қажет деген, ал Шлик осындай «констатациялар» «осында» және «қазір» деген сөздермен толтыру қажет дейді.
Осы пікірілер бойынша ғалымның қызметі операционалды және графологиялық /сипаттамалы/ болған. Бірінші, жаңа протоколдық пікірлерді шығару; екінші, оларды біріктіру мен жалпылау әдістерін іздеу; яғни, пирамида құру: астында проколдық пікірлер, үстінде олардың жалпылау нәтижесі. Ғылыми позитивистер өздері осыған қарсы болған.
Сонымен катар, таза сезім тәжірибе туралы пікірлерде күмәнға жақын болып шықты. Мысалы өз тазалығын жариялаған тілден таза сақтай алмайды. Әр субъект өзінің сезімін айқын деп жариялау құқығы бар, онда ғылымның интерсубъективтілігі туралы мәселе туылады; және интерсубъективтік протоколдық тіл шығару керек.
30-шы ж. протоколдық пікірлер туралы дискуссия өтті. Протоколдық пікірлердің феноменалдық трактовкасы «заттық» түріне ауыстырылды. Соңғысы сезімдік жағын білдеретін протоколдық тілге сұраныс жасаған; сөйтіп, ғылымның эмпириялық каркасы абсолюттік түрде шынайы емес пікірлерден құрастырылады, бірақ оларды бақылау арқылы шығарған сон күмәнданудың қажеті жоқ. Аристотельдің, Бэконның, Эйнштейннің протоколдық тілі бір, өзгермеген - «ағаштың жапырағы жасыл түсті». Сонда бүкіл ғылыми деп аталатың пікірлер протоколдық пікірлердің түріне айналуы қажет. Сонда олар мағыналы. Орталық орынды бақылау процедурасы алатын болды. Кейін, бұл анықтама нақты болмаған сон, интерсубъективтілік мәселеде шайқалды.
Р. Карнаптың негізгі шығармаларында: «Значение и необходимость», «Философские основания физики. Введение в философию науки» логикалық семантика мен теориялық терминдер мен предикаттарды анықтау техникасы туралы ойлар мәлім; философияның метафизикалық мәселелерінің қажеттіліг жоқ; философия жалғын пікірлерден тазарту іске ғылым тіліне логикалық түрде талдау жасау қажет. Осылардың бәрі тіл мәселесінің қиындығының белгісі.
Р. Карнап ғылым философының қызметінің статусы мен өзгешелігін анықтау мәселесіне көп назар аударған. «Ескі табиғат философиясы ғылым философиясымен ауыстырылған. Бұл жаңа философия фактілер мен заңдарды ашу іспен, дүние туралы метафизикалық пікір айтумен айналыспайды. Осының орнына ол ғылымның өзіне назар аударып, анықтамалары мен әдістерін, нәтижелер мен логикалық типтерін, пікір формаларын анықтайды. Ғылым философы «ойлау табиғатын» емес психологияның методологиялық және логикалық негіздерін зерттейді. Ол «мәдениеттің табиғатын» емес антропологияның философиялық негіздерін зерттейді».
Р. Карнаптың пікірінше, ғалым мен ғылым философының қызметін айыру қажет, себебі практикада олар кездеседі. Методологиялық білімсіз ғалым жұмысын істемейді; ал ғылым философы ғылымды толық меңгермесе, оның анықтамалары мен әдістері туралы сұрақтарды коймайды.
Ғылым философиясының негізгі мақсаты – себептілік деген анықтаманы, оның мағынасын түсіндіру. Себептілік – ол зат емес, процесс.
Р. Карнаптың жұмыс стилі неклассикалық ойлау парадигманың категориялық аппаратына сай. Біз статикалық процесстерді еңгізуіміз қажет. Статикалық процесстер өзгеретін және өзгермейтін физикалық жүйелердің бірізгілік жағдайлары.
Неміс-американдық философ, логик Ганс Рейхенбах (1891—1953 жж.), ғылым философиясына ерекше ұғымдарды ұсынды: «жаңалық ашу контексті» және «дәлелдеу контексті», оларды ажырата білді; объективтік ақиқат ұғымына назар аударған; табиғаттану мәселелеріне /кванттік механика, ықтималдық теория/ сай табиғат философиясын құрастыру; оның шығармалары «Уақыт бағыты», «Кеністік пен уақыт философиясы» «координативтік дефинициялардың» /абстракциялық математикалық кеңістіктің семантикасын құру/ өзгеше методологиясы бойынша ойларды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет