Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет54/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Түсіндіру процедурасын метафора, түсіндірудің бастаушы үлгісі, қанағат түсіндіруге бөледі. Сонымен қатар, қосымша процедурасы, реконструкция процедурасы, бір әлде бір-еше фактілердің топтарын ажырату /бөлу/ процедурасы /қателікке әкелуі мүмкін/ деген түрлері бар.
Гемпельдің негізгі тезисі: тарихта басқа эмпириялық зерттеулерде сияқты, ғылыми түсінік жалпы болжау әлде теориялар /жүйеленген гипотезалар/ арқылы ашылады; және ол оның эмпатиялық /эвристикалық әдіс, психологиялық гипотезаны ұсынады/ ойлау әдісімен қайшылықта екенің түсінеді. Гемпель «жалпы заң» мен «универсалды түрдің гипотезасы» арасында теңдік қояды; әр оқиғада П /себеп/ түріндегі жағдай бір нақты орында, нақты уақытта болады; С /салдар/ жағдай сол жерде, сол уақытта болады, алғашқы орынмен уақытпен байланысты.
Гемпель түсіндіру процедурасының анализін ұсынды. Табиғаттану ғылымдардың қызметі жағдайларды құрылысқа келтіру – түсіндіру әлде болжау. Түсіндіру дегеніміз себебін әлде детерминациялаған факторларды көрсету. Сол уақытты, сол кеңістікте индивидуалды объектің бүкіл қасиеттеріне толық сипаттау жасау. Бұл мақсатқа ешкім жетпейді, индивидуалды жағдайды универсалды гипотезалар әлде заңдар арқылы түсіндіру мүмкін емес.
Тарих физика мен химия сияқты «уникалды индивидуалдылықты ұстап алу» мүмкін; «нағыз түсіндіруді» «өтірік түсіндіруден» /энтелехия, тарихи миссия, жазылған тағдыр, метафораға сүйенеді, образдық, эмоционалдық сезімге негізделген, интуицияны дедукцияның орнына ұсынады/ ажырату қажет.
Ғылыми түсіндіру келесі элементтерден тұрады:
а) пікірлерді эмпириялық тұрғыдан тексеру, нақты шарттарын анықтау;
б) түсіндіру негізделген универсалды гипотезаларды тексеру;
в) түсіндіру логикалық тұрғыдан қайшысыздығын зерттеу.
Тарихтағы түсіндіру екіге бөлінеді: себепті пен мүмкінді. Тарихта көбінесе екіншісі үстемді: тарихта да түсіндіру дегеніміз құбылысты жалпы заңға келтіру. Түсіну әдістіде қолдамады; интерпретацияны да мағынаға айналдыру деді;
Эмпириялық ғылымдардың тұтастығын келтірген: «таза түсіндіру» мен «гипотетикалық жалпылау және теория құрастыру» арасында айырмашалық жоқ; ғылыми зерттеу салаларының арасында анық айыру сызықтар мүмкін емес.
«Түсіндіру логикасы» атты шығармасында Гемпель келесі күрделі мәселені қояды - әлемдегі құбылыстарды түсіндіру дегеніміз – «неге?» деген сұраққа жауап беру «не?» дегенге қарағанда. Бұл рационалдық зерттеудің негізгі мәселесі болып табылады. Ғылым әр қашанда сипаттаудан түсіндіруге шыққысы келді. Түсіндіру туралы мәселе О. Контпен ұсынылған түсіндіру және болжау тезисіне жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет