Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет85/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Ықтимал /салыстырмалы/ ақиқат – объективті, әлі жетілмеген білім, келесіде толықтырылынады, анықталады.
Когеренция концепциясы [лат. cohaerentia – байланыс, жалғасу] – бұл концепция бойынша, ақиқат – ол идеалды аймақтың ішкі қасиеттеріне сәйкес білім: Абсолюттің мазмұнына /Платон, Гегель т.б./, туа біткен когнитивтік құрылыстарға /Августин, Декарт, кембридж платонниктары/, рационалдылық интуицияға анық /Теофраст/, субъектің сезіміне сәйкес /Юм/, ойлаудың априорлы түрлеріне сәйкес /Кант/ т.б.
Прагматикалық концепциясы [грек pragma – іс-әрекет, тәжірибе] –объективті ақиқатты тану мүмкіндігі мен қажеттілігін жоққа келтіретін және оның ақиқаттық белгісін мақсаттық ұстанымға мен операционалдық пайдасына сәйкестікпен анықтайтын субъективті-идеалистік концепция (Джеймс, Дьюи).
Конвенцианалды ақиқат туралы концепция /лат. conventio – келісім, шарт, жағдай] – білімнің ақиқаты интерсубъективті конвенцияларға сәйкестік деп қабылдайтын пікір /Пуанкаре/. Ақиқаттың конвенцианалдық түсінігі Ежелгі Грецияда софистерге тәрізді /Протагор/.
1. Ғылымдағы ақиқат ұғымы, анықтамасы және түрлері.
Негізінен ғылыми таным – ұйымдастырудың қатал формасын өзара құрап, оның қарсы келмеуін, дәлдігі, жүйелігімен көрінеді. Ғылыми танымның спецификалық бағытталуы ақиқатқа жету болып табылады.
Ақиқаттың негізгі проблемасы болып – ақиқат деген сөздің этимологиясына көңіл бөлу керек. Ақиқаттың негізі туралы мәселе – эпистемологияның ең күрделі мәселесі болып табылады. Оның тарихы: Платон (б.э.д. 428/427-347 жж.) – ежелгі грек философы, идеалист, Сократтың шәкірті. Оның пікірінше ақиқатты білімді - эпистема, доха /пікірлер/ айыра білу керек деген.
Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) – ежелгі грек философы, логика және де басқа арнайы білімдердің негізін қалаушы. Аристотель ақиқатқа былай анықтама берген. «Ақиқат – ол сананың, ойлау мен заттың, білім мен шындықтың болмыспен сейкестігі» /Истина - это соответствие мысли и предмета, знания и действительности/.
Орыс философы Павел Флоренский (1882-1937 жж.) айтуы бойынша тілді зерттеушілер «ақиқат» деген сөзді «бар» етістігімен байланыстырады. Айтқандай ақиқат ол бар нәрсе, яғни ол тікелей бастан кешкен шындық арқылы беріледі.
Сонымен ақиқат дегеніміз – субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланыс, негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет