Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Объективті ақиқат дегеніміз қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмүнды айтады



бет86/122
Дата25.09.2024
өлшемі1,12 Mb.
#205095
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер

Объективті ақиқат дегеніміз қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмүнды айтады. Егер объективті ақиқат болса, онда оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы /ықтимал/ түрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы /ықтимал/ ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.
Абсолютті ақиқат терминінің үш мағынасы бар:

  1. Ол нақты толық білдіріледі. Яғни ақиқаттың ең соңғы шегі. Бұл мағынада ақиқат танымның бір де бір деңгейінде іске асырылмайды. Бұл метафора. Сол тұрғыда ол толық, нақты білімді білдіреді, яғни танымдық идеалдың бір түрі. Осы тұрғыда ақиқатқа танымның ешқандай деңгейіне жетуге болмайды.

  2. Кейбір ақиқаттың қарапайым (инвариантты), тұрақты білімге келтіріледі. Мысалы, химиялық элементтер атомдық салмаққа ие.

  3. Абсолютті ақиқат ескі және алғашқы теорияны жоққа шығармайды, қайта дербес жағдай ретінде оны өз ішіне қоса қамтып, қолдану шекараларын анықтап береді.

Қорыта келгенде, ақиқат ол тұрып қалған жүйе емес, ол зат пен ойлаудың сәйкестігінің үлкенге үлкені.
Қазіргі философиядағы ақиқат туралы негізгі концепциялар. Ақиқат ұғымы туралы үш негізгі концепция.
Ақиқат мәселесі алғашқы түрде Ежелгі Грецияда ұсынылған, ол анықталған, дұрыс, адекватті білімнің мәселесі (от лат. adaequatus – теңестірілген).
Ақиқат туралы әр-түрлі түсініктер бар, қазіргі философияда оның ішінде негізгі үш концепция айқын:
сәйкестік концепциясы – «Ақиқат – ол білімнің реалдылыққа сәйкестігі»;
когеренция концепциясы – «Ақиқат – ол білімнің өз-өзімен сәйкес келісімі»;
прагматикалық концепциясы, екі мағыналы түсініледі – «Ақиқат – ол білімнің пайдалылығы, эффективтілігі»; «Ақиқат – ол тәжірибемен дәлелденген».
Ал конвенционализм концепциясын (А. Пуанкаре, Р. Карнап и др.) «ақиқат» ұғымының анықтамасының мазмұны шарттық-келісім қасиетке ие болғансон еш қайсысымен келіспейді.
Тарихи тұрғыдан бірінші классикалық корреспонденция концепциясында ақиқатты психика түрлерімен /бейне, елес, анықтама/ нақты объективтік мазмұнның /объективтік реалдылықтың қасиеті мен мазмұны/ сәйкестігі.
Осы концепцияның шеңберінде ақиқатқа әр-түрлі анықтамалар берілген. Қарапайым түрінде, «ақиқат» «дұрыс, объекттің өзіне сәйкес /объективті оған тәрізді қасиеттеріне/ біздің біліміміздің дәлелденген /ақиқат, оның барлық қасиеттері туралы елес/ шындық /ақиқат/ білім.
Осы мәселенің салдары ретінде тағыда мәселелер туылады. Мысалы, «мен Абайдың мүсінің білем дегенде». Бұл жерде, объект – ол біздің миымызда болып жатқан, барлық биотоктармен нейрондардың байланысына ұқсамайтын мүсін.
Әлде Хосе Ортега-и-Гассет айтқандай, «Гималай туралы ойлағанды, не мен емес – Гималай туралы ойлаушы, не менің Гималай туралы ойым сол Гималайға ұқсас емес. Гималай – ол үлкен кеңістікті алатын таулар, менің ойым тауға ұқсас емес және ешқандай кеңістіктің иесі емес». Сөйтіп, объект пен ол туралы білім сәйкес болу керек. Яғни, қажетті түрде ақиқатты тек өзі туралы білімнің білімі. Білім мен объект арасында «ашықтық» болса, яғни, білімнің бұзылуы. Сөйтіп, білімнің қажетті ақиқаты да мүмкін емес.
Екіншіден, «ақиқат» тек танымның объектісіне емес, субъекттің психикалық түрлерінде жатқан білімге де қатысты. «Заттар мен жағдайлар жақсы әлде жаман болса, бірақ, ақиқатты әлде жалған болмайды. Ақақатты әлде жалған деп сол заттар мен жағдайлар туралы пікірді айтамыз...».
Қорыта айытқанда, мәселе психиканың ақиқат түрлері туралы. Субъект-объекттік қатынаста субъективтілікке сәйкес құбылыс қасиеттері туралы мәселе. Ақиқаттың объективтілігі – гносеологиялық объективтілік. Раушан гүлдін бейнесіне ис пен түс т.б. тәрізді емес, бейне /образ/ пән бола алмайды.
«Адекваттық» /«дұрыс»/ терминнің қатал түсінігн шығару үшін «изоморфизм» және «гомоморфизм» атты логикалық-математикалық ұғымдарды қолданады. Изоморфты деп екі жүйені айтады, оның бірінің элементтері /А жүйесі/, қасиеттері мен қызметтері екіншінің элементтеріне, қасиеттеріне, қызметтеріне /А1 жүйесіне/ сәйкес болса және керісінше. Гомоморфалық жүйелер изоморфолықтарға қарағанда біржақты сәйкеске ие. Яғни, алғашқы ережеден «керісінше» деген сөзді алып тастасақ, яғни, А1 жүйеде А-ның бейнеленбеген элементтері, қасиеттері мен қызметтері бар. Әр дұрыс бейне /ойлау бейнесін қоса/ бейнеленетін затпен анық қатынаста болса, яғни, оны ақиқатты деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет