Ғылым тарихы және философиясы



бет138/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

ғылыми танымның дамуы

Ғылымның дамуы мәселесі ғылым философиясының ең негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Ғылыми таным деректер және, тиісінше, теориялар қорын сан жағынан кеңейту арқылы жай эволю- циялық жолмен дами ма немесе секіріс, түбегейлі өзгерту, бұрынғы сатыда қол жеткен көзқарастар мен ұстанымдарды терістеу арқылы жаңа сапаға өту жолымен дами ма?


Ғылым ғылыми білімдерді бірте-бірте жинақтау арқылы кумулятивтік жолмен дами ма немесе бұрынғы тұжырымдамаларды, постулаттарды, түсініктерді теріске шығару арқылы кумулятивтікке қарсы жолмен дами ма?
Ғылыми білімнің дамуын ғылымның өзінің ішкі логикасына (ин- тернализм) сүйеніп немесе ғылымға қатысты әлеуметтік-мәдени және басқа факторлардың сыртқы әсері (экстернализм) арқылы түсінуге бола ма?
Барлық осы жоғарыда көрсетілген сұрақтарға ғалымдар әртүрлі жа- уаптар береді.
Кумулятивтік тұжырымдаманы жақтаушылар ғылымның дамуын тұрақты үдеріс деп қарайды: И.Ньютонның ойшылдар туралы және алыптардың иығында отырған ергежейлілерге қатысты кең танылған ойын еске түсіріңіз. Неміс классикалық философиясынан, Гегельдің шығармашылығынан біз Дара идеяның қоғам адамы арқылы өз-өзін тануының қалай болып жататынын айқын көреміз. Позитивизмнің негізін салушы О.Конт та соған ұқсас көзқарастарды ұстанып, адам рухы дамуының үш: әлемдегі барлық үдерістер Құдай берген күш- қуат арқылы түсіндіріледі дейтін теологиялық (діни); ұлы философтар
барлығын қамтитын метафизикалық жүйелерді құрған метафизика- лық (философиялық) және оң (ғылыми) сатыны мойындайды. Ғылым дамуын кумулятивтік түсіну – жаңа ғылым қашанда ескіден гөрі жетілген және дәл дегенге саяды. Олай болса, бұрын жинақталған (кумулятивтік) білімдер бүгінгі ғылымның алдыңғы тарихы ретінде әрекет етеді. Бұл жағдай алдыңғы мыңжылдықтарда өмір сүрген адамдардың өмірі, күйзелістері, ашқан жаңалықтары, қуаныштары мен қасіреттері осы жетілген қоғамдағы тұлғаның гүлденуіне арналған құнарлы топырақ ретінде ғана қаралатын коммунизм идея- сын есімізге түсіреді. Осындай көзқарас болғанда, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, тұлғалық және басқа да факторлар ғылым дамуында өзінің мағынасын жоғалтып, ішкі сана-сезімінен айырылады. Міне, осы жағдайларды алғаш рет Э.Барт айқын көрсеткен-ді. Оның ойын- ша, әрбір ғалым әрдайым өз заманының әлем жайындағы идеяларын бөліседі және адамның сана-сезімінің өзінде метафизика элементтері қашанда бар. Ғылыми танымның философиямен өзара байланысы ту- ралы бұл идея ғылыми таным дамуының жолдарын ары қарай жете ойластыруда елеулі рөл атқарды.
XX ғасырдың ортасына қарай ғылыми танымға біртіндеп және үздіксіз жүретін үдеріс ретінде қарайтын көзқарас қабылданбайтын көзқарасқа айналды – ғылымдағы революция идеясы пайда болды. Алғаш рет ол идеяны өзінің «Галилей этюдтері» деп аталатын еңбегінде а.койре айтқан-ды. Оның пікірі бойынша, Жаңа дәуірдің ғылымы аристотельдік метафизикадан жаңа (сол заманғы) метафизикаға өтудің нәтижесінде секіріс, яғни революция жасады. Ғылымның бірқалыпты және дәйекті дамуы фактілердің жинақталуы есебінен емес, ішкі оқиғалылық есебінен болады. Бұндай көзқарас ғылымның дамуын түсінуде интернализмнің бұрқ етуіне түрткі болды.
Интернализм ғылыми таным дамуының ішкі заңдылықтарымен басқарылатын ғылым тарихы ретінде түсініледі. Оның үстіне, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдениеттанушылық, психологиялық сияқты факторлар ескерілмейді, жоқ дегенде, олардың ғылым дамуындағы шешуші фактор ретіндегі рөлі теріске шығарылады. Ин- терналистерге А.Койре, И.Лакатос, К.Поппер және басқалары жатады. Мысалы, К.Поппер өзінің үш әлем туралы ілімінде білімдер әлемін адам қолымен жасалған өзгеше әлем деп таниды. Белгілі бір сәттен бастап, бұл әлем өзінің ішкі мүмкіндіктері негізінде дамитын тәуелсіз, объективті әлемге айналады. Әлбетте, әлеуметтік факторлар оған ықпал етпей қоймайды. Алайда олар шешуші факторлар болмайды.
Интернализм эмпириялық және ұтымды (рационалдық) деп бөлінеді.
Эмпириялық интернализм ғылымда жаңа фактілердің ашылу- ын бірінші дәрежелі маңызды іс санайды, өйткені олар – ғылыми танымның негізгі бастауы. Теориялық білімге келсек, ол ашылған фактілерді қорыта және жүйелей отырып, оның соңынан келеді.
Ұтымды интернализм ғылымның дамуына ғалымдардың басында болып жататын шығармашылық үдерістер немесе ашылған идеялардың тәртібін және реттілігін өзгерту себеп болады деп есептейді. Бірақ біз не айтсақ та, ұтымды интернализмнің терең тамырлары зияткерлік преформизмге – ғылымның бар мазмұны априорлық сипаттағы белгілі бір идеялардан шығады дейтін сенімге кетеді.
Экстерналистер ғылыми таным дамуындағы әлеуметтік-мәдени детерминанттың шешуші рөлін мойындай отырып, тура қарама-қарсы көзқарас ұстанады. Бұндай көзқарастың болатын жөні бар: өйткені ғалым – елсіз аралда өз зертханаларымен өмір сүрген Робинзон емес, ол қашанда өз заманының әлеуметтік-мәдени, саяси, психологиялық және басқадай қатынастарының түйініне еніп кеткен. Экстерналистердің ойынша, ғалымның танымдық мүдделерін асыра бағалауға болмайды. Таным қашанда қоғам мүдделерінен келіп шығатын міндеттерді ше- шуге бағытталған. Экстерналистерге Дж.Бернал, Д.Нидам, Т.Кун және басқалары жатқызылады.
Тарихи тұрғыда экстернализм Жаңа дәуірдің тууымен бірге пай- да болған. Капитализм адамдарды сословиелік заңдарға тәуелділік бұғауынан азат етіп, экономикадан тыс мәжбүрлеуді экономикалық мүддемен ауыстырды. Нәтижесінде, өндіргіш күштер жедел қарқынмен дамып, машина индустриясы пайда болды. Ф.Бэконның аузымен:
«Ғылым – күш» болып жарияланды. XIX ғасырда марксизм бұл идея- ны толық қолдап шықты. Ф.Энгельстің ойынша, егер қоғамда әлдебір қажеттілік туса, онда ол ғылымды ондаған университеттің бірлесе ілгерілеткенімен салыстырғанда, он есе жылдам дамытқан болар еді.
Қоғам қажеттіліктерінің ғылым дамуындағы рөлін мойындай отырып, ғалымдар мәселені нақтылауда әртүрлі жауаптар береді. Біреулері экономиканың, техникалық-технологиялық факторлардың (Дж.Бернал) шешуші рөлін мойындаса, екіншілері мәдениеттің ба- сым рөлін (О.Шпенглер), үшіншілері қоғамның рухани әлеуеті – діннің, философияның, өнердің, ұлттық сана-сезімнің шешуші рөлін көрсетеді.
Екінші мәселе: әлеуметтік факторлар ғылыми ізденістердің қарқыны мен бағыттарына ғана ықпал ете ме, әлде зерттеу әдістері мен олардың ғылыми нәтижелеріне де әсері бола ма? XX ғасырдың 70 жыл- дарына дейін ғалымдар сұрақтың бірінші бөлігіне ғана оң жауап беріп келді (жаратылыстану қоғам құндылықтарына бейтарап қарайды). Олар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер ғана әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарының билігінде бола- ды деп санайды (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ю.Хабермас және басқалары). Алайда кейінгі онжылдықтарда жаратылыстанудағы ғылыми зерттеу- лер мен заман құндылықтарының өзара байланысы байқалды (Т.Кун, П.Фейерабенд). Соның түйінінде ғана әр кездері ғылымда болып жа- татын сапалы өзгерістерді, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми револю- циялар кезіндегі әртүрлі құндылық ұстанымдарын; сан түрлі ғылыми- зерттеу бағдарламаларының бір-бірлерімен күресін түсінуге болатыны белгілі болды.
Алайда бұл жердегі қиындық ғылым дамуында нені ішкі, ал нені сыртқы факторлар деп санауға болатындығында жатыр. Мысалы, К.Поппердің пікірі бойынша, ғылымда жаңа заңдарды ашу ғылыми таным дамуының сыртқы факторы болса, ал Дж.Гилберт оларды ішкі фактор деп айқындайды. Бір ғалымдар әлеуметтік және психологиялық факторларды ішкі деп санаса, Т.Кун мен М.Полани ішкі факторлар деп есептейді. Егер К.Поппер фактілерді ғылымның кумулятивтік әсері бар дара құндылығы санаса, Т.Кун салыстырмалы құндық дейді, өйткені олардың мазмұны зерттеудің алдын ала берілген үлгісімен айқындалады. Бұл жағдайды «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген қазақ мәтелі әбден дұрыс түсіндіреді.
Біздің: «Шындық қайда?» – деген заңды сұрақ қоюымызға болады ғой.
Шындық, сірә, әдеттегідей, ортада жатқан сияқты. Егер қоғамда сұраныс болмаса, ғылыми қауымдастық орын мен уақыттың нақты жағдайларында бір немесе басқа ғылыми мәселеге көңіл аудармауы да ықтимал. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, бұл жаңалық ашылуы мүмкін, бірақ көрсетілген уақытта ол «terra incognito» (игерілмеген, бейтаныс жер) болуы да мүмкін. Әлеуметтік сұраныс және тапсырыс дегендердің мағынасы ғалымдардың осы бағыттағы ізденістері үшін түрткі себеп ретінде әрекет ететіндігі болса керек. Бірақ, екінші жағынан, егер бір немесе басқа ғылыми қауымдастықтың ғылыми жетістіктерінің деңгейі төмен күйінде қалса, онда ғылыми мәселенің шешімі де орындалмаған болып шығады. Бейнелі түрде айтқанда, ғылым жаңа идеяға «жүкті»
болуға, ал оның дүниеге келуі үшін, қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет