Ғылым тарихы және философиясы


Оқу құралының авторлары – А.И.Артемьев



бет2/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Оқу құралының авторлары –

А.И.Артемьев,

С.Қ.Мырзалы



Бірінші бөлім

Ғылым, оның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері

1-тарау. Ғылым, оның қоғамдық өмірдегі орны және рөлі


        1. Ғылым түсінігі



Таным дегенде, біз адамның заттарды зерттеуге, олардың маңызын ашуға бағытталған ерекше рухани қызметін түсінеміз. Адамзаттың мыңдаған жылдар бойғы тарихы танымның өзгеше күрделі, көп деңгейлі құбылыс екенін көрсетеді. Көптеген кішкентай бұлақтар мен бастаулардан құралатын өзен сулары сияқты, миллиондаған адамдардың танымдық қызметі қоғамдық маңызы бар, мазмұнды, танымдық үдерісті қалыптастырады. Әлбетте, нақты бір жеке тұлғаның санасында бір немесе басқа зат туралы қиялға негізделген, жаңсақ пікірлер орнығуы немесе кейбір адамдар уақытты басып озып, бүгінгі күні әлі қажеттілік туа қоймаған жаңалықтарды ашуы мүмкін. Алайда тірі табиғаттағы табиғи іріктелу секілді, өмір сүріп жатқан нақты тарихи қоғамның талаптары іс жүзінде қажетті идеяларды іректеуге келтіреді және сол арқылы әлеуметтің рухани байлығына айналады.
Тереңдігі жағынан да, кеңдігі жағынан да әлем шексіз. Сондықтан ол оны танып білгісі келетін адам үшін әлеуетті шексіз мүмкіндіктер туғызады.
Әлемді танып білудің негізгі мақсаты – зерттеліп затқан заттар мен үдерістердің ішкі мәнін ұғыну, яғни олар туралы білімдерге қол жеткізу. Білімдер қашанда нақты шындықтың мүлтіксіз көрінісі бо- лып табылады, өйткені бірдеңені білу – зерттеліп жатқан нысан тура- лы түсініктің болуы дегенді білдіреді. Олай болса, таным – заттардың маңызына енудегі өзгеше күрделі үдеріс, ал соның барысында алынған білім – соған жұмсалған күш-жігердің нәтижесі.
«Scientia» деген латын сөзінің шығу төркініне келер болсақ, ол да
«білім» деп аударыла отырып, сонымен бірге ғылым дегенді білдіреді. Дегенмен науқас адамды дуамен емдемекші болып жатқан бақсының білімін ғылыми негізді деп бағалау дұрыс бола қояр ма екен. Дәл осы сияқты, әрбір адамның күнделікті өмір тәжірибесінен алынған белгілі бір білімдері болады. тарихи, яғни ғылыми танымға дейін пайда болған, адамдардың күнделікті өмір тәжірибесінен қалыптасатын білімдер шыға бастайды. Олар әлі арнайы танымның нәтижесі болып табылмайды, бірақ күнделікті өмір қажеттіліктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, тұрғын үй салу, балаларды тәрбиелеу,
көкөністер жинау және басқалары) туады. Осы тектес білімдерге халық даналығын жинақтаған мақалдар мен мәтелдерді, салттар мен дәстүрлерді жатқызуға болады. Бұл білімдер ертедегі адамдардың өмірлік бағыт-бағдарларына айналған. Олар: ағашты қалай отырғызу керек, үйді қалай салуға болады, тамақ қалай әзірленеді, қойды қалай бағу керек, қайтіп гүл өсіруге болады деген сияқты тәжірибелерге үйрету, баулу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Алай- да оларды да ғылыми білімдерге жатқызу жөн бола қоймас. Ол білімдер адамдарға қажет болған заттар мен құбылыстарға сансыз көп тәжірибелер жасау, адамдардың мыңжылдықтар бойы әртүрлі жағдайларға бейімделуі нәтижесінде жинақталған.
Әртүрлі қиял-ғажайыптардың (мифтер), аңыздардың көркемделіп берілуі (шығармашылығы) арқылы алғашқы ата-бабаларымыз біздерге өздерінің бар өмірлік тәжірибесі, қиялдары мен еліктеуі, армандары жинақталған дүниетанымын, өзара және қоршаған ортамен қарым- қатынастарын жеткізді. Ал соларда белгілі бір білім бар ма? Сөз жоқ, бар! Тұрмыс-тіршілік мағынасындағы мәселелерді шешу үшін, біз оларға қайта-қайта жүгініп отырамыз, олардан шабыт алып, ата- бабаларымыздың даналығына сүйсінеміз.
Сонымен қатар кез келген дін бұл өмірде адамның қалай өмір сүруі керек дегенге қатысты белгілі бір білімдерден тұрады. Ғасырлар бойы адамдар өздерінің өмірлік бағдарламаларын іргелі діни ұстанымдардан тапқан жоқ па еді? Ал бүгінгі таңда, біздің «білім мен ғылым жоғары дамыған ғасырымызға» қарамастан, жүз миллиондаған адам өзінің болмыс-тіршілігінің мағынасын түсіну үшін дінге жүгініп жатқаны рас емес пе? Алайда діни білімдердің ғылыми білімдер еместігі де ай- дай анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет