б) материалистік үрдістер.
Үндістандағыдай, Қытайда да, рас, бұл қоғамдарда терең тамыр жаймаған материалдық үрдістер болған. Еске түсірсек, кейбір қытай философтарының ойынша, әлемнің негізінде өте ұсақ «ци» бөлшектері жатыр, олар бір-біріне тізбектеліп, табиғат денесін құрайды. «Егер рух жоқ болса, онда неге Құдайға жалбарынғаннан кейін жаңбыр жауа- ды?» – деген сұраққа олар: «Жаңбыр бұған дейін де болған, одан кейін де бола береді», – деп жауап берген.
Үндістанда әлем: жер, су, ауа, от және кеңістік деген бес тұрақты- лықтан тұрады деп есептеледі. Мағынасы жағынан қытайдың «циіне» жақын «пракрити» осы жерде пайда болған. Оның үш қасиеті (гуна) бар:
Саттва адамға білім мен бақыт әкеледі.
Раджас – ол адамды әрекет етуге итермелейтін құмарлық.
Тамас жалқаулықты, енжарлық пен ұйқыны қоздырады.
Материалистердің өмірлік бағдары өмірден тәндік-сезімдік ләззат алуға саяды. «Чарвак-материалистер» дегендер: «Осы өмірдегі бақытқа ұмтылатын боламыз! Бұл дүниеде ажалсыздық, мәңгі өмір сүру жоқ – өлгеннен кейін кез келген адам күлге айналады. Сонда ол бұл өмірге қалай қайтіп оралады?» – дейді. Солай ойлаудың нәтижесі олардың «басқа дүниені» қабылдамауына, осы өмірдің рақатын көруге шақыруына жеткізді: «Осы өмірде көңіл көтер және шарап іш! Ертең- ақ күлге айналасың және бұл өмірге қайтып оралмайсың».
Үнділердің материалистік философиясында бұл әлемнің екі баста- уын (дуализм) мойындайтын ағымдар болған. Олардың бірі – пракрити (материя), ал екіншісі – пуруша (жан). Екеуі де әуелден-ақ бастапқысыз және шексіз деректермен танылған.
Аталған ағымдардың жұртшылық алдында ерекше үлкен беделі болмағанын айтқан жөн. Негізінен, Ертедегі Шығыс философиясы идеалистік сипатта болды.
Ғылым бастауларының ежелгі грекияда пайда болуы және олардың еуропалық өркениеттің кейінгі дамуындағы маңызы
Ежелгі өркениет – бұл өндірістің құлиеленушілік тәсіліне негізделген ертедегі Грекия және Рим. Жайлы климат, жағалауды шайып жатқан жылы теңіздер, тұщы судың молдығы және басқалары теңіз сауда-саттығының, балық аулаудың, жер өңдеу мен кәсіптердің өркендеуіне, Ертешығыс өркениеттерінің (Мысыр, Парсы елдерінің) жетістіктерін қабылдауға себеп болды. Ертедегі гректер ой-қиялдары жетілген, бәсекелестікке бейім, талантты халық болды. Шамасы, дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер (полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар- ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін
өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі – енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген фило- софия болды. Ол, сөз жоқ, ертедегі гректердің бай мифологиясы- нан және «жеті данышпан» деп аталатындардың нақылынан бастау алады.
Соңғыларға таңылатын саны көп нақылдардың қатарына төмен- дегілерді жатқызуға болады. «Не қиын?» деген сұраққа Фалес: «Өзіңді тану», – деп жауап берді. Ал «Не оңай?» дегенге ол: «Басқаға ақыл үйрету», – деген жауап қайтарды. Ал: «Ең жақсы және дұрыс өмірді қалай сүруге болады?» – деген сұраққа оның жауабы: «Егер басқаларға кінә етіп артатын нәрселерді өзіміз істемесек...» – болған екен.
Хикаялар бойынша Фалес: «Бақытты адам – ол тәні сау, табиғаты бай, жаны ізгілікті адам; ата-анаңа қандай жарна салсаң, балаларыңнан сондайды өндіріп ал; сырт келбетіңді көрсетіп, мақтан етпе, жақсы істеріңмен көрін; арам жолмен байлық жинама; пікірдің ақылға қонымдылығын көпсөзділік дәлелдемейді», – дегендерді айтқан.
Әдебиетте Ежелгі Грекиядағы ғылым бастауларының пайда болуы б.з.д. VI-V ғасырларға – аталған өркениеттің гүлдене дамуы кезеңіне жатқызылады. Сонымен қатар VIII-VI ғасырларда Ежелгі Грекия сол кездердегі Шығыс елдеріне өте ұқсас болған. Он жерде сондай-ақ бай жер иеленушілер өмір сүрген, ал барлық билік аристократияның қолына шоғырланған. Ал қарапайым халықты айтсақ, оның халі тым мүшкіл еді: көпшіліктері ірі жер иеленушілерге қарыздар болудан көз ашпайтын.
Алайда билік басына солон патша келген соң, жағдай күрт өзгерді. Ол б.з.д. 594 жылы жер аристократиясынан зорлық-зомбылық көр- ген жұртшылықты қорғауға бағытталған ірі реформалар жаса- ды. борыштық құлдыққа тап болғандарды азат етті. Аса ауыр қылмыстарды қарау барысында тиісті шешімдер шығарылған кез- де, соттардың ісіне қарапайым азаматтар тартыла бастады (қазіргі соттардағы сот ісіне қатысуға сайланатын адамдар сияқты). Адамдар мүліктерінің көлеміне қарай бөлінетін болды, сондай-ақ отырық- шылық шартын (ценз) енгізу арқылы қоғамдық өмірдің (фратрия) ру-тайпа түрінде ұйымдастырылуына қатты соққы берілді. Осы мақсаттарда ел «навкрия» деп аталатын 48 аймаққа бөлінді. Кейіннен барлық осы ірі өзгерістер клисфен конституциясында (б.з.д. 509 жыл) бекітілді.
Нәтижесінде, демократияның азаматтық теңдік, сөз бостандығы, елдің барлық азаматтарының мемлекеттік лауазымдарды иелену құқы сияқты құндылықтары пайда болды. Адамдар шын мәнінде азат бола бастады: қоғам өмірінің, мемлекет өмірінің мәселелерін талқылауға белсенді түрде қатысты. Жоғары биліктегілер мен аристократтарға бас ию келмеске кетті. Осы факторлардың барлығы адамдардың та- ланттары мен дарындарын ашуға жеткізіп, қоғам оларды бірегейлігі, қоғамды жетілдіруге сіңірген еңбегі дәрежесіне қарай бағалай бастады. Бұл адамдардың патриоттық сезімін оятып, олар өздерін мақтанышпен эллиндер деп атайтын болды.
Әдебиетте дұрыс көрсетілгендей, жоғарыда аталып өткен түбегейлі өзгерістер темистен (Құдай заңдарынан) номосқа – адамдардың келісімдері нәтижесінде қалыптасатын адамдық заңдарға өтуге ықпалын тигізе отырып, іргелі құндылықтар мен нормаларды қайтадан бағалауға келтірді.
Оның үстіне, адамдық заңдарды адамдар: мәжбүрлі, талаптарын орындауға мәжбүрлейтін «жоғарыдан түсірілген» емес, пікірталастар, ерікті келісімдер нәтижесінде өздері қабылдаған, демек, адамдар олардың өктем бұйрықтарын орындаудың ауыр жүгін көтермейтін заңдар деп қабылдай бастады. Осындай әлеуметтік шектерде адам өз идеяларын дәлелді түрде басқаларға жеткізуге ұмтылатын, олар- ды қоғам алдында қорғап шығатын жағдайлар туады, бірақ ол үшін сөз шешендігі, қисынды сендіру, сын айта білу, басқа адамның көзқарастарының орынсыздығын көрсете алу сияқты қасиеттер қажет. Әрбір адам өзінің өмірлік тәжірибесіне, алған білімдерінің жиынтығына сүйеніп, бір немесе басқа мәселеге қатысты өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады. Гректер шындық – ол беделділердің, «бұл дүниенің мықтыларының» «қызы» емес, ақылмен, өзінің түбегейлі негіздемесін талап ететін дәлелді жолмен келетін құндылық екеніне бірте-бірте сене бастады. Ал бұл, шын мәнінде, ғылымның негізгі құндылықтары болып табылады. Демек, сол уақыттың әлеуметтік шарттары ертедегі грек ғылымы бастаулары пайда болуының алғышарттарын құрған.
Алайда ертедегі грек ғылымының Шығыстың жеткен жетістіктерінен аса ұзап кете алмағанына ерекше назар аудару ке- рек. Оның себебі бұл екі өркениеттің де өндірістің құлиеленушілік тәсіліне негізделгенінде болды. Ежелгі Грекияда еркін адамдар дене еңбегінен қашатын, ол тек құлдардың мойнына түскен жүк болды. Сол себепті олар (гректер) еркін ақыл-ой қызметімен ғана айналысып,
еңбек құралдарын пайдалануға, оларды жетілдіруге аса көңіл аудара қоймады. Ақыл-ой қызметін олар ғылым деп атап, қалғандарының барлығын «техне», яғни кәсіптің, өнердің қатарына қосты. Әдебиетте жазылғандай, шығармашылық қызметтің «материямен» (сәулет, мүсін) байланысты күрделі түрлеріне де олар жеккөрушілікпен қарап, кәсіпке жатқызды. Міне, сол себепті де ежелгі гректер Фидий, Поликлет, Пракситель сияқты ертедегі грек өнерінің алыптарын кәсіпшілер са- нап, оларға жоғарыдан, менсінбей қараған. Бұндай жағдай ақылмен пайымдауға, әлемді жалпылама ойлау арқылы ғана қол жететін әлдебір үйлесімді тұтастық деп қарауға жеткізді. Міне, сондықтан да олар Шығыс ғалымдарына да осылай жоғарыдан қараған, ал олар, керісінше, нақты өмірдің мұқтаждықтарына сүйенуге, іс жүзінде пайдалануға бо- латындай бір нәрсе жасауға тырысты. Ол туралы ертеде Плутарх та өзінің «Салыстырмалы өмір сипаттары» еңбегінде жазған-ды.
Айтылғандарды қорытындылай және мәселені нақтылай келе, Шығыста сияқты, Ежелгі Грекияда да ғылым бастаулары нақты өмір қажеттіліктерінен пайда болған деп айтуға болады. Алғашқы математикалық ұғымдар жер өлшеуге, әртүрлі материалдарды өңдеуге байланысты болды. Олардың қарапайымдығы соншалықты, ұрпақтан- ұрпаққа ауызша және көрсету жолымен беріліп отырды. Қисынды дәлелдеу жолымен негізделген әлдебір мәтіндер іспетті арифметика мен геометрия әлі пайда бола қойған жоқ еді. Кейіннен грек рухы ол жұмысты атқарып шықты. Егер бір ғалымдар оны Фалестің атымен байланыстырса, ал екіншілері Демокриттің атымен байланыстырады (қараңыз: С.А.Лебедев. Философия науки. – М.: Академический про- ект, 2006. – 52-бет). Бірақ бір нәрсе анық: олардың екеуі де алғашқы математикалық мәтіндерді құрды, оларда теориялық тұрғыда қисынды дәлелділік бар, яғни олардың есімдерін ертедегі грек ғылымының бастаушылары деп қарауға болады. Олардың қатарына: әлемнің негізін құрайтын сандар, денелердің сәйкестігі (пропорциясы) туралы түсініксіз (жұмбақ) ілім құруға, табиғат құбылыстары мен заңдарының жасырын мағынасына енуге әрекет еткен пифагоршыларды да жатқыза аламыз.
Милетте (Кіші Азияда) алғаш рет бастапқы бастау-көзді (архэ) іздестіруге бағытталған философиялық идеялар пайда бола бастады, өйткені әлемді мифологиялық түсіну енді сол заманның ойшылдарын қанағаттандыра алмайтын болды, ал олар өз ақылдарымен әлемнің негізіне, түп-қазығына жетпек, олардың пікірінше, ол негіз сезіммен қабылдануға, кең таралуға, аса сапалы болуға тиіс. Сондай деп Фа-
Достарыңызбен бөлісу: |